Accessibility links

Холокост құрбандары неміс темір жол компаниясынан өтемақы талап етуде


Польшадағы нацистік концлагерь тұтқындары. Холокост мұражайындағы сурет.

Польшадағы нацистік концлагерь тұтқындары. Холокост мұражайындағы сурет.

Польшадағы бұрынғы нацистік концлагерлердің тұтқындары Германияның мемлекеттік темір жол компаниясынан өздеріне өтемақы төлеуді талап етіп жатыр. Олардың пікірінше, фашистік Германияның режимі келтірген залалы үшін компания бұларға ақы төлеуі тиіс.


ОСВЕНЦИМГЕ ДЕЙІНГІ БИЛЕТ ҚҰНЫ

Польшада тұратын және осы елден айдалып барып нацист концлагері тұтқыны болған адамдар бүгінде Германияның мемлекеттік темір жол компаниясының оларға өтемақы төлеуін талап етіп отыр, деп жазады «Таймс» басылымы.

Аталған темір жол компаниясы бұдан былай өзінің бизнесін Польша аумағында да іс жүзіне асыратынын таяуда жария еткен еді. Екінші
Польшадағы Холокост мұражайындағы сурет.
дүниежүзілік соғыс болып жатқан кезде Германияның сол уақтағы мемлекеттік темір жол компаниясы өз пойыздарымен миллиондаған адамды гитлерлік концлагерлерге тасымалдаған болатын.

Бүгінге дейін көзі тірі шамамен 7 мыңдай концлагерь тұтқыны немістің мемлекеттік темір жол компаниясының олардың дәрігерлік көмек алуға қатысты есебінің құнын төлеп, қаражат аударуын талап етуде. Аталған бұрынғы тұтқынның бәрі қазір зейнеткер.

Олардың пікірінше, аталған Германия темір жол компаниясының іс-әрекеті аясының кеңеюі мұндай шараға мүмкіндік беруі тиіс. Себебі, компания бизнесінің өсуі оның кірісінің де өсуіне жол ашады, дейді олар.

Германия кәсіпорыны іс-әрекетінің аясының өсуі, биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап Еуропа аумағында темір жол компаниялары арасындағы бәсекелестікті реттеудің тоқтатылуынан соң мүмкін болып отыр, деп атап көрсетеді «Таймс».

Немістің мемлекеттік темір жол компаниясы «Райхсбанның», яғни екінші дүниежүзілік соғыс жылдары жұмыс істеген Герман мемлекеттік темір жол компаниясының мұрагері болып табылады. Соғыс жылдары Райхсбан жол жүргені үшін концлагерлерге тасып апарған жолаушыларына да билет құны үшін ақша төлеуге мәжбүр еткен еді. Ол лагерь арасында Освенцим де бар болатын.

«ЕСКЕ АЛУ ПОЙЫЗЫ»

Сөз боп отырған Германия үкіметінен өтемақы төлеуді өтіну Холокост құрбандары тарабынан көтерілген соңғы осындай талап болып отыр. Олардың саны үсті-үстіне азайып бара жатыр. Польшаның үкіметі Берлинге қатысты өтемақы төлеу туралы талап қою мәселесін ресми түрде 2004 жылы жапқан болатын, деп түсінік береді ахуалға басылым.

«Неміс мемлекеттік темір жол компаниясы біздің елде пайда таппақшы, – дейді 85-жасар Станислав Залевски. – Біз оның көмек ретінде
Польшадағы Холокост мұражайындағы сурет.
концлагерь тұтқындары мен күштеп қара жұмыс істету құрбандарына қаржы төлеуін қалаймыз».

Станислав Залевски Польшадағы Гитлер түрмелері мен концлагерлері саяси тұтқындары қауымдастығының басшысы. Ол кезінде Освенцим концлагерінде қамауда болған.

Өтемақы төлеу жөніндегі талапты немістің «Еске алу пойызы» ұйымы да қолдауда. Аталған ұйымның басты мақсаты – нацистер күштеп жер аударған үш миллиондай адамның тағдырын кейінгі ұрпақ жадында мәңгі қалдыру болып саналады.

Осы ұйымның есебіне қарағанда, Еуропа аумағында жолаушы таси отырып, немістің Райхсбаны бүгінгі айырбас бағамы бойынша мөлшермен 450 миллион еуро қаражат тапқан екен.

Ұйым өзінің зерттеуіне сүйене отырып, жолаушыларды Освенцим тәрізді ажал лагерлеріне дейін жеткізу рейстерінің бағасы әлдеқайда қымбат болғанын айтады.

«Неміс Райхсбаны нацист режимінің мемлекеттік көлік жүйесі болды, демек депортациялауды іс жүзіне асырған осы мекеме. Сол себепті, оның мұрагері бүгінгі Германия мемлекеттік темір жол компаниясы болып табылады (әрі оның қарызының де мұрагері осы)», деп мәлімдеп отыр аталған ұйым.

ТОТАЛИТАРИЗМ ҮШІН ТӨЛЕМ

Германия мемлекеттік темір жол компаниясының вебсайты осы аталған компанияның еңсені езер өткенінен бас тартып отырған жоқ, деп жазады «Таймс».

Өз сайты арқылы компания былай деп мәлімдейді: «Неміс Райхсбаны Холокостқа тіке ат салысты, себебі ол көптеген адамдарды жер аударумен айналысты. Темір жол арқылы тасымалсыз еуропалық еврейлер мен сығандарды жүйелі түрде қырып-жою мүмкін болмас
Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні қарсаңында еврейлер Варшава геттосының алдында құлшылық жасап тұр. Варшава, 26 қаңтар 2006 жыл.
еді. Бүкіл Еуропа аумағы бойынша нацистік өлім лагерлеріне үш миллиондай адам тасымалданды».

Германияның темір жол компаниясы күні бүгінге дейін жер аударылғандардың өтемақы төлеу жөніндегі талабына жауап беруден бас тартып келеді.

Дегенмен, осы ұйым өзінің Германия өнеркәсібі мекемелері құрған қорды қолдайтынын жария еткен еді. Бұл қор күштеп қара жұмыс істету құрбандарына көмек беру үшін құрылған болатын, деп атап көрсетеді басылым.

Германияның темір жол компаниясының өкілі былай деп мәлімдеді: «Герман темір жолы» акционерлік қоғамы неміс Райхсбанының құқықтық мұрагері болып табылмайды. Алайда, Герман темір жолы» өзінің тарихи жауапкершілігін толықтай сезінді. Осы себептен, біздің ұйым «Есте сақтау, Жауапкершілік және Келешек» қорының аясында іс жүзіне асырылып жатқан түрлі жобаға қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар, біздің ұйым басқа жобаларға да атсалысып келеді».

Марго Кляйнбергер 1942 жылы, 11 жасар кезінде Терезинштадт концлагеріне айдалған болатын. Ол: «темір жолмен тасымалсыз бұл мүмкін болмас еді», дейді.

«Таймс» басылымының дерегіне қарағанда, Герберт Шенкман жаспөспірім бозбала уағында лагерге жер аударылған екен. Ол бұл айтылғанға мынадай пікір қосады: «Бұл жерде сөз заттай өтемақы төлеу туралы ғана болып отырған жоқ. Бұл жерде сөз, моральдық жауапкершілікті мойындау жайлы да болып отыр».

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG