Accessibility links

Енді біраз қаржы болса, кішкентай Диханға операция жасатуға мүмкіндік туады


Ата-анасының ендігі бар арман-үміті қаржы тауып, екі жасар Дихан Торғаевқа Израильде операция жасату (жеке мұрағаттағы сурет).

Ата-анасының ендігі бар арман-үміті қаржы тауып, екі жасар Дихан Торғаевқа Израильде операция жасату (жеке мұрағаттағы сурет).

Израилде жасалатын ауыр операцияға мұқтаж бала Дихан Торғаев өмірінің екінші жылына да аяқ басты. Сәбидің туған күніне орай неміс қоры оның еркін тыныстауы үшін жасалатын операцияға деп 10 мың еуро ақша бөлді.

Павлодар облысының Екібастұз қаласында тұратын Дихан Торғаевтың ата-анасының қуаныштан жүректері жарылардай күйде, енді шамалы ғана ақша жиналса болғаны, олар ұлдарына операция жасатуға Израилге бара алады. «Ein Herz fur Kind» («Жүрек бала үшін») неміс қорынан жақсы хабар алған Ғалия және Махамбет Торғаевтардың кеудесін шаттық кернеді, ал кішкентай Дихан титтей алақандарын шапалақтап қуанды. Бұл қор 24 қазанда, баланың туған күніне орай, оған сыйлық ретінде 10 мың еуро бөлді.

– Соңғы екі жылда қуаныштың не екенін ұмытқан едім, мынау болса, мен үшін Дихан дүниеге келгендегі қуанышымнан кейінгі екінші қуанғаным болды. Әрине, мен күнде Диханның әрбір қылығын тамашалаймын, қуанамын, бірақ, мынау мен үшін айрықша шаттық
Бүкіл туыстарыма хабарласып, қуанышыммен бөлістім, Диханның әкесін бетінен сүйіп алдым, Дихан да әрі-бері жүгірді, қол шапалақтады, анасының қуанышына қарап, бәлкім, бірдеңе түсінген болар.
болды. Бүкіл туыстарыма хабарласып, қуанышыммен бөлістім, Диханның әкесін бетінен сүйіп алдым, Дихан да әрі-бері жүгірді, қол шапалақтады, анасының қуанышына қарап, бәлкім, бірдеңе түсінген болар, – дейді Ғалия Торғаева Азаттық тілшісіне.

Естеріңізге сала кетейік, кішкентай Диханның қолқа-өкпе жүйесінің дамуында туа бітті ақау – трахеобронхомаляция, дауыс шымылдығының параличі бар. Дихан өмірінің алғашқы үш айында жасанды тыныстату аппаратында жатты. Одан соң хирургиялық жолмен оның тамағына трахеотомиялық түтікше орнатылды, ол әлі күнге соның көмегімен тыныс алып келеді.

Дихан Торғаевтың өздігінен тыныс алуы және сөйлеуі үшін оған операция жасалуы керек. Қазақстанда ондай операция жасалмайды, Ресейде жасөспірімдерге ғана жасалады. Ондай операцияның Израилде жасалатынын анықтаған Диханның ата-анасы сол елге Диханның мәліметтерін жолдаған болатын.

Израилдік клиника дәрігерлері балаға операция жасауға келісім берді, бірақ, жол жүруге және операция жасатуға бұл отбасы үшін қомақты қаражат керек. Осы аптада Диханның анасына израилдік клиникадан хабарласып, операция үшін 35 мың доллар емес, енді 30 мың доллар қажет екенін айтқан.

– Ол хат маған жуырда ғана келді, Израилден жолданған. Олар қосымша хат жазып, қате кеткенін айтты, сол себепті, алдыңғы хатта операцияға керекті сома дұрыс көрсетілмегенін түсіндіріп, кешірім сұрады. Енді бізге 35 мың емес, 30 мың АҚШ долларын жинау керек, – дейді Диханның анасы Ғалия Торғаева.
Денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсың деп жатамыз ғой, бірақ, өмір маған керісінше дәлелдеуде: баламның денсаулығы дәл сол ақшаға тәуелді болып отыр. Бүгінде бәрі қаржыға байланысты.

«Ein Herz fur Kind» атты неміс қоры Диханның туған күніне орай израилдік клиникаға 10 мың еуро аударғанын естігенде Диханның анасы Ғалия Торғаева бүкіл неміс халқына алғыс айтқандарын жеткізді.

– Диханның әкесі де қуанды, бірақ, оның қуанышынан гөрі уайымы басым: ақшаны қайдан табарын білмейді. Денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсың деп жатамыз ғой, бірақ, өмір маған керісінше дәлелдеуде: баламның денсаулығы дәл сол ақшаға тәуелді болып отыр. Бүгінде бәрі қаржыға байланысты. Ақша түссе, бірдеңесі болады, – дейді Ғалия Торғаева.

Азаттық радиосы бүлдіршін Диханның тағдыры жайында бұған дейін жазған болатын, оның анасы біздің веб-сайт арқылы көмек көрсетуімізді сұраған еді. Ғалия Торғаева біздің веб-сайт – www.azattyq.org – арқылы өздерінің үндеулеріне құлақ асып, ақшамен не телефон арқылы оған жанашырлық танытып, жылы сөзбен көмектескен жандардың бәріне алғыс айтады. Мәселен, Торғаевтар отбасының шотына бір күнде 33 мың теңге және 100 доллар түскен. Енді шамалы ғана жетпей тұр, Торғаевтар Диханның жағдайы туралы естіген ауқатты адамдар жәрдем беретін шығар деп үміттенеді.

Диханға Израилде үш ай жатуға тура келеді. Бұл – өте күрделі операция. Операциядан кейін бала екі аптаға жуық балаларға арналған жан сақтау бөлімінде медицина қызметкерлерінің үздіксіз бақылауында болады. Операция осы жылдың қарашасына дейін жасалу керек.

Дихан Торғаевқа қол созамын деген жан болса, қайырымдылық көрсетуге әлі мүмкіндік бар. Бүлдіршінге жәрдем бергісі келетіндер төмендегі реквизиттер бойынша ақша жіберулеріне болады.

Дихан Торғаев үшін веб-мани:

U203174074383
E390476178564
R472536602524
Z179885508190

Дихан Торғаев үшін Яндекс-әмиян:

41001323827976

Теңгемен ақша аудару үшін:

«Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының Екібастұздағы бөлімі
РНН 451600039542
БИК 193201737
Алушы: ТОРҒАЕВА ҒАЛИЯ ҚАТАЕВНА
РНН 450420016234
ИИК теңгелей шоттың № 032759931
Экономика секторының коды 9

Шетел валютасымен (АҚШ доллары) ақша аудару үшін:

АО Евразийский банк Алматы қаласы
РНН 600900063755
БИК 190501948
ИИК 082870118
шот № 4057091510003745
Алушы: ТОРҒАЕВА ҒАЛИЯ ҚАТАЕВНА
РНН 450420016234

Торғаевтар отбасының пошталық мекен-жайы:

Индексі: 141208
Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
Энергетиктер көшесі, 69 үй, 89 пәтер.

Ұялы телефон: +007-701-580-08-82
Пәтер телефоны: (+007-7187) 33-08-51

Электронды адрес: torgaeva2009@mail.ru

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG