Accessibility links

Қазақстанда колледжде білім алғысы келетін жастар саны көбейіп отыр


Теміртаудағы медициналық колледж студенттері. Ақпан, 2010 жыл.
Теміртаудағы медициналық колледж студенттері. Ақпан, 2010 жыл.

Соңғы жылдары мектеп оқушыларының жоғары сынып бағдарламасын аяқтамастан, колледжге оқуға баруы жиілеп кетті. Бұған қатысты Азаттық радиосына сұқбат бергендер мектеп түлектері алдағы тағдырын шешетін Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінуден қорқады дейді.




Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда мектепті толық аяқтамай, оқуын колледжде жалғастырғысы келетін жастар саны көбейген. Бұған ең әуелі, елдегі оқу бағасының қымбаттауы әсерін тигізсе, екіншіден, бұл көп жастар үшін тестілеуден бұлтарудың амалы дейді мамандар.
Колледжде оқу керек пе? Колледжге түсу-түспеу мәселесін Азаттықтың жастар бағдарламасында мамандар мен жастар саралайды.

Жастар бағдарламасының екінші бөлігінде блогшы Жалғас Ертай қазақ интернетінің тыныс-тіршілігіне қатысты пікір-көзқарастарымен бөліседі.
XS
SM
MD
LG