Accessibility links

«Азат Еуропа / Азаттық» Радиосының басшысы журналист Ермек Болтайға жасалған шабуылды дереу тергеуге шақырды


«Азат Еуропа / Азаттық» Радиосының президенті Джеффри Гедмин.

«Азат Еуропа / Азаттық» Радиосының президенті Джеффри Гедмин.

«Азат Еуропа / Азаттық» Радиосының президенті Джеффри Гедмин Қазақстан үкіметін Азаттық радиосының тілшісі Ермек Болтайды соққыға жыққандарды анықтау үшін дереу тергеу жүргізуге шақырды.

Джеффри Гедмин Қазақстан келесі жылы Еуропадағы адам құқығын қорғайтын басты ұйым – ЕҚЫҰ төрағасы міндетіне кірісетінін атап өтті.
Тосын оқиға қаңтардың 18-і күні кешке Алматыда, Азаттық радиосының мультимедиа-редакторы Ермек Болтайдың үйінің алдында болды. Бір топ жас адамдар Ермекті соққыға жығып кеткен, оның жеке заттарын алмаған. Бұл соңғы айда Қазақстанда тәуелсіз журналистерге қарсы жасалған екінші, ал биылғы жылы «Азат Еуропа / Азаттық» Радиосының Орталық Азия елдеріндегі журналистеріне жасалған төртінші шабуыл болып отыр.
«Талантты және болашағынан зор үміт күттіретін тәуелсіз журналист ретінде, Ермек Болтай Қазақстан келешегінің бейнесі іспеттес. Өз кәсібін атқарғаны үшін Ермекті соққыға жығу тек біздің радиомызға қарсы ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы баспасөз бостандығы мен прогреске қарсы жасалған шабуыл болуы мүмкін», - деді «Азат Еуропа / Азаттық» Радиосының президенті Джеффри Гедмин.
2008 жылдың сәуір айында интернетте монополиялық үстемдікке ие болып отырған Қазақстан үкіметінің бақылауындағы «Қазақтелеком» компаниясы «Азат Еуропа / Азаттық» Радиосының ағылшын және қазақ тілдеріндегі веб-сайттарын жеті апта бойы тұмшалап қойды. Тек халықаралық қауымдастықтың араласуымен ғана веб-сайттарға тосқауыл алынды. Бірқатар оппозициялық ұйымдардың веб-сайттары әлі күнге дейін тосқауылда қалып отыр.
XS
SM
MD
LG