Accessibility links

Қостанай облысында өрт өршіп тұр


Маусым айындағы өрт Науырзым қорығында 900 гектар орман аралас алқапты жалмады. Қостанай облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің суреті.

Маусым айындағы өрт Науырзым қорығында 900 гектар орман аралас алқапты жалмады. Қостанай облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің суреті.

Қостанай облысында жыл басынан бері 2181 өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жаудан 24 адам қаза тапқан.

ТІЛСІЗ ЖАУ МЕЗГІЛСІЗ АЖАЛҒА СЕБЕПКЕР

Маусым айының соңында Қостанай қаласындағы Сұлтан Баймағамбетов атындағы көшеде орналасқан жекеменшік тұрғын үй от құшағына оранып, жабық үйде қалған кішкене үш бүлдіршін түтінге тұншығып қазақ болды.

Бұл үйде тұрып жатқан азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар төрт баланы тәрбиелеп отырған. Үй иесі сол күні жағармай құятын бекетте кезекшілік қызметте болған. Ал оның келіншегі ішінде балалар қалған үйді сыртынан құлыптап, дәрі-дәрмек алуға жақын маңайдағы дәріханаға кеткенде үйден от шыққанын көрші-қолаң да байқамаған.

Арада жарты сағаттай уақыт өткен кезде үйіне оралған келіншек өрттің үстінен шығып, арасы бір жастан төрт жасқа дейінгі үш қызын үйінен жанталасып алып шығады. Бірақ, түтінге тұншыққан бөбектер жедел жәрдем көлігі жетіп үлгіргенше көз жұмады.

21 жастағы келіншек өрт шыққаны туралы да өрт сөндіру қызметіне өзі хабарлап үлгерген. Олар дабыл түскеннен кейін арада жеті минут өткенде жетіп үлгергенімен, өрт құшағында қалған балалар бұл уақытта о дүниелік болып кеткен еді. Өрт жылдам өшірілген. Тұрғын үйдің балалар жатқан көлемі бес шаршы метр бөлмесі ғана түгел жанып кеткен.

Анасы сыртқа кеткенде үй қамауында қалған төрт баланың бірі – төрт жастан енді ғана асқан Никитаның айтуына қарағанда, олар үйде сіріңке шағып ойнаған. Ал от жалыны күйдіріп бара жатқанда есік аша алмаған Никита терезені сындырып, сыртқа шыққан. Дәрігерлер оның өміріне енді қауіп жоқ дейді.

Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі басқармасы баспасөз қызметінің бас маманы Зәмзәгүл Айдарбекқызының
Өрт сөндіруші Марат Кеңесбаев (сол жақта). Қостанай облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің суреті.
айтуына қарағанда, отпен ойнаудан шыққан тосын оқиғалар аз емес. Оның үстіне кейбір санасы төмен азаматтар 01 қызметіне жалған дабыл түсіреді екен.

Биылғы жылдың өзінде осындай 72 оқиға болған. «Өрт болды!» деген хабар түскенін естіген өрт сөндірушілер жалған дабылдардың кесірінен әуре-сарсаңға түскен.

Айтпай келген өрттен адамдарды аман сақтап, алғысқа бөленіп жүрген азаматтар да бар. Мәселен, осы жетінші бөлімшенің өрт сөндірушісі Марат Кеңесбаев жыл басында «Қостанай-су» кәсіпорнында болған өрт кезінде жанармай таситын көлікті өрттен алып қалған. Өз өміріне қауіп төніп тұрса да, қызмет міндетін адал атқарып, көп адамды ажалдан сақтап қалған Марат Кеңесбаев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

ОРМАН ДА ОТТАН ЗАРДАП ШЕГУДЕ

Әйгілі Науырзым қорығында маусым айында 900 гектар орман аралас алқап от құшағына оранды. Дабыл бойынша көтерілген Әулиекөл, Қостанай, Алтынсарин, Науырзым, Меңдіқара аудандарының өрт сөндіру бөлімдері мен Қостанай қаласындағы арнаулы гарнизонның күшімен өрттің беті арада бірнеше күн өткенде ғана қайтарылды.

Өрт сөндіруге жиырмадан астам өрт сөндіру көлігімен қатар тікұшақтар да қатысқан. Өрттің нәтижесінде 250 гектар орман алқабы жәнк 650 гектар дала алқабы қара күйеге айналды.

Жалпы аумағы 191381 гектарды құрайтын, соның ішінде 5215 гектар орман алқабы бар Науырзым қорығында шыққан өртке найзағай себеп болған деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG