Accessibility links

Қазақстанның коммунистік партиясы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қиындағанын айтып отыр. Республикадағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқыны тежеліп, кері кетуде деп есептейді олар.

Қазақстан коммунистер партиясының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан 1994-1998 жылдары экономикасының 60 пайызын жоғалтқан. Дағдарыс тек 1998 жылдың соңында мұнай өндіру көлемін совет кезеңінен 1 миллион тоннаға арттыру арқылы тоқтаған. 1999 жылы ЖІӨ өсім қарқыны мұнай табыстары есебінен бірқалыпты өскен.
- Өкінішке орай, бұл көрсеткіш екі есеге кеміп, былтырғы жыл деңгейінің 5 пайызын құрады. Қазақстан экономиканың бәскелестікке төтеп беру қабілеттілігі бойынша рейтингтегі орны биылғы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 56 орыннан 61 орынға түсті, - деп мәлімдейді Қазақстанның коммунистік партиясы.
Коммунистер экономиканың тежегіш күштері ретінде сыбайласқан жемқорлықты, білім беру деңгейінің төмендігін, жағымсыз салық реттеу жүйесін, қылмыс деңгейінің жоғарлығын, мемлекеттік бюрократтықты атайды.
Адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне азық-түлік бағасының артуы да ықпал еткен. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылдың тамыз айындағы баға былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,9 пайызға өскен. Оның ішінде ұн бағасы – 75,6 пайызға, күріш – 81,9 пайызға, нан – 40,6 пайызға, дәнді-дақыл – 21,2 пайызға, май – 68,9 пайызға, сүт тағамдары мен жұмыртқа – 30,9 пайызға, ет пен ет өнімдері – 19,7 пайызға өскен.
- Әлемдік тәжірибе адамдардың өмір сүру сапасы биліктің саясатына тікелей бағынышты екендігін байқатады. Бұл ретте Қазақстан Президентінің Парламенттің II сессиясына сөйлеген сөзі шынайы емес, мемлекеттік билік пен қоғамды құлдыраудың бетін алу үшін жұмылдыра алмайды, - дейді Қазақстан коммунистер партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Парламенті II сессиясын ашқан кезде «әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жылдан асып, Қазақстан экономикалық жүйесінің беріктігін сынап келгендігін» тілге тиек ете отырып, «осындай жағдайда Қазақстан экономикасы әлемге өзінің тұрлаулылығын көрсетті» - деген. Сонымен бірге Президент өз сөзінде келесі жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдері 25 пайызға, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9%-ға ұлғайтылатындығын, осы әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін үшжылдық бюджет жобасында қажетті қаражат көзделгендігін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG