Accessibility links

«Оппозиция шынайы бәсекелес пе, әлде виртуальды жоба ма?»


Әміржан Қосанов, "Азат" ЖСДП бас хатшысы. Алматы, 30 қыркүйек 2010 жыл

Әміржан Қосанов, "Азат" ЖСДП бас хатшысы. Алматы, 30 қыркүйек 2010 жыл

30 қыркүйек күні Алматыда түрлі саяси ұйым мүшелері мен партия өкілдерінің талқылаған тақырыбы осындай болды. «Жиырма жылдан бері жасап келе жатқан Қазақстандық оппозицияға кейбір азаматтардың біржақты түсінікпен қарауына қазіргі билік кінәлі» дейді оппозициялық партия мүшелері.


«ОППОЗИЦИЯНЫ ТҮСІНУ ҮШІН БИЛІК ЖАҒДАЙ ЖАСАУ КЕРЕК»

«Оппозиция, кез-келген қоғамда, тіпті монархиялық тоталитарлық жүйелердің көкесін көрсетіп отырған қоғамда да бар. Ал оның қалай топталуы әр мемлекетте әр түрлі» дейді оппозиционер саясаткер Әміржан Қосанов. Оның пікірінше, Қазақстанда идеялық жағынан да, ұйымдық жағынан да билікке балама болатын шынайы оппозиция бар.

Бірақ ол Қазақстанда оппозиция туралы дұрыс көзқарас болмай тұрғанын айтады. «Тырнақ астынан кір іздейтін кейбір басылымдар оппозиция туралы тек біржақты түсінік таратады. Жақсылығымызды көрмейді. Билік дұрыс жағдай жасамағандықтан көптеген азаматтар жиырма жылдан бері оппозицияны әлі де түсінбей келеді» дейді «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов.
"Бүгінгі Қазақстан оппозициясы: шынайы балама ма, жоқ виртуальды жоба ма" атты дөңгелек үстел. Алматы, 30 қыркүйек 2010 жыл

– Оппозиция кез-келген елдегі демократиялық қоғамның нышаны болғанымен, қазіргі Қазақстанда олай емес. Егер оппозицияны жаныштау жөнінде Гиннесс рекордтар кітабы болғанда Қазақстан онда лайықты орын табар еді, - дейді Әміржан Қосанов.

«Оппозицияны түсініп, іштей қолдайтындар көп. Алайда олар пікірлерін ашық білдіруден қорқады. Өйткені не өзі, не туған-туыстары қудалауға ұшырайды» дегенді айтады оппозициялық саясаткер.

МАРАТ ШИБҰТОВ: «ПАРТИЯЛАРДЫҢ БІРІГУІ ҚАТЕЛІК БОЛДЫ»

Бас қосуда көтерілген тақырыптың бірі оппозициялық ұйымдардың қателігі жөнінде болды. Шекара аралық әріптестік қауымдастығының төрағасы Марат Шибұтов «Азат» пен Социал-демократиялық партиялардың бірігуін ең басты қателік дейді. Сонымен қатар Марат Шибұтов оппозициялық партиялардың саяси бағдарламаларын сынға алды.

– Барлық партиялардың саяси бағдарламалары өте әлсіз жасалған. Нақты атқаратын істері көрсетілмеген. Тек қана үндеулер. Партиялар адамға көмек көрсету үшін қажет десек, ондай делдалдың қажеті қанша. Өйткені қазір министрлер мен әкімдердің жеке блогтары бар. Халық өзі-ақ шағымдарын билікке жеткізе алады, – дейді Марат Шибұтов.

Әйтсе де ол билікте тек қана бір партияның болуы саяси тұрғыдан дұрыс емес екенін мойындайды.
Барлық партиялардың саяси бағдарламалары өте әлсіз жасалған. Нақты атқаратын істері көрсетілмеген. Тек қана үндеулер.

– Өзбекстан парламентінде төрт партия және бір экологиялық қозғалыс бар. Ресей думасында төрт партия отыр. Бұл саяси партиялар күресінің бар екенін көрсетеді, – дейді Марат Шибұтов.

Оның пайымдауынша, партиялар арасындағы саяси күрестің болмауы оппозицияның әлсіздігін көрсетеді.

Ал қарсы уәж айтқан оппозициялық партия өкілдері билік сахнасында бір партияның ғана болуы сайлаудың әділ өтпейтініне байланысты дегенді айтты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG