Accessibility links

АҚШ-тағы тыңдау кезінде Саудабаев Жовтистің ісі жайында тіс жармады


Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.

Вашингтонда ЕҚЫҰ төрағасы – Қазақстанның рөлі АҚШ-тың Хельсинки комиссиясында тыңдалды. ЕҚЫҰ-дағы АҚШ өкілдері Қазақстанға қолдау танытты. Алайда, Америка жағы Қазақстанға, ұйым төрағасы қызметін тиімді атқаруы үшін, бұдан үш жыл бұрын берген уәделерін орындау керектігін ескертті.

УӘДЕЛЕРДІ ОРЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА ҚОЛДАУ КӨРСЕТПЕК

Ақпанның 2-күні Америка Құрама Штаттарының астанасында өткен тыңдау кезінде АҚШ Хельсинки комиссиясының тең төрағасы Элси Хастингс (Флориданың демократы) 2007 жылы Мадридте өткен сыртқы істер министрлерінің мәжілісінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-на жаңа төраға болып тағайындалуы үшін АҚШ-тың қолдау көрсетуіне өзінің бастамашы болғанын еске салды.

Алайда, конгрессмен Хастингс Мадридте өткен мәжілісте берілген сөзге, яғни Қазақстан үкіметінің реформалар жүргізуге байланысты берген нақты уәделеріне сенім артқандықтан қолдау көрсетілгенін айтты.

«Берілген уәделердің сол қалпында қалатынына сенгім келеді және мен үкіметіңіздің ЕҚЫҰ міндеттемелеріне орай Мадридте берген
Және мен үкіметіңіздің ЕҚЫҰ міндеттемелеріне орай Мадридте берген уәделерін іске асыру жұмыстарын жалғастыруын күтудемін, министр мырза.
уәделерін іске асыру жұмыстарын жалғастыруын күтудемін, министр мырза», – деді Элси Хастингс Қазақстанның сыртқы істер министрі және ЕҚЫҰ-ның жаңа төрағасы Қанат Саудабаевқа қарап.

Құрамына 56 ел кіретін ЕҚЫҰ-ның өз мүшелеріне қоятын бірнеше талабы бар, мүше мемлекеттердің белгілі бір демократия, БАҚ бостандығы, әділ сайлау стандарттарын, әрі адам және азшылық құқықтарын сақтауы сол талаптарға жатады.

2010 жылғы ЕҚЫҰ-ның төрағалығын қабылдап, елде демократиялық реформалар жүргізуге уәде берген орталық азиялық мұнайға бай ел – Қазақстан ендігі жерде Батыстың қырағы бақылауында.

ӘДІЛЕТСІЗ СОТТАР

2001 жылдан бері Қазақстан қауіпсіздік жөнінен АҚШ-тың негізгі серіктестерінің бірі болып келеді, бірақ бұл елде батыс бақылаушылары мойындайтындай ерікті де әділетті сайлау ешқашан өткен емес.

Қазақстанда жиырма жыл бойы билік басында отырған ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз билігіне оппозициядағыларға қырын қарайды.

Былтыр сот оппозициялық «Республика» газеті жала жапқан деп тауып, осыған байланысты газеттің бірнеше таралымы сатылымнан алынды. Тағы бір оппозициялық газет «Тасжарған» да жала жабу айыбы бойынша шығарылған сот шешімінен кейін жабылып тынды.

АҚШ Хельсинки комиссиясының тыңдауы кезінде Азаттық радиосының Қазақ қызметі, Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың жемқорлыққа қатыстылығы туралы мақалалар жариялаған кемінде бес оппозициялық және тәуелсіз газеттердің өнімін тұтқындау туралы Алматының Медеу аудандық сотының анықтамасы шыққандығын хабарлады.

Сенатор Бен Кардин (Мэриленд демократы) ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мүмкіндігін ие болған Қазақстанды «Фридом Хаус» халықаралық баспасөзді қорғау ұйымы әлемдегі бостандық сақталмайтын елдердің тізіміне кіргізгенін атап көрсетті.

Кардин Қазақстанға ЕҚЫҰ-на арналған айқын күн тәртібін ұсынғаны үшін оң баға берілгенін айтты. Бірақ, ол бұған қоса, елдегі БАҚ туралы шектеуші заңның, бейдемократиялық сайлаудың, сондай-ақ белгілі адам құқын қорғаушы Евгений Жовтистің түрмеге жабылуы Қазақстан үкіметі үшін елеулі мәселе екенін және үкіметтің бұл тәрізді келеңсіздіктерге жол бермеуге тиіс екендігін ескертті.

Сейсенбі күнгі тыңдауда Қанат Саудабаевтың сөз алуына мүмкіндік бермес бұрын АҚШ Хельсинки комиссиясының теңтөрағасы Элси Хастингс астарында саяси пиғыл мен елдегі басқаша ойлайтындарды қудалау жатқан – Евгений Жовтистің ісі туралы мәселе көтерді.

Бұл іс елдің іші-сыртында қызу пікір тудырды деп санайтын Хастингс жиында осылайша істің мән-жайын сипаттап жатқанда Қанат Саудабаев пен қазақ жағының өзге де лауазымды адамдары үн-түнсіз отырды.

«Жовтис, тіпті, бірнеше рет осы комиссияның алдында айғақ берген. Мен оның Қазақстанның Жоғарғы сотына апелляциялық шағым жасағанын білемін және осы мәселе шешімін табатынына сенімдімін», – деді Хельсинки комиссиясының тең төрағасы Элси Хастингс.

ҚАЗАҚСТАН БЕЛГІЛЕГЕН КҮН ТӘРТІБІ

Өз кезегінде сөз алған Қазақстанның сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ-ның жаңа төрағасы Қанат Саудабаев Қазақстанның алдағы жылға арналған жоспары жайында әңгімеледі, алайда Жовтистің ісі туралы тіс жармады.

Өз сөзінде Саудабаев төзімсіздікке және адам, оның ішінде бала саудасына қарсы күрестің, шекаралардың қауіпсіздігін арттыру және Арал теңізінің мәселесін шешудің де күн тәртібіне енгізілгенін айтты.

Қанат Саудабаевтың айтуынша, оның үкіметі ЕҚЫҰ-на мүше елдерде бар діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогқа,
Біз ол процесстерді ең әуелі өз елімізде жылжытатын боламыз, өйткені, біздің халқымыздың саналы таңдауы – демократия орнату болатын.
сондай-ақ сол елдердегі діни төзімсіздікті, нәсілшілдікті, ксенофобия мен антисемитизмді жою жұмыстарына септесетін болады.

Бұған қоса Саудабаев Қазақстанның дін бостандығын, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін, заңның үстемдігін және сот билігінің тәуелсіздігін нығайту секілді іргелі құндылықтарға айрықша мән беретініне уәде етті.

Алдында айтылған мәселелерге қатысты комиссияның сынын мойындағанын көрсетіп, Қанат Саудабаев былай деді: «Біз ол процесстерді ең әуелі өз елімізде жылжытатын боламыз, өйткені, біздің халқымыздың саналы таңдауы – демократия орнату болатын».

КӨРШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІ

Батыс Қазақстанның өз ішінде реформалардың алға жылжытатына және де Орталық Азияның басқа елдері үшін оның үлгі болуына ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі қозғау салатынына үміт артқандықтан Қазақстанға қолдау көрсеткені мәлім.

Сенатор Бен Кардиннің айтуынша, Қазақстанның сайлануы ғажап бастама әрі мүмкіндік болып табылады. Бұған қоса ол бұл елдің ЕҚЫҰ-на төраға болуы оның аймақтық көршілерін аталмыш ұйымға толықтай қосылуға ынталандырады деп үміттенетінін жеткізді..

Өз кезегінде Қанат Саудабаев реформалар жүргізу үшін Қазақстанның бірқатар жаңа мақсаттарды көздеп отырғанын мәлімдеді де, мысал ретінде жуырда ел парламентінде қаралатын адам құқықтарын нығайту туралы заңнама жобасын тілге тиек етті.

ЕҚЫҰ-на төраға болған мерзімінде Қазақстанның жасайтын басты қадамдарының бірі ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің басшылары мен үкімет басшыларының қатысуымен өтетін жоғарғы деңгейде саммит ұйымдастыру болмақ. Бұған қоса Қанат Саудабаев жаңа төрағаның күн тәртібі Ауғанстанға, әсіресе гуманитарлық жобалар бойынша ЕҚЫҰ-ның кеңінен қатысуын қамтамасыз етуден басталатынын айтты.

«Меніңше жоғарғы деңгейдегі саммиттің басты нәтижесі – даму болуға тиіс. Біз ЕҚЫҰ елдері басшыларының Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық сауығуына және бейбіт өмірдің негізін қалауға бағытталған күш-қайратын бір арнаға түсіру үшін олардың бірыңғай саяси жігерін қалыптастыруға тиіспіз. Себебі, бүгінде әскери жағынан жүкті мойынына НАТО алып отыр», – деді Қанат Саудабаев.

Ол сонымен қатар, Ауғанстан Орталық Азияға жақын болғандықтан оның Қазақстан үшін басымдықтар тізімінде айрықша орын алатынын жеткізді.

«Біздің бірлесе жұмсайтын күш-қайратымыздың адамдық өлшемдерін ол елде елеулі түрде кеңейтудің мезгілі жетті», – деді Қанат Саудабаев.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG