Accessibility links

Қазақстанда дін мәселесі өзекті тақырыпқа айналып бара ма?


Қазақстандағы Қошқар ата мешіті. Шымкент, 2009 жыл.

Қазақстандағы Қошқар ата мешіті. Шымкент, 2009 жыл.

Қазақстандағы ресми деректерге сүйенсек, елдегі мұсылмандар саны 60 пайызды құрайды. Алматыдағы «Айт-Парк» пікірталас клубында дін мәселесіне қатысты жиын өтті. Оған қатысқан дін өкілдері халықты адастыратын түрлі ағымдар көбейгенін айтты. Сонымен қоса елдегі мешіттерде алауыздық бар екенін мойындады.




Қазақстандық дінтанушы мамандардың діни мәселелер мен соңғы уақытта болған оқиғаларға қатысты пікірлері Азаттықтың “Уақыт бедері” айдарына арқау болды.

Статистикалық ресми соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 60% -дан астам мұсылман тұрады. Қыркүйектің 15-і Алматыдағы «Айт-Парк» пікірталас клубының отырысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері – діни білім және оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Әбдімүтәліп Дәуренбеков пен діни сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі Еркебұлан Қарақұлов қатысты.

АҚШ-тағы шіркеудің Құранды өртеу жоспары мен Яссауи сопылық мектебін жандандырушы ретінде танылып жүрген діни тұлға Исматулла Мақсұмға қатысты пікірлерін айтты.

Имамның айтуынша, халықты адастыратын түрлі ағымдар мен діни бірлестіктер өте көп. Алайда Қазақстан мұсылмандар діни бірлестігі құзырлы орын болмағандықтан олардың жұмысын тежеуге құқығы жоқ. Барлық қолдан келетіні тек халықты хабардар ету дейді Әбдімүтәліп Дәуренбеков. Оның пікірінше, ағымдардың көбеюіне Қазақстанның заңдары да қолайлы жағдай тудырып отыр.

Мешіттердің этникалық сипатқа қарай бөлінетінін айтқан имамдарға ғибадат орындарында тұратын "көк сандықтар" туралы да сауал қойылды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG