Accessibility links

Қазақстанда мұнайдан түскен табысты неге жұрттан жасырады?


«ҚазМұнайГаз» құрамындағы Ембімұнайгаз өндірістік филиалының Қошқар ауылындағы мұнай қазандары. Мақат ауданы, Атырау облысы, тамыз, 2009 жыл.
«ҚазМұнайГаз» құрамындағы Ембімұнайгаз өндірістік филиалының Қошқар ауылындағы мұнай қазандары. Мақат ауданы, Атырау облысы, тамыз, 2009 жыл.

Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысушылар қазақ мұнайы экспортынан түскен қаржының қайда жұмсалып, ел бюджетіне қаншасы түсіп жатқанына жауап бере алмады, өйткені, олардың сөздеріне қарағанда, Қазақстанның мұнай-газ секторында «ашықтық жоқ».




«Қазақстан мұнай мен газ экспортынан жылына 24 миллиард доллар пайда табады, мұны халықтың жан басына шаққанда 11400 доллардан келеді». Emirates Busines интернет-басылымына сілтеме жасаған Zawya интернет-сайты елең еткізерлік осындай деректі жария етті.

Бұл санның қайдан алынғаны белгісіз, ақпарат көзі көрсетілмеген. Егер мұны рас деп санайтын болсақ, онда бұл сан мен небәрі 10 миллиард долларды көрсетіп отырған Қазақстан мұнай және газ министрлігінің дерегі арасындағы айырма аса үлкен, яғни екі жарым еседен артық болып шығады.

«Азат Еуропа/Азаттық» радиосының кезекті дөңгелек үстелінде табиғи шикізат экспортынан түсетін Қазақстан бюджетінің нақтылы кірісі қаншалықты ашық деген тақырып талқыланды.

2009 жылы Қазақстан жалпы ішкі өніміндегі мұнай саласының үлесі 21 пайызға жуықтаса, мемлекеттік кірістегі үлесі 40,5 пайызға немесе 1,5 триллион теңгеден (шамамен 10 миллиард доллар) асты.

Саяси шешімдер институтының сарапшысы Сергей Мироновтың REGNUM ақпарат агенттігіне берген сұқбатында мұнай өндіру көлемінің 85 миллион тоннаға, шикі газ өндіру 54 миллиард текше метрге жеткені, мұнай экспортын 75 миллион тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отырғаны сөз болды. Мұнай және газ министрлігінің мәліметіне қарағанда, биыл Қазақстан 73 миллион тонна мұнай экспорттамақшы, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,5 пайызға артық деген сөз.

Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне: Қоғамдық проблемаларды сараптау орталығының директоры Меруерт Махмұтова; Азаттық радиосының экономика жөніндегі сарапшысы Дерья Атабаев; бұрынғы вице-премьер және Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы, қазір «Ракурс» экономикалық сараптау орталығының директоры Ораз Жандосов және экономист, оппозициялық саясаткер Петр Своик қатысты.

Сонымен қатар осы дөңгелек үстелге Қазақстан мұнай және газ министрлігінің, қаржы министрлігінің, сондай-ақ салық комитетінің өкілдері шақырылған еді, алайда түрлі себептерге байланысты олар келмеді.

Дөңгелек үстелді Азаттық радиосының қызметкері Сұлтан-Хан Аққұлұлы жүргізді.


ЖАБЫҚ КЕЛІСІМ-ШАРТТАР

Жүргізуші:

– Шамамен 73 миллион тонна болады деп есептелген мұнай экспортының әлемдік орташа бағасы бойынша алғанда Қазақстан бюджетінің нақтылы кірісі қаншалықты ашық? Қазақстан мұнай долларларын қалай пайдаланып отыр?

Меруерт Махмұтова:

– 2009 жылы мұнай-газ саласынан Ұлттық қорға шамамен 10 миллиард доллар түсті. Ресми органдардың мәліметі осындай. Ал 24
Қоғамдық проблемаларды сараптау орталығының директоры Меруерт Махмұтова.
миллиард долларды қайдан алып отырғанын білмеймін, бірақ менің ойымша, олар бюджетке аударылған салық көлемін мұнай-газ компанияларының табысымен қоса есептеген сияқты.

Шынында да, бюджетке қанша кіріс түсетінін дәл айту өте қиын, өйткені мұнай-газ саласында жасалған келісім-шарттарда не айтылып, не қойғанын ешкім білмейді.

Мұнай-газ саласындағы негізгі келісім-шарттар тоқсаныншы жылдары жасалғаны белгілі. Қазір жұртшылық алаңдап отырған мәселенің сыры сонда. Экономиканың бұл секторындағы салықтар қазіргі салық заңдарына бағынбайды, сондықтан салық заңдарына енгізілген өзгерістердің бұл келісім-шарттарға қатысы да жоқ.

Қазақстан қаржы министрлігі ұсынып отырған мұнай-газ секторындағы салық жүктемесінің коэффициенті мұнайшылар шағымданатындай аса жоғары емес. Ал шетелдік сарапшылар болса Қазақстанның мұнай-газ саласындағы салық жүктемесін айтарлықтай жоғары деп бағалап отыр.

Менің ойымша, экономиканың бұл саласынан түсетін пайданың қаншалықты ашық жұмсалатынын мұқият тексеру қажет.

Дерья Атабаев:

– Мен де нақты бір сандарды айта алмаймын. Бұл ретте әріптесім «дәл сандар тек келісім-шарттарда» деп дұрыс айтып отыр. Меніңше оларды қаржы министрлігі, кеден және салық қызметтері бағалауы тиіс. Қазақстан статистика агенттігінің мәліметтерінде көрініс табатын ақпараттарды тек солардан ғана алуға болады.

Қазақстан мұнай түсімдеріне қатысты ақпараттарды жабық ұстайтын ел. Сондықтан әлдебір болжам жасап, жұмбақ шешуге тырысу – абырой әпермейтін іс.

Петр Своик:

– Қазақстан мұнайын сатып алушылар мұнайды мемлекеттік кеден мен салық статистикасы сүйенетін шекарадан өткендегі трансферттік
Мұнай кірісі бейресми ғана емес, ресми де айтылмайды. Өйткені мұнай өндірісіндегі ірі келісім-шарттардың барлығы дерлік өнімді бөлісу жөніндегі белгілі бір ымыралар негізінде жасалған, яғни олар ресми және ұлттық салық заңдарына бағынбайды деген сөз.
бағамен емес, биржалық бағамен сатып алады. Егер экспорт көлемін осы биржалық бағаны ескере отырып алатын болсақ онда сөз экспорттан түсетін 10 миллиард доллар туралы емес, одан үш есе көп қаржы туралы болуы керек.

Ал мұнай кірістерінің ашықтығына келер болсақ, онда әріптестерімнің пікіріне қосыламын. Мұнай кірісі бейресми ғана емес, ресми де айтылмайды. Өйткені мұнай өндірісіндегі ірі келісім-шарттардың барлығы дерлік өнімді бөлісу жөніндегі белгілі бір ымыралар негізінде жасалған, яғни олар ресми және ұлттық салық заңдарына бағынбайды деген сөз. Сондықтан мұндай келісім-шарттар «коммерциялық құпия» деген желеумен ресми түрде де құпия болып саналады.

Сондықтан, шындығында мұнай-газ өндірушілер қандай табыс тауып отырғанын айту өте қиын. Олардың бюджетке қанша бөлетіні де белгісіз. Тағы да қайталап айтайын, бұлар Қазақстан Республикасында «заңды түрде жабық» мәселелердің бірі.

Ораз Жандосов:

– Бұл саладағы салықты қаржы министрлігі ай сайын жариялап отыр, сондықтан ол жерде ешқандай құпия жоқ. Өткен жылғы салықтың
«Ракурс» экономикалық сараптау орталығының директоры Ораз Жандосов.
көлемі 371 миллиард теңге болса, мұнай-газ өндірісінің артуы мен шикізат бағасының қымбаттауына байланысты биылғы алты айда 679 миллиард теңге болды. Ал салық деңгейі жөнінде айтар болсақ, Қазақстан салық түсімдерін ұстау үлесі бойынша ең соңғы орында. Еліміздегі мұнай компанияларымыздың кірісімен салыстырғанда бұл түкке тұрмайды.

2003 жылы біз Қазақстанның жер қойнауын пайдалану жөніндегі барша келісім-шарттарды жалпы жұртқа жариялау, ашық ету жөнінде талап қойған миллион адамның қолын жинадық. Әзірге еш нәтиже жоқ.


МЕТАЛЛ ҚАЙДА КЕТІП ЖАТЫР?

Жүргізуші:

– Қазақстан ұлттық банкінің ақпараты бойынша, республиканың Ұлттық (мұнай) қорының активтері 2010 жылдың сегіз айында 16,53 пайызға өсіп, 28,4 миллиард долларға жеткен, ал бұл – елдің жылдық бюджетінен екі есе асып түседі.

Қазақстан Ұлттық (мұнай) қоры тек мұнай-газ долларының есебінен ғана толығатыны қалай? Қара және түсті металдар экспортынан, өндіру мен сату жөнінде Қазақстан бірінші орында тұрған табиғи уран экспортынан, сондай-ақ сирек кездесетін металдар экспортынан қазақ бюджетінің нақтылы кірісі қаншалықты ашық? Ал бұл металдардың кейбірі тек Қазақстанда ғана өндіріледі.

Петр Своик:

– Ұлттық қордың, мәселен, қара және түсті металдар есебінен толықпай, тек мұнай есебінен қалыптасып отырғаны, негізінен,
Петр Своик - экономист, оппозициялық саясаткер.
экономикалық мәселе емес, саяси мәселе. Жалпы алғанда, Ұлттық қор – «мұншалық қаржыны ұлттық экономикаға салса инфляция үдеп кетеді» дейтін әлдебір идеологияны ақтау үшін қызмет ететін секілді.

Мұндай қор дамушы елдерге қажет. Бірақ оны неғұрлым көбірек толтырып отыру керек. Қорда тұратын қаржы қолда ұстайтын ақша емес, айталық, оны дамыған елдердің құнды қағаздары деуге болады. Ал мұндай мемлекеттердің құнды қағаздарға салған ақшалары өз экономикаларына барып құйылады. Қазақстан секілді дамушы ел үшін Ұлттық қор дамыған экономикаға инвестиция салу тәсілі болып табылады, ал мұнай секторы – бұл істегі жетекші сала.

Дерья Атабаев:

– Бұл пікірталасты саясатқа апарып тірегім келмейді, бірақ экономика мәселелерін онсыз тағы да талқылай алмайсың. Қазіргі уақытта Қазақстанның экспорттық потенциалының қалай қалыптасатыны қазақ мемлекетінің, Қазақстанды басқарып отырған адамдардың саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты.

Егер билік мұнай-газ саласына қоса түсті және сирек металдар экспорты жөніндегі келісім-шарттардың барлығын ашық жасайтын болса Қазақстанның шикізат байлығының дұрыс жолға қойылған нарықтық саудасы қалыптасар еді. Сонда ғана Қазақстан нақтылы цифрларды біліп отырмақ және қазақ халқының шикізат байлығы жөнінде нақтылы тұжырым жасауға да болады.

Менің ойымша, Қазақстан Ұлттық қорының активтері тек жалғыз мұнайдан ғана емес, өзге шикізат көздерінен де толығуы тиіс. Тіпті олар бұл ретте мұнай секторымен бәсекелесуі де мүмкін, олай болса Ұлттық қордың активтері қазіргіден әлдеқайда тезірек көбейеді. Міне осының барлығы да Қазақстан басшыларына байланысты.

Ораз Жандосов:

– Ұлттық қор құру туралы 2001 жылы қабылданған заңда Қазақстанның барша табиғи байлығын өндірушілерден алынатын салық туралы сөз болған. Ал бұл президенттің жарлығы немесе үкіметтің қаулысы емес, кәдімгі заң болатын. Рентаның қайдан шығатыны, мұнайдан ба, мыстан ба, жоқ әлде ураннан ба – еш айырмашылығы жоқ екені кез-келген экономистке түсінікті. Алайда 2000 жылдың ортасында бұл заңға өзгерістер енгізілді. Өз басым мұны ақымақтық деп санаймын, бұл жөнінде талай рет айттым да, жаздым да.

Екіншіден, мұнай мен уран экспорты екеуінің ашықтығы немесе бұлыңғырлығы шамалас деуге болады. Мұнай өндіру мен экспорты жөнінде келісім-шарттар түсініктірек болуы керек. Әлемдік бағадан айырмасы өте көп деген күдік туғызбас үшін оны тасымалдау шығынынан бастап, сақтандыру, сату бағаларына дейінгі ұңғыл-шұңғылы түгел көрсетілгені жөн.


ШЕТЕЛДІК ЕСЕП ШОТТАРДА

Жүргізуші:

– Қазақстан билігі Ұлттық қордың 30 миллиардтық активі шетелдік банктерде доллармен жатқанын жасырмайды. Бұл жөнінде не айтасыздар?

Ораз Жандосов:

– Мен үш сайлау науқанына қатыстым, 2004 жылы және 2007 жылы өткен сайлауларда біздің партиямыздың бағдарламасы мен 2005 жылғы президент сайлауына біріккен оппозиция атынан түскен кандидаттың бағдарламасына халықтың жеткілікті дауыс бергенін айта аламын. Біздің бағдарламамызда шикізат қорларын пайдаланудың бүгінгіден басқаша жолдары қарастырылған болатын.

Меруерт Махмұтова:

– Қазіргі уақытта шетелдік есеп шоттарда Ұлттық қорымыздың қанша қаржысы сақтаулы тұрғаны да алаңдатады. Өйткені әлемдік дағдарысқа байланысты Қазақстан соңғы екі жылда дағдарыс салдарын жою үшін жылына сегіз миллиард доллардан астам қаржы жұмсап келеді. Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасы бойынша бұл трансферт дәстүрге айналатын секілді. Қайсыбір кездері құнды қағаздарға да инвестиция салынғаны, бірақ ондай компаниялардың күйреп қалғаны да белгілі.

Ұлттық қордың 30 миллиардтық активі шетелдік есеп шоттарда жатуы, сөз жоқ, Қазақстанда әсіресе адам капиталын дамытуда инвестицияның жоқтығымен байланысты. Бұлар негізінен білім, денсаулық сақтау салалары.

Ұлттық қор қаржысын шетелдік есеп шоттарда ұстау адам капиталына салынатын ұзақ мерзімді жоспардағы инвестициялардай
Ұлттық қор қаржысын шетелдік есеп шоттарда ұстау адам капиталына салынатын ұзақ мерзімді жоспардағы инвестициялардай дивидент әкелмейді.
дивидент әкелмейді. Сондықтан Ұлттық қорды инвестициялау мәселесі – таласты мәселе.

Әрине, дағдарысқа қарсы тұру үшін Қазақстан Ұлттық қордан аз қаржы жұмсаған жоқ, бірақ менің қынжылатыным – бұдан кейін жыл сайын бөлінетін сегіз миллиард доллардың тағы да сол экспортқа бағытталған өндірістерді қолдауға жұмсалатыны. Сарапшы ретінде айта кетейін, бұл қаржыны бүйтіп жұмсағанша шетелдік есеп шоттарда сақтаулы күйі жата бергені жақсы болар еді.

Сондай-ақ бұл қаржының барлығын елімізге әкеліп, Қазақстан банктеріне салу керек деген де пікірлер айтылып жүр, бірақ біздің банктеріміздің қалай жұмыс істейтінін көріп отырмыз ғой. Ең әуелі бұл қордың ақшасын қайда инвестициялау керек екендігін анықтап алған жөн. Менің ойымша, белгілі бір бөлігі сақталып, қалғаны жыл сайын пайдаланылуы тиіс. Бірақ не себептен жыл сайын сегіз миллиард доллар бөлу ұйғарылғанын түсіне алмадым. Мұндай аса қомақты трансфертті тек төтенше жағдайларда ғана қолдану керек.

Менің ойымша, қалай болғанда да Қазақстан Ұлттық қор қаржысын қайда жұмсайтыны туралы тұщымды шешім айтуы қажет.


ТАБЫСЫМЫЗДАН ҚАРЫЗЫМЫЗ КӨП

Дерья Атабаев:

– Қазақстан Ұлттық қорының активтері тоғыз ай ішінде 29 миллиард 293 миллион долларға жетті. Мәселе бұл қаржының қайда сақталуында емес, ең бастысы жұмыс істеп тұруында, құнсызданбауында. Бұл қағида Ұлттық қорды басқарып отырған Қазақстан Ұлттық банкінің басты назарында болуы тиіс.

Сондай-ақ оның доллар, еуро, құнды қағаз немесе қымбат металл күйінде тұруы да маңызды емес. Олардың мол табыс түсіруі маңызды. Егер оның жыл сайынғы кірісі 10 пайыздан асатын болса онда бұл Ұлттық банк пен Ұлттық қордың активтері үшін аса зор жетістік болар еді.

Өткен жылы Норвегияның банкі Қазақстанның ұлттық активтері секілді өздерінің Тұрақтандыру қорының кірісін 25,5 пайызға көбейтті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Қазір бұл шетелдік банк Тұрақтандыру қорын жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр. Яғни мемлекет қоры алғаш рет банк активтерінен өзге салаға жұмсалмақ.

Қордың құнды қағаздары да құбылмалы, кез-келген резервтік валюта да шайқалады, кейде құлайды, сондықтан банкирлер оны мейлінше пайдаланып қалуға тырысады. Бұл тұрғыдан келгенде біз тағы да сол баяғы белсенді жұмыс жүргізуге мүмкіндік бермейтін советтік менталитеттің шеңберінен шыға алмай жүрміз.

Алайда неғұрлым икемді болу керек, Ұлтық банк бұл істі ашық жүргізуге міндетті. Егер Ұлттық банк қарапайым салымдардан немесе еурооблигациялардан, құнды қағаздардан қаншалықты пайда тауып жатқанын жариялайтын болса, яғни өзінің барлық «құпия кодтарын» ашса, онда Ұлттық банктің ел қамына жұмыс істеп, Ұлттық қорды тиімді басқарып отырғанына халықтың көзі жетер еді.

Петр Своик:

– Қазақстанның сыртқы қарызын да ұмытпайық. Мен үкіметі емес, ерте ме, кешпе осы қарызды қайтаратын ел экономикасы жөнінде айтып отырмын. Қазақстанның сыртқы қарызы Ұлттық қордың өсу қарқыны мен көлемін екі, кейде үш есе орап кетеді. Ұлттық қорымыз
Бұл құнды қағаздарды қайсыбір жерлерге орналастырумен қазақтардың өздері де шұғылдана алар еді, бірақ оны да шетелдіктерге тапсырып қойды. Яғни бұл тура мағынасында шетелдік қор деген сөз.
көбейгенімен, сыртқы қарызымыз да көбейді. Қазақстанның сыртқы қарызы, жаңылмасам, 116 миллиард доллар.

Ұлттық қор дегеніміз – еліміздің мұнай экпортынан түсіп, дамыған экономикалардың әлдебір заемдарына айналған «тірі» ақша. Ал бұл заемдарды сатудан түскен қаржы сол экономикалардың өздеріне кетіп жатыр. Бұл қағаздардың бәрі, әрине, шетелде сақтаулы. Басқа қай жерде сақтауға болады? Бірақ, сайып келгенде, бұл Ұлттық қор емес. Мүмкін, шетелдік валюта қоры, шетелдік активтер деп атаған дұрыс шығар. Біздің Ұлттық қор деп жүргеніміз сол.

Бұл құнды қағаздарды қайсыбір жерлерге орналастырумен қазақтардың өздері де шұғылдана алар еді, бірақ оны да шетелдіктерге тапсырып қойды. Яғни бұл тура мағынасында шетелдік қор деген сөз. Біздің экспортерлеріміз ұлттық қарызымыздан үш есе аз, табысы да соншалықты төмен осы қорды толықтырып отыр. Ал Ұлттық банк ұлттық несие жүйесін қаржыландыру және қайта қаржыландырумен шұғылданбайтындықтан біздің коммерциялық банктеріміз шетелден әлдеқайда жоғары пайызбен несие алуға мәжбүр. Осыдан кейін ұлттық қарызымыз одан сайын көбейе береді, ал оның өсім пайыздары біздің Ұлттық қорымыздың өсім пайыздарынан үш есе көп.

Жүргізуші:

– Құрметті қонақтар, Азаттық радиосы осымен бүгінгі дөңгелек үстелін аяқтайды. Барлықтарыңызға рақмет.
XS
SM
MD
LG