Accessibility links

Өзекті мәселеде мешіттен келелі кеңес ала алмаған жастар исламшыл топтарға қосылады


Мешіттегі жұма намазына жығылған жас пен қария. Ош, Қырғызстан, 15 мамыр 2009 жыл.

Мешіттегі жұма намазына жығылған жас пен қария. Ош, Қырғызстан, 15 мамыр 2009 жыл.

Орталық Азиядағы билікке жақын имамдар қоғамдағы өзекті саяси және әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдарға жауап беруге қауқарсыз болып отыр. Жастар іздегенін бейресми діни топтардан табуда.


БИЛІК ПЕН ДІНДАРЛАР

Ташкенттегі мешіттің имамы Анвар Қори Турсунов теледидардан сөйлеген сөзінде «Ислам – ғылым-білім мен мейрімділік және даму діні, алайда кейбіреулер оны бұрмалап, өз пайдасы үшін пайдалануда» деп мәлімдеді. Бұл мәлімдемесі арқылы Турсунов Өзбекстан билігінің қолдауына ие болып отыр, себебі оның сөздері тек исламның жауларына ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің дұшпандарына да қарсы бағытталған еді.

Бұрынғы коммунистік Орталық Азия аймағында дін қайта жандана бастады. Совет одағы ыдыраған соң жаңадан құрылған тәуелсіз
Көкілдаш мешітінің наиб-имамы Анвар Қори Турсунов (оң жақтан екінші). Ташкент, 3 тамыз 2009 жыл.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдері өздерінің ислами тамырларына оралды. Аймақ үкіметтері ресми түрде бекітілген ислам дінін алға тартып, халыққа ықпал ету мақсатында Турсунов сияқты діни тұлғаларды пайдалануда.

Шетелдегі әртүрлі исламшыл топтар аймақтағы негізінен суннит мұсылмандары боп табылатын 50 миллионға жуық халықты бақылай отырып, оларды өз қатарларына тартуға әрекеттенді. Бұл өз кезегінде ресми тіркелген мешіттерде Турсунов сияқты уағыз айтатын имамдар үшін үлкен проблемаға айналды.

Вашингтонда орналасқан Хадсон институтының еуразиялық саясат бойынша орталығындағы ғылыми қызметкер Зейно Баранның мәлімдеуінше, Орталық Азия үкіметтері мұндай діни топтарға дайын емес еді.

«Орталық Азия исламшыл топтар үшін мықты жер болды. Бұл аймақтағы үкіметтердің басым бөлігі, олардың ішінде Өзбекстан, барлық исламшыл топтардың бірдей емес екенін түсінбейтін. Олар кей топтардың радикалды болуын немесе саяси идеологиясы бар екенін біле бермейтін», – дейді Баран.

Кейін бірте-бірте Орталық Азия мемлекеттері басқа сыртқы топтардың үнін өшіру үшін исламның ресми түсіндірілуін күшейте бастады. «Хизб ут-Тахрир», «Таблиғи Жамаат», «Салафия», «Нурчилар» мен тағы басқа топтарға тыйым салынды. Дегенмен Орталық Азияда
Қырғызстан діни басқармасының бас мүфтиі Мұраталы-Қажы Жұманов.
мұндай топтарды қолдайтындардың саны көбейіп отырған көрінеді, себебі аймақтан тыйым салынған топтардың мүшелері қамауға алынуда деген хабарлар жиі келіп түсіп жатады.

Қырғызстан діни басқармасының бас муфтиі Мұраталы қажы Жұманов шетелдік исламшыл топтармен күресу қажет дейді.

«Мұндай топтардың халық арасында жүргізетін идеологиялық насихаты үлкен проблема боп табылады. Біз оның алдын алып, тәртіпті сақтауымыз керек. Әйтпесе кейін проблемалар болады», – дейді Жұманов.

Орталық Азияда Жұманов пен тағы басқа мемлекеттік діни тұлғалар негізінен исламның дәстүрлі Ханафия жолын ұстанып, осы бойынша уағыз айтады.

БИЛІКТІҢ ЫҚПАЛЫНДАҒЫ МЕШІТТЕР

Кезінде Тәжікстанның жоғарғы имамы болған Акбар қажы Туражонзоданың айтуынша, Тәжікстанда мемлекет пен мешіттерде уағыз айтатын имамдардың арасында нақты байланыс бар.

«Имамдардың шамамен 90 пайызын үкімет пен жергілікті ресмилер сондай-ақ қауіпсіздік қызметінің кеңселері тағайындайды. Үкімет осы имамдар арқылы мешіттерді бақылайды», – дейді Туражонзода.

Бүкіл Орталық Азиядағы мешіттерде мемлекеттің ықпалы байқалады. Күніне бес рет намаз оқитын және жұма күндері мешітке барып
Қажы Акбар Туражонзода.
тұратын қырғыз азаматы Құдраттың айтуынша, ресми діни тұлғалар қалаған ойларын еркін айта алмайды.

«Имамдарымыз тек шектеулі ғана нәрселерді айтады. Біз саясатты да үйренуіміз керек», – дейді ол.

Саясат пен дін бойынша тәжік сарапшысы Қосими Бекмухаммад Құдраттың пікірімен келіседі.

«Мемлекеттік имамдар маңызды тақырыптар мен бүгінгі және ертеңгі проблемалар туралы айтудан қашады. Олар осыдан 500 жыл бұрынғы тақырыптарға назар аударады», – дейді Бекмухаммад.

Оның айтуынша, қазіргі заманның мәселелері дұрыстап көтерілмегендіктен Орталық Азиядағы мемлекеттік исламның жағдайы мықты емес. Сонымен қатар Бекмухаммад аймақтағы әлеуметтік жағдайға байланысты кей жастар сырттан келген исламшыл топтарға, олардың ішінде зорлық-зомбылықты қолдайтын ұйымдарға қосылуда деп атап көрсетті.

«Барлық жастар емес, олардың кейбірі астыртын исламшыл топтарға қосылады. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден олар әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты солай жасайды. Жұмыс орындары жоқ. 15 жылдан бері елімізде осындай проблемалар бар. Жастардың көңілі қалған», – дейді Бекмухаммад.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПІКІРІ

Мемлекеттік имамдардың өздері Орталық Азияда ресми ислам мен зайырлы билік арасында байланыс болуы керек дейді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз-хатшысы Оңғар қажы Өмірбек. Атырау, 11 сәуір 2009 жыл.

Мәселен Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек былай деп мәлімдеді:

«Ата заңымыз бойынша, мемлекет пен дін бөлек деп көрсетілген. Ал шын мәнінде, адам баласының жаны мен тәнін екіге бөлуге болмайды ғой, тән мен жан әрдайым бір. Адамның бүкіл санасы, ділі, діні – оның болмысы ғой. Оны біз бір-бірінен айырып ала алмаймыз. Сол сияқты дінді мемлекеттен бөліп алу мүмкін емес».

Оңғар қажы Өмірбектің айтуынша, мемлекет исламға ықпал етіп жатқан жоқ, керісінше, ислам саясаткерлерге ықпал етуде.

«Құдай сақтасын, ондай нәрсе жоқ. Қайта ел басымыздың өзі бас болып, туған жері Шамалғанда үлкен мешіт салды. Бұл кісінің үлгісімен қаншама қалталы азаматтар, керек болса қала, облыс, аудан әкімдерінің өздері бірнеше мешіт салып жатыр», – дейді Оңғар қажы Өмірбек.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG