Accessibility links

«Ел бірлігі» доктринасы қоғамда екіұдай пікір туғызды


Қостанай қаласындағы "Қазақстан" кинотеатры. Қыркүйек, 2009 жыл.

Қостанай қаласындағы "Қазақстан" кинотеатры. Қыркүйек, 2009 жыл.

Билік органдары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері кеңінен насихаттап жүрген «Ел бірлігі» доктринасын аймақтарда талқылау өтіп жатыр. Сын айтушылар қоғам пікірін ескеріп, жобаны қайта әзірлеуді ұсынса, қолдайтындар докртинаның қабылданатындығына сенімді.


КӨПҰЛТТЫ, КӨПКОНФЕССИЯЛЫ ЕЛГЕ АРНАЛҒАН ДОКТРИНА

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қостанай облысының аудан-қалаларында қазіргі кезде Қазақстан қоғамында екіұдай пікір туғызған «Ел бірлігі» доктринасы талқылануда.

Қостанай қалалық кітапханасында өткен жиында, президентшіл «Нұр Отан» партиясысының Қостанай қалалық филиалы төрағасының орынбасары Боранбай Бұқметов Қазақстан халқы Ассамблеясының талқылауға ұсынып отырған «Ел бірлігі» доктринасының жобасын таныстыра келе:

«Бұл доктрина республиканың көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекет есебіндегі қоғамда атқарып отырған орнын анықтайтынына,
Ел бірлігін нығайтудың өзегі – елдегі тұрақтылық, осы тұрақтылықты қалыптастырып отырған этносаралық және конфессияаралық қатынастар болып табылады.
еліміздегі экономикалық, әлеуметтік қатынастарды дамытуға, халықтар достығын сақтауға және бірлікті нығайтуға ерекше ықпал жасайтынына сенімдімін. Ел бірлігін нығайтудың өзегі – елдегі тұрақтылық, осы тұрақтылықты қалыптастырып отырған этносаралық және конфессияаралық қатынастар болып табылады», – деді.

Оның айтуынша, доктрина халықаралық құқық нормаларына, ҚР Конституциясына және нормативтік-құқықты актілер ережелеріне толық сәйкес келеді.

Доктринада атап көрсетілгендей, қазіргі уақытта Қазақстанда 140 этнос пен 40 конфессия бар екен.

ДОКТРИНАҒА ҚАРСЫ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР

«Ел бірлігі» доктринасына қарсы шығып, ресми биліктен оны талқылауды мүлдем доғаруды талап еткен «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы ақын Мұхтар Шахановтың және оның Үндеуіне қолдау танытқан зиялы қауым өкілдерінің пікірлерін Қостанайда қолдап жатқандар да, сын айтушылар да бар.

Қалалық кітапхана қызметкері Күләш Сандыбайқызы мен «Таза бұлақ» қоғамдық қорының төрайымы Ғайнижамал Бердалинова елде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қазіргі хал-ахуалына алаңдаушылықтың негізі бар екенін айтып, доктринаға қарсылық ретінде қазақ
Қазақ зиялыларының аштық жарияламақ болып отырғандығын шарасыздықтан туған шара.
зиялыларының аштық жарияламақ болып отырғандығын шарасыздықтан туған шара деді.

Тілдерді оқыту орталығының бас маманы Бақыткүл Тұрымова: «мемлекеттік тілді меңгерудегі басты кедергілердің бірі – осыған дейін негізгі талаптың бірі болып келген шенеуніктердің мемлекеттік қызметке орналасарда сол тілді меңгеруіне қойылатын талаптың алынып тасталуы», – дейді.

«Нұр Отан» саяси партиясының өкілдері Қазақстанда 23 тілде білім беретін 170 мектеп бар екенін, қазіргі уақытта этникалық аз топтар үшін 101 ұлт мектебі жұмыс жасап жатқанын тілге тиек етіп, оларға мемлекет тарапынан жыл сайын жүздеген миллион теңге қаржы бөлінетінін мысалға келтірді.

Ал оппоненттер болса, мемлекет қазақ тілі мен мәдениет дамыту бағытында рухани жәрдемге мұқтаж болып отырған іргелес Ресейдегі қазақ диаспорасын қойып, ел ішінде де тіл мәселесінде қазақ халқының қағажу көріп келе жатқандығын мысалға келтірді.

«ШИКІ ЖОБА»

Бұрынғы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі мәрте депутат болып сайланған Ысқақ Есіркепов доктринаны талқылау - ел назарын басқа жаққа бұру деп санайды.

Ысқақ Есіркепов, ҚР Жоғарғы Кеңесінің экс-депутаты. Қостанай, 10 желтоқсан 2009 жыл.
– Елде екі бірдей сайлау құқығын иеленіп отырған Ассамблея мүшелерінің іс-әрекеті конституциялық нормаларға қайшы келеді. Оның үстіне Ассамблея мүшелері сайлана ма, тағайындала ма деген сұраққа әлі мардымды жауап берілген жоқ. Ал «Қазақстанның ел бірлігі доктринасы» деп аталған, талқылауға ұсынылып отырған құжаттың жобасы әуелі орыс тілінде даярланған, тіпті қазақ тіліне мағынасы өзгертіліп аударылған сөйлемдер көп. Сондықтан, мұндай шикі затты мына қалпында талқылауды кейінге ысырып қою қажет немесе күн тәртібінен біржолата алып тастау керек», – дейді ол.

Доктрина туралы сөйлегендер бұны қоғамдық пікірді ескеріп қайта әзірлеу керектігі жайында ұсыныстар айтты.

«Қазақстандық ұлт» идеясын жоққа шығаратын жаңа ұлттық доктрина жасау үшiн үкiметтiк, парламенттiк және қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкiлдерi енгiзiлген комиссия құру қажет немесе осы мәселені референдумға шығару керек, деген пікірлер де айтылды.

Осылайша, доктрина жобасын талқылаушылардың пікірі екіге жарылды. Қалалық мәдениет бөлімінің бастығы Әбдібек Божақов: «доктринаны талқылау кезінде әркім өз пікірін білдіруге ерікті, аталған құжаттың пайдалы жақтарымен қатар даулы тұстары да бар, оны көппен ақылдасып отырып шешу керек», – десе, «Нұр Отан» партиясының өкілі Боранбай Бұқметов: «бұл доктрина бәрібір қабылданады», – деп айтып салды.

Билік партиясы өкілінің сөзінен кейін доктрина туралы айтылған сын-ескертпелердің жоғарғы жаққа жетер-жетпесіне талқылауға жиналғандардың біразының көңілі күпті болып қалды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG