Accessibility links

Арада екі жыл өткенде «Шымкенттік мафия» туралы екі кітап ұмытылып бара жатқандай


Теміртас Тілеулесов. «Шымкентская мафия» кітабындағы суреті. Шымкент, 1999 жыл.

Теміртас Тілеулесов. «Шымкентская мафия» кітабындағы суреті. Шымкент, 1999 жыл.

Мекемтас Тілеулесов «Ордалы жылан» және «Шымкентская мафия» кітаптарын қайта шығаруды армандайды. Оның інісі, кітаптардың ауторы Теміртас Тілеулесов екі жыл бұрын дүние салды. Ал, әлгі екі кітаптың басты кейіпкерлері билік пен оппозициядағы қызметтерін жалғастыруда.


«ОРДАЛЫ ЖЫЛАН»

1990 жылдардың соңында Теміртас Тілеулесов «Ордалы жылан» және «Шымкентская мафия» кітаптарын шығарған еді. Аутор бұл кітаптарда 1990 жылдары Оңтүстік Қазақстанда орын алған сыбайлас жемқорлық туралы жазған. «Шымкентская мафия» – «Ордалы жыланның» қазақшадан орысшаға өңделіп, толықтырылып аударылған нұсқасы.

Бұл кітаптың басты кейіпкерлерінің бірі – сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, қазіргі Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков, оппозицияның қазіргі жетекшілерінің бірі Жармахан Тұяқбай, Қазақстан премьер-министрінің қазіргі орынбасарларының бірі Өмірзақ Шүкеев. Шығармада аты-жөндері аталған үлкенді-кішілі кейіпкерлер кітапта жазылғандарды жоққа шығарып, Теміртас Тілеулесовпен соттасып жатпады.

Бұл даулы кітаптың фабуласы мынадан басталады. Оңтүстік Қазақстан облысының басшылары сол кездері Шымкент мұнай базасының директоры болып жұмыс істейтін Теміртасты, Шымкент облысының бұрынғы жетекшісі Асанбай Асқаровқа үй салып беру үшін қаражат жинау керек деген желеумен ақша ұрлауға мәжбүрлейді. Трайбалистердің құрылтайы, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы тапсырыспен кісі өлтірулер, жабайы жекешелендіру, жасырын тыңдаумен, диктофондық жазбамен байланысты детективті сюжеттер – осылардың барлығы кітапқа аса бай фактологиялық материалдар берген.

Теміртас Тілеулесовтің өзі өмірінің соңғы күндеріне дейін іздеуде болып, полициядан жасырынып жүрді. Өйткені, Шымкент соты
Содан оңға ққарай: Теміртас Тілеулесов, қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев және диссидент Кәрішал Асан-Ата. «Шымкентская мафия» кітабындағы сурет. Алматы, 1999 жыл.
Теміртасты «бұзақылығы» үшін екі жылға соттағандықтан, полиция оны бірден тұтқынға алатын еді.

Адам құқы жөніндегі Қазақстандық бюроның жазғанындай, бұл іс 1999 жылы Шымкенттегі банк күзетшісінің Теміртасты қатты соққыға жығуы оқиғасына байланысты қозғалған. Бірақ, сот қағаздарында Теміртас қылмыстың құрбаны емес, төбелесті ұйымдастырушы ретінде көрсетілген. Сондықтан, оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, Теміртасқа биліктен жасырынуға тура келген.

Бас сауғалап кеткен Теміртас Тілеулесов отбасымен араласу мүмкіндігінен айрылды. Ол жеті жыл бойына балаларымен, немерелерімен және туыстарымен адамша араласудан қалды. Ағасы Мекемтас Тілеулесовтың айтуынша, Теміртас Ақсу-Жабағылы қорығында жасырынып, арасында туыстарымен жасырын кездесіп тұрған.

Ол осылайша жеті жыл қаңғып жүрді. Бұл кездері оның соттағы мүддесін Алматыда тұратын ағасы Мекемтас Тілеулесов қорғады. Мекемтас Тілеулесовтің өзі 2010 жылы 60 жасқа толады.

ТЕМІРТАС ҮШІН ЖАСАЛҒАН ЕРЕЖЕ

Інісін қорғау үшін Мекемтас Шымкент пен Астана соттарының арасын жол қылды. Бірақ, бір ретін келтіріп, оның мұндай мүмкіндігін де шектеді. Сол кездері жаңадан шыққан ережеде «егер заңдық білімі болмаса, онда жақын туыстар заңды сенімді өкіл бола алмайтыны» атап жазылды.

– Теміртасқа қарсы жұмыс істегендер үлкен, ықпалды адамдар болатын. Сондықтан олар менің інімді сырттай соттады, содан кейін адамдарды сырттай соттауға болатын заң қабылдады. Осы заң бойынша кейіннен Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдинді де сырттай соттады. Сондықтан, жақын туыстар заңды сенімді өкілі бола алмайды деген жарлықтың пайда болуы да жайдан-жай емес еді, – дейді Мекемтас Тілеулесов.

Осы себепті Мекемтас Тілеулесов жасы келіп қалған кезде юриспруденцияның әліппесін қолға алып, провизор мамандығын заңгерге айырбастауына тура келді.

– Мен сол кезде жасым 54-ке келгеніне қарамастан заңгерлік білім алмақ болып шештім, – дейді Мекемтас Азаттық радиосына берген сұхбатында.

54 жасында ол жас студент ретінде Адам құқы жөніндегі Қазақстандық бюрода Евгений Жовтистің жетекшілігімен екі айлық
Адвокат Мекемтас Тілеулесов Азаттықтың Алматыдағы бюросында. 19 қараша 2009 жыл.
стажировкадан өтті. Ал, бұл кездері қуғыннан қашып, Ақсу-Жабағылы қорығының үңгірлерінде, Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдарында түнеп жүрген оның інісі Теміртас Тілеулесов ағасының оқу бітіретін кезін, оның ісінің дұрыстығын дәлелдеп, әділдікке жетер күнді күтіп жүрді.

Бірақ ол мұндай күнге жете алмады. Мекемтас адвокаттың лицензиясын алған күні Теміртас өз балаларының көз алдында кенеттен қайтыс болды.

– Астанада адвокаттың лицензиясын алатын күні мен Теміртаспен телефон арқылы 17 рет сөйлестім. Ол үйде, өз балаларының ортасында, адвокаттың лицензиясын қашан алып келіп көрсететіндігімді күтіп отырды. Бірақ, мен Шымкентке келерден жарты сағат бұрын ол қайтыс болды, – дейді Мекемтас Тілеулесов.

Теміртастың жүрек талмасы ұстап қалған еді, ол әлі 55-ке де толмаған болатын. 2007 жылдың 18 қазанында Теміртас Тілеулесов Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы өзі туған Жиенбай ауылында жерленді.

КІТАПТАР ҰМЫТЫЛЫП БАРА ЖАТЫР

Мекемтас Тілеулесов бүгінде адвокат болып жұмыс істейді. Інісінің өлімінен соң ол біраз уақытқа дейін жұмысқа тұра алмай жүрді. Бірақ, уақыт өте келе жан жарасы жазылғандай болып, ол жаңа мамандығы бойынша жұмысқа кірісті.

– Қазіргі уақытта інімнің кітабын қайта шығару қиындау. Өйткені, кітаптің кейіпкерлері биліктің жоғары сатыларында отыр. Інімнің
Теміртас Тілеулесовтың зираты. Жиенбай ауылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы. 2009 жыл.
артында балалары, немерелері қалды. Бұл кітаптар үшін оларды да қудалауы мүмкін, – дейді Мекемтас Тілеулесов.

Бұдан бөлек, оның пікірінше, інісінің кітаптарында жазылған фактілер ескірді. Інім көзінің тірісінде кітаптарын өзі редакциялайтын, дейді Мекемтас Тілеулесов. Және ол бұл кітапты қашан қайта басып шығаруға болатынын білмейді.

Адвокаттыққа дейін Мекемтас Тілеулесов провизор, дене тәрбиесінің мұғалімі болды. Оның провизор болуына әкелерінің рак ауруына шалдығуы себеп болған еді.

Провизорлыққа оқи жүріп, Мекемтас қосымша дене тәрбиесінің мұғалімдігіне де оқыды. Бірақ ол ешқашан заңгер боламын деп ойламағанын айтады. Алайда, өмірдің оны шыңдағаны сонша, осы 60 жасында қажет болып жатса, тағы оқып, мамандық алуға даяр.

– Біз өмірден қиындық көрген сайын шыңдала түсеміз. Сондықтан мен тағдырыма налымаймын. Қажет болып жатса, тағы да оқуға даярмын. Көп өмір сүрген сайын көп білуің қажет. Сонда ғана адам өмірдің мәнін түсінеді, – дейді Мекемтас Тілеулесов.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG