Accessibility links

Осыдан алты жыл бұрын Орал қаласында ашылған шағын өлкетану мұражайы, жылдар өте келе, тарихи кітаптар мен фотосуреттер, ескі тұрмыстық заттарын әкелетін оралдықтардың арқасында халықтық жәдігерлер орталығына айналды.

2003 жылы «Оптима» кітап дүкенінде Оралдың бір топ тұрғындарының бастамасымен «Ежелгі Орал» атты өлкетану көрмесі ашылған еді. Бұл көрмеге қатысуға барлық жергілікті өлкетанушылар мен жәдігер жинаушылар шақырылған.

Көрмені ұйымдастырушылардың бірі, жазушы және өлкетанушы Анатолий Трегубовтың айтуынша, бастапқыда көрме он күнге жоспарланған, бірақ қала тұрғындары мен қала қонақтарының қызығушылығы күннен-күнге артқандығы байқалғаннан кейін ол жиырма күнге ұзартылған. Мұражайға тек Орал қаласы тұрғындарының емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдік ғалымдар да қызығушылық танытқанынан кейін көрме бірте-бірте тұрақты жұмыс істейтін мәдени орынға айналған.

– Екі ай өткеннен кейін Орал қаласында «Ежелгі Орал» жаңа мұражайы дүниеге келгендігі белгілі болды. Көрмеге келгендердің саны біз күткендегіден әлдеқайда асып түсті. Кей кездерде ұсақ топтар мен жалғыз жүрген көрермендерден басқа күніне жеті экскурсиядан келіп
Анатолий Трегубов, "Ежелгі Орал" мұражайын ұйымдастырушылардың бірі. Орал, 25 ақпан 2009 ж.
жүрді. Олардың барлығына жеке-жеке дәріс оқылды. Адамдар тек көрмеге қойылғандарды қызықтап қана қоймай, өздерінің үйінен ежелгі Оралдың тұрмысынан сыр шертететін әртүрлі тұрмыстық заттар, кітаптар мен фотосуреттер әкеліп жүрді. Осылайша мұражай шынымен халықтық болып кетті, – деп еске алды Анатолий Трегубов.

Бүгінде «Ежелгі Орал» мұражайында өлкетану-экспозициялық жұмыстармен қатар, әртүрлі мәдени шаралар өтеді. Мұражайда әрдайым кітаптардың тұсаукесерін немесе Орал тарихында із қалдырған белгілі зиялыларға арналған кештер өткізу дәстүрге айналды.

Анатолий Трегубовтың айтуынша, осы жылдар бойына мұражай Оралдың қызықты да бай мәдени дәстүрлерін білетін және сүйетін адамдар бас қосатын өзіндік мәдени ошақ болып отыр.

– Мұражайда оң мыңдаған қала тұрғындары, оқушылар мен студенттерге көптеген экскурсиялар өткізілді. Жүздеген адам мұражай қорының қалыптасуына ат салысып, көпшлігі мұражайдың тұрақты достары мен белсенділері қатарын кеңейітті, - дейді Анатолий Трегубов.

Қазіргі кезде мұражай қорында Орал қаласының әртүрлі жылдардағы көріністері бейнеленген суреттер, 1880-1950 жылдарда өмір сүрген оралдықтардың фотосуреттер, ескі жиһаз, ыдыс, сағат, тұрмыстық және балық аулау зат-құралдары, киімдер, иконалар, монеталар секілді тарихи жәдігерлер бар. Сонымен қатар, бұл жерде қаланың ең көне Курени мен Новоселка аудандары және Жайық өзенінің жағалауынан табылған қола дәуірінен бастап ХХ ғасырға дейінгі кезеңдерден сыр шертететін материалдардың мол мұрасы сақталған. Революцияға дейінгі өлкетану әдебиеттері мен бұрынғы баспа кітаптарының жинағы бар мұражай кітапханасы күннен-күнге толықтырылуда, олардың көпшілігінде кітап авторларының қолтаңбасы қойылған.

"Ежелгі Орал" мұражайындағы тарихи жәдігерлер. Орал, 25 ақпан 2009 ж.
Өткен алты жылдың ішінде Қазақстанның басқа қалалары мен таяу және алыс шетел мемлекеттерінен – АҚШ, Канада, Австралия, Израиль, Үндістан, Қытай, Германия мен Болгария, көршілес Ресей елдерінен Оралға келген қонақтар мұражайда болып, ондағы тарихи мұраны тамашалады.

– Осының барлығын ақысыз, ағарту мақсатында жасадық. Мұражайға кіру мен экскурсия тегін жүргізілді. Біртіндеп Орал қаласының түрі қазіргі заман талабына сай өзгеріп, ескі қалпын жоғалтып келеді, ал бұл жағдайда кез келген адам Орал қаласы туралы өзін қызықтыратын нақты материалдарды бізден алып, оның ежелгі, тарихи келбетін көргендей болады. Біздің қорымызда әлі де мыңдаған экспонаттар бар, бірақ олармен халықты таныстыру үшін мұражайда орын аз болып жатыр. Мұражайдың көлемін ұлғайту мәселесі жөнінде біз мемлекеттік органдарға жолығып, өтінішімізді айтқанымызбен, олардан әлі күнге дейін еш жауап жоқ, - дейді Анатолий Трегубов.

Бүгінгі таңда осы мұражайды қолдау үшін арнайы «Ежелгі Орал» атты қоғамдық мәдени-ағартушылық қор құрылып, ресми тіркелген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG