Accessibility links

Жәкішевтің қызметтесі шамадан тыс жалақы алғаны туралы айыптауларды жоққа шығарады


Мұхтар Жәкішевтің «қара кассасынан» табылған-мыс делінетін валюта. ҰҚК-нің видеожазбасы. Астана, 1 шілде 2009 жыл.
Мұхтар Жәкішевтің «қара кассасынан» табылған-мыс делінетін валюта. ҰҚК-нің видеожазбасы. Астана, 1 шілде 2009 жыл.

Мұхтар Жәкішевке қарсы жаңадан тағылған айыптау ісінде «Қазатомпром» компаниясы қазыналық департаментінің бұрынғы бастығы Ғалым Назаровтың аты аталады. Тергеушілер Ғалым Назаровтың еңбекақысы шамадан тыс көп болған дейді.


ТОП-МЕНЕДЖЕРДІҢ ТАБЫСЫ

– Ғалым мырза, Мұхтар Жәкішевтің қызметтен алынып, тұтқындалғанына тоғыз айдан асты. Сіз оның командасында қызмет еттіңіз, бірақ, білуімше, сіздің үстіңізден қылмыстық іс қозғалмаса да сіз қазір шетелде тұрып жатырсыз. Бұның сыры неде?

– Өзім туралы ғана айтар болсам, мен Қазақстаннан елдегі қалыптасып отырған саяси ахуалдың кесірінен кеттім. Бірінші кезекте мен Мұхтар Жәкішевтің тұтқындалуымен келіспедім. Соған байланысты ойымды ашық айту үшін, өзімнің наразылығымды білдіру үшін маған Қазақстаннан кетуге тура келді.

Мұхтар Жәкішев тұтқындалғаннан кейін мен «Время» газетіне алғашқы сұқбат берісімен іле-шала маған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері келді, ол адам сол кезде «Қазатомпром» ұлттық компаниясының кеңсесінде болған еді. Сол менімен әңгіме өткізді. Қазақстанда бұл мәселе бойынша еркін пікір айтуыма маған ешкімнің де рұқсат бермесі түсінікті еді.

– Мұхтар Жәкішевтің үстінен тағы да үш қылмыстық іс қозғалып, оның бірінде «Қазатомпром» ұлттық компаниясының кейбір қызметкерлеріне шамадан тыс еңбекақы төлегені айтылған. Солардың арасында сіздің де аты-жөніңіз айтылған. Бұған қатысты не айтасыз?

– Мен бұл туралы тек баспасөзде жазылғандардан және Жәмила Жәкішеваның мәлімдемесінде айтылғаннан ғана білемін. Білуімше онда менің аты-жөнім ғана аталған. Әйтеуір, Жәкішеваның мәлімдемесінде солай делінеді.

Мен бұл жайында «Республикаға» айтқан болатынмын: оларға дәл осы мәселеге байланысты сұқбат бердім. 2009 жылдың жазында мен Мұхтар Жәкішевті қолдап сұқбаттар беріп, әртүрлі мәлімдемелер жасай бастаған соң «Время» газетінде менімен «Қазатомпром» компаниясында бірге істеген бұрынғы әріптестерімнің үндеуі жарияланды.

Бұл хат ҰҚК қызметкерлерінің айтуымен жазылғаны бірден байқалды. Себебі, ол хатқа қол қойған адамдардың барлығы маған таныс. Әлгі үндеу-хатта кеңседе болуға тиісті 330 жұмыс күннің тек 240 күнінде ғана ресми жұмыс орнымда болғаным туралы жазылған.

Ал арада сәл уақыт өткенде қылмыстық іс пайда болды. Бұның барлығын, ең әуелі менің көмейіме құм құю үшін ҰҚК қызметкерлері қолдан жасады.

Егер естеріңізде болса, БАҚ арқылы, атап айтқанда «Время» және «Жас Алаш» газеттерінің беттерінен Мұхтар Жәкішевті қорғап мәлімдемені алғашқы болып жасаған мен болатынмын. Бұл мәлімдемені Мұхтар Жәкішев ұстала салысымен жасадым. Оны 2009 жылы мамырдың 21-күні, бейсенбіде ұстады, ал демалыс күні, 24-мамырда мен алғашқы сұқбатымды бердім, ол дүйсенбіде, 25-мамырда жарияланды.

Міне, дәл сол уақытта, әлгінде айтқанымдай, сол кезде «Қазатомпром» ұлттық компаниясының кеңсесінде болған ҰҚК қызметкері менімен жолығып, әңгіме өткізді. Ол өзін ҰҚК-нің «Қазатомпромдағы» кураторымын деп таныстырды. Ол менен газетке сұқбат бергеніңіз рас па, ол туралы бастаманы кім көтерді деп сұрады. Мен болған жағдайды қаз-қалпында айтып бердім: маған газеттен
Бұл адам келіп-кеткеннен кейін, олар маған жай ғана өз жұмысымды істеп жүре беруіме және Мұхтар Жәкішевті қорғап сөйлеуіме шама бермейтіні айқын болды. Мен Қазақстаннан кетуге мәжбүр болдым.
хабарласқандарын, журналистер қозғап отырған мәселе өзім үшін өзекті болғандықтан, әрине, мен оларға сұқбат беруден бас тартпағанымды жасырмадым.

Бұл адам келіп-кеткеннен кейін, олар маған жай ғана өз жұмысымды істеп жүре беруіме және Мұхтар Жәкішевті қорғап сөйлеуіме шама бермейтіні айқын болды. Мен Қазақстаннан кетуге мәжбүр болдым. Оның үстіне, мені тұтқындамақ болып жатқаны туралы да біреулер арқылы естіген едім. Бірақ ол ақпараттың қаншалықты шындыққа сәйкес екендігін біле алмадым. Сонда да Қазақстаннан кетуіме тура келді. Онан кейінгі барлық сұқбаттарды мен Қазақстаннан жырақта жүріп бердім.

Міне сол кезде ҰҚК қызметкерлеріне, сірә, менің аузымды жабу туралы ой келген болуы керек... Бұл олардың үйреншікті жұмыс әдісі. Адамның сөз бостандығы мен ой еркіндігін басып-жаншу үшін оған баттастырып қара күйе жағып, үстінен қылмыстық іс қозғап, абырой-беделін түсіріп, оның айтқан мәлімдемелерінің мәнін кетіруге, тіпті біржолата үнін өшіруге тырысады.

– Мүмкін сіз расында да шамадан тыс еңбекақы алған шығарсыз?

– Жоқ. Менің жалақым «Қазатомпром» ұлттық компаниясының өзге департаменттері басшыларының еңбекақысымен бірдей болды. Бұндағы (қылмыстық істегі - Азаттық) негізгі көздегендері – мені тиісті жұмыс күндерді толық өтемеген адам ретінде көрсету. Бірақ бұл күлкілі жайт, ақылға қонбайтын іс. Мен таныс заңгерлермен кеңестім, бұл жерде ешқандай «іс» қозғау туралы әңгіме болуы мүмкін емес, өйткені онда қылмыс құрамы жоқ.

Ұрлық, талан-таражды жасаған кезде қылмыстың сондай ниетпен жасалғаны негіз болады. Яғни, мен саналы түрде жұмысқа келмей, ол күндер үшін еңбекақы алып мемлекет қаржысын қымқыруды алдын ала ойлап-пішіп, жоспарлаған болып шығамын. Әрине, менің өңім түгіл түсімде ондай ой болған емес. Бірақ бұл егер мәселеге заң тұрғысынан қарағанда. Сондай-ақ, ондай ой-ниет компания президентінде де болмағаны даусыз.

Оның үстіне, департамент директорының еңбекақысын есептеу және төлеу процесінің ізін бағып отыру «Қазатомпром» ұлттық компаниясы президентінің қызмет міндеттеріне жатпайды. Бұл осы саланы қадағалайтын вице-президенттің қызмет міндетіне кіреді. Яғни Мұхтар Жәкішевтің бұған еш қатысы жоқ.

Мен мемлекет қаржысын өтелмеген жұмыс күндерінің есебінен қымқыру туралы ешқашан ойлаған емеспін. Өтелмеген жұмыс күндері деп маған тағып отырған айыпқа қатысты мынаны айтқым келеді. Менің лауазымды қызметім қаржыгер, қазыналық департаменттің бастығы болғандықтан, жұмысымның ерекшелігіне байланысты, кеңседен тыс жерде көптеген іскерлік кездесулер мен келіссөздерге
Мен мемлекет қаржысын өтелмеген жұмыс күндерінің есебінен қымқыру туралы ешқашан ойлаған емеспін.
қатысатынмын.

Әрине, «Қазатомпром» ұлттық компаниясының қандай да бір жобаларын қаржыландыру мәселесін жедел шешу қажет болатын. Тіпті ағымдағы шотта қаржы болмаған кезде мен қандай да бір жерлерден қаражат іздеп табуға тиіс едім. Әрине, ондай келіссөздердің барлығы банк мекемелерінде өтетін. Мен банк кеңселеріне, кейде тіпті бірнеше банкпен қатар келіссөздер өткізетінмін. Сондықтан ондай күндері мені компанияның кеңсесінде отырмайтынмын.

Әртүрлі конференцияларға, форумдарға, семинарларға, мысалы, «Фитч Рейтингс» халықаралық агенттігінің Қазақстандағы қаржы тұрақтылығы тақырыбына өткізген жиындарына менің қатысқаным баспасөз құралдарында кеңінен жазылатын. Ондай жиындарға сондай-ақ Елена Бахмутова, Григорий Марченко және Қазақстанның мемлекеттік және жеке меншік қаржы мекемелерінің басқа да көптеген өкілдері қатысатын. Ондай семинарға қатысқан кезде мен, әрине, кеңседе болмайтынмын. Сонда бұл не: «Қазатомпромда» жұмыс істеу емес, мемлекеттен қаржы жымқыру болғаны ма?!

Бұдан өзге, мен кеңсеге автоматтандырылған жүйе арқылы өткізетін есіктен ғана емес, компанияның аумағына қақпадан тікелей кіретін рұқсатқа ие болатынмын.

– Жақсы. Ғалым мырза, біздің радиоға берген сұқбатыңызда сіз «Қазатомпромнан» қарыз алғаныңызды айтқан едіңіз.

– Иә, 34 миллион теңге көлемінде қарыз алғаным рас. Мен жұмыстан кетерде компанияға 22 миллион теңгедей қарыз болатынмын. Әрине, ол қарыздан бас тартпаймын. Бірақ, өкінішке қарай, ол қарызды жабуға қазір менің тұрақты табысым жоқ.

Ондай мүмкіндік менде пайда болысымен компаниямен хабарласып, ол қарызды өтеймін.

ӘЙГІЛІ БЕЙНЕЖАЗБА

– Ғалым мырза, қазақ қоғамында Амангелді Шабдарбаевтың ҰҚК басшылығынан кетуін Мұхтар Жәкішевтің тергеудегі жауаптары түсірілген видеожазбаның Youtube сайтында жариялануымен байланыстырады. Шабдарбаев бұны Жәкішевке ара түсіп, оны құтқарып қалғысы келгендіктен жасаған-мыс деп айтылады. Сіздіңше, бұл шындыққа жанаса ма?

– Оны білмедім. Бірақ одан жауап алу, қойылған сұрақтарға қарағанда... Дәл сол кезде Мұхтардың ҰҚК абақтысында отырғаны даусыз. Және ол жазбада сөйлеп отырған адам Мұхтардың өзі екендігі де күмән туғызбайды.

Youtube сайтында жарияланған, Мұхтар Жәкішевтің әңгімесі жазылған видеожазбадан үзінді. Алматы, 5 қараша, 2009 жыл.

"...Осы айтылғандар өшіп кетпесін... "
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00


Бүкіл әңгіменің ауаны, шынында, ҰҚК-дегі әлдекімнің «Қазатомпром» компаниясының тағдырына, Қазақстанның тағдырына, Мұхтар Жәкішевтің тағдырына бей-жай қарамайтындығын көрсетеді. Және де Мұхтар Жәкішевтен жауап алу мемлекеттік, патриоттық деп айтарлықтай тұрғыда құрылып, әңгіме сол арнада өрбіген.

Сірә, ҰҚК-дегілер бұл әңгіме президенттің құлағына жеткенін қаласа керек. Бұл мәселеде «Қазатомпромға» қарсы, яғни компанияға зиян әкелетіндей ештеңе болмағандығын, барлық шаруа «Қазатомпромның» мүддесі үшін жасалғанын көрсетпек болған.

Және осы әңгімені президентке Мұхтардан жауап алғандар жеткізбек ниетте болғаны түсінікті. Сұрақтардың қойылуы және екеуара әңгімеге ұқсайтын жауап алудың өзі «Қазатомпромның» басына қандай бұлт үйіріліп тұрғанын көрсетіп, компания әлемдегі өз орнынан айрыла бастағанын немесе Мұхтар кеткен соң көп нәрседен айрылып қалғанын меңзейтіндей нақты бағытта өрбіген.

Бұл қалайша өрбіп, не болғанын мен білмеймін. Бірақ мен Жәмила Жәкішеваның айтқанына шүбә келтірмеймін. Егер ол бұл материалдарды Шабдарбаевтың өзінен алдым деп айтса, яғни шындығында солай болғаны. Дәл осы мәселеде Жәмила түлкібұлаңға салмайды.

– Яғни сіз Мұхтар Жәкішевтің жауабы жазылған бейнежазбаны Youtube сайтына Жәмила Жәкішева орналастырған демексіз бе?

– Жо-жоқ. Жәмила ешқашан ондайға бармас еді, себебі, өйткені оны өзіне және күйеуіне қарсы пайдаланар еді. Менің ойымша, бұны ол жазбаны Жәмиладан алғандар жасаған секілді. Ол жазбаны президент Назарбаевқа жеткізу мақсатымен бірнеше адамға бергені туралы Жәмиланың өзі айтқан болатын.

Youtube сайтында жарияланған материалда Мұхтар Жәкішев «Қазатомпромға» қатысты көптеген маңызды, бірақ көпшілікке жариялауға арналмаған жоспарлар мен іс-әрекеттер жайында баяндайды. Ал енді сол деректерді жалпақ жұртқа жаю «Қазатомпром» мен Қазақстанның мүддесіне зиянын тигізген жоқ па?

– Иә, айтарлықтай зиян шектірді. Бірақ Мұхтар Жәкішевті қызметтен кетіру одан да зор зиян әкелді. Үлкен зиян боп тиді. Бірінші басшыны орнынан алып, тұтқындау компанияға өте үлкен зиян әкелетіні түсінікті. Бедел-бейнеге, саяси тұрғыда үлкен зиян.

Және де бұның саяси процесс екендігі оқиғаның өрбуі барысында айқын аңғарылып келеді. Уран кеніштерін саудаға салған-мыс деп тағылған алғашқы айыптар жоғалып, іс толық тергеуге кері қайтарылды. Енді бірінші орынға қайдағы бірдеңелер шығып жатыр...

Айталық, заң тұрғысынан алғанда бұл объективті түрде заң бұзу болуы мүмкін, бірақ экономикалық мақсатқа сай ма дегенге келсек... Айталық, Мұхтар Жәкішевтің мемлекетке әкелген пайдасымен салыстырар болсақ күзетшіге төленген ақша болмашы нәрсе ғана.

Яғни, Мұхтар Жәкішевтің арқасында «Қазатомпром» таба бастаған кіріс көлемі мен күзетшіге төленген және «Қазатомпромның»
Мұхтар Жәкішевтің мемлекетке әкелген пайдасымен салыстырар болсақ күзетшіге төленген ақша болмашы нәрсе ғана.
Венадағы кеңсесін ұстауға жұмсалынған қаржыны – жыл сайын жүздеген миллион доллар таза пайда мен еңбекақыға төленген ақшаны тіпті салыстыруға да келмейді.

Мен заңгер де, маман да емеспін. Бірақ мен парасатты адам ретінде бұны мемлекет үшін орны толмайтындай шығын деп санамаймын. Мүмкін, бұл жерде заң бұзуға жол берілген шығар. Әйткенмен оны түзеуге нұсқау беріп, кемшілікті орнына келтіруге болар еді ғой.

Мұхтар Жәкішевтің ісіндегідей заң бұзудың ондағанын кез-келген өзге компаниядан табуға болады. Бірақ бұл жерде мәселе нақ сол саяси астарда жатыр.

Және бұл жерде Мұхтар Әблязовты мұқату ниеті жатқан тәрізді. Кезінде президенттің өзі айтты. Айтпақшы, отандық кәсіпкерлермен өткізген соңғы басқосуда ол бұл туралы ашық айтты, Нұрлан Смағұловқа сауал қойып, жауап естіді.

Бәлкім, бұның артында президенттің Рахат Әлиевті жазалағысы келген ниеті бар шығар. Бірақ, Мұхтар Жәкішев қандай да бір қылмыстық істің емес (мемлекеттік мүлікті талан-таражға салу немесе ұрлау), саясаттың құрбаны болып отырғаны процестің барысынан барған сайын айқын көрінеді.

– Әңгімеңізге рақмет.
XS
SM
MD
LG