Accessibility links

Еуразиялық банктің бұрынғы басшысы Жомарт Ертаев өзін жұмыстан кетірген агенттікпен соттаспақшы


 Жомарт Ертаев, Еуразиялық банктің бұрынғы басқарма төрағасы. Алматы, 8 шілде 2009 ж.
Жомарт Ертаев, Еуразиялық банктің бұрынғы басқарма төрағасы. Алматы, 8 шілде 2009 ж.

Қазақстанның қаржы жүйесінде тағы бір шудың құлағы қылтиды. Шілденің 8-і күні Еуразиялық банктегі әріптестерімен бірлесіп Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген осы банктің бұрынғы басқарма төрағасы Жомарт Ертаев қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігімен соттасатынын мәлімдеді.

Бұдан бұрын Жомарт Ертаев қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігі төрағасының бұйрығымен Еуразиялық банктің басқарма төрағасы қызметінен алынған болатын. Агенттіктің бұл шешімін заңсыз деп таныған Жомарт Ертаев кәсіби біліктілігі мен ар-ожданын және азаматтық құқығын қорғау үшін агенттіктпен соттаспақ.

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігінің Жомарт Ертаевты босату жөніндегі бұйрықта Жомарт Ертаевтың 2002-2007 жылдары «Алянс» банкін басқарған кезде банк ісі туралы заңды бұзған және агенттікке күмәнді есеп-қисап ұсынған делінген.

Ал, Жомарт Ертаев агенттік заңның бұзылғанын әрі есептің күмәнді екенін «Алянс» банкін басқарып тұрған кезде неліктен айтылмағанына және мұндай жағдай болса, ол агенттіктің аралық тексерулері кезінде неге анықталмағанына түсінбейтінін таңданыспен жеткізді. Ол сондай-ақ, қалыптасқан жағдайдың мән-жайын ашып алу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігінің төрағасымен кездесуге талпынғанымен ол әрекетінен ешнәрсе өнбеген.

Жомарт Ертаевтың айтуынша, агенттіктің шешімі еш негізсіз. Оның сөзіне қарағанда, әуелі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігі Еуразиялық банктің директорлар кеңесіне Жомарт Ертаевты қызметтен босату туралы хат жолдаған. Бірақ, директорлар кеңесі басқарушыны нақты дәлел болса ғана қызметтен кетіретіндерін айтқан. Ал, агенттік ешқандай айғақ ұсынбастан, қызметтен босатқан. Сонымен қатар, Жомарт Ертаев баспасөз мәслихатында, банк ісі туралы заңды бұзбағанын әрқашан өзінің кәсібіне адал болғанын айта келіп, агенттік өз бұйрығын кері қайтарып алғаны дұрыс болар еді деді.

Дәл осы күні Қазақстанның ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко Жомарт Ертаев қаржылық алаяқтық жасаған деген күдіктіге айналуы мүмкін екенін әрі оның ісі прокуратураға берілгенін мәлімдеді.

«Жағдай дамып барады. Менің түсінігіміше, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігінің «Алянс» банкінің бұрынғы басшысына деген ұстанымы өте күрделі сияқты. Ал, қазір іс прокуратураға жіберіліп, бұл іс құқық қорғау орындарына өтіп кеткендіктен ендігі істің мәні тергеуде анықталады. Адамдардың кінәлі и жазықсыз екенін сот шешеді. Сондықтан бұл жерде бәлен деп бір нәрсені кеісп айту болмас», - деді Григорий Марченко сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Қайрат Бекетов, Еуразиялық банктің жаңадан тағайындалған басқарма төрағасы. Алматы, 8 шілде 2009 жыл.
Бірақ Жомарт Ертаев құқық қорғау орындары мен прокуратурадан өзіне қатысты ешқандай әрекет жасалмағанын әрі ешбір кездесу болмағанын айта келіп, былай деді:

«Ұлттық банктің төрағасы ретінде Григорий Марченко менің ісімнің прокуратураға жіберілгенін қайдан біледі? »

Осылай деген Жомарт Ертаев Григорий Марченконың мәлімдесін орынсыз деп атап көрсетті.

Сондай-ақ, қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігі төрағасының бұйырығымен Жомарт Ертаевтың орынбасары қызметін атқарған Алексей Агеевте қызметінен босатылған болатын. Енді Алексей Агеев те агенттікпен соттаспақ.

Бір айта кетерлігі, Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың әрекеттерін БТА банкінің бұрынғы жетекшісі Мұхтар Әблязов те бірнеше рет сынға алған болатын. Мұхтар Әблязов үкімет БТА банкіне кіргеннен кейін Қазақстан кетіп қалған болатын. Ол БТА банкінің төңірегідегі дағдарысқа ел президенті Назарбаевқа жақын адамдарды, соның ішінде Григорий Марченконы да айыптаған еді.

Ал, Жомарт Ертаев елден ешқайда кетпейтінін әрі өзінің кәсіби біліктілігіне келген нұқсанды қалпына келтіруге бар күшін салатынан айтып отыр.

Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің мүшесі Борис Уманов, заңды құрметтейтіндіктен мемлекеттік мекеменің бұйрығын орындауға мәжбүр болғандарын айта келіп, Жомарт Ертеавтың басқаруы кезінде Еуразиялық банк дамуға бет алғанын атап өтті.
XS
SM
MD
LG