Accessibility links

Жол полициясы басқармасының қызметкері пара алған деген күдікпен ұсталды


Алматы көшесіндегі аутокөлік қозғалысын бақылап тұрған жол полициясының қызметкері. Маусым, 2008 жыл.

Алматы көшесіндегі аутокөлік қозғалысын бақылап тұрған жол полициясының қызметкері. Маусым, 2008 жыл.

Қарағанды қаласында жол полициясы басқармасының қызметкері қала көшелерінде ғана емес, өз қызмет бөлмесінде де пара алумен айналысқан деген күдікпен ұсталып, тергеу абақтысына жабылды.

Әкімшілік тәжірибе инспекторы, жол ережесін бұзып жаяу жүрушіні соғып кеткен азаматқа қатысты қылмыстық істі қозғамау туралы қаулы шығару үшін пара сұраған. Алайда көлік жүргізуші соғып кеткен азаматтың айтарлықтай жарақат алмағандығы және жол көлік оқиғасына оның өзінің кінәлі екендігі себепті полиция қызметкеріне пара беруден бас тартады.

Полиция инспекторы бұл жайттарға қарамастан көлік жүргізушісін егер 25 мың теңге алып келмесең қылмыстық іс қозғап жіберемін деп қорқытып, үркіткен. Амалы қалмаған көлік жүргізушісі қылмыстық істің қозғалмауы үшін пара беруге келіседі. Бірақ әділетсіздікке шыдамаған ол өкілетті органдарға да шағымданған.

Қарағанды облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының бөлім бастығы Игорь Пушкаревтің айтуынша, жол-көлік оқиғасында жүргізушінің кінәсі болмағандығы тексеру жұмыстары барысында анықталған. Ал соның өзінде де жүргізушіге қысым жасап пара сұраған жол
Игорь Пушкарев, Қарағанды облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы. Қарағанды, қыркүйек, 2009 жыл.
полициясы басқармасы қызметкеріне қатысты пара беру ісі бойынша арнайы операция жүргізілген.

- Қыркүйектің 9-ында облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қалалық ішкі істер басқармасына қарасты жол полициясы бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе бөлімінің инспекторын 25 мың теңге мөлшерінде пара алып жатқан жерінен ұстады. Сол күні ол уақытша қамауға алынды, - деді ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының бөлім бастығы Игорь Пушкарев.

Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз хатшысы Дәулет Ысқақовтың айтуынша, жыл басынан бері мұндай факт алғаш рет тіркеліп отыр. Ол осы жылы тіркелген жемқорлыққа қатысты қылмыстар тек жол полициясы қызметкеріне жүргізушінің пара беруі бойынша болған дегеннен басқа ақпарат берген жоқ.

Пара алу үстінде құрықталған жол полициясы қызметкері қылмыстық кодекстің “Сыбайлас жемқорлық туралы” бабы бойынша айыпталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG