Accessibility links

ЕҚЫҰ төрағалығындағы 100 күнде Қазақстанда демократияның демі сезілмейді


Алматыдағы митингті бақылаған полиция қызметкерлері. 11 сәуір 2010 жыл.

Алматыдағы митингті бақылаған полиция қызметкерлері. 11 сәуір 2010 жыл.

Халықаралық адам құқын қорғаушы Human Right Watch ұйымы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төраға болғанына 100 күн өтседе адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттері көңіл көншітпейді деген мәлімдеме жасады.


ҚҰРҒАҚ УӘДЕ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалықты алғанына 100 күннен асты. Батыс елдерінде ел жетекшілерінің немесе ұйым басшыларының алғашқы 100 күнде атқарған шараларына баға беру дәстүрге айналған. Осы күнге қатысты Халықаралық адам құқын қорғаушы Human Right Watch ұйымы ресми Астананың ұйымға төрағалық алғаннан бергі жұмысына баға беріп, адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттері көңіл көншітпейді деген мәлімдеме жасады.

Human Right Watch ұйымының айтуынша, Қазақстан беделді халықаралық ұйымға төрағалықты алғанда, елдегі адам құқықтарын қорғау мен сыйлау жөнінде міндеттемелер алған.

Бірақ ресми Астана ұйымға төрағалықты алу жолында елдегі адам құқықтары жағдайын жақсартуға бағытталған реформалар жасауға уәде
АҚШ президенті Барак Обама мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (бірінші қатарда) ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысқандардың бірлесіп суретке түсуі сәтінде. Вашингтон, 13 сәуір 2010 жыл.
беріп, арнайы жоспарын ұсынғанымен де, ол реформалары жүзеге аспай жатыр делінген ұйымның таратқан мәлімдемесінде. Қазақстан билігі реформалар жасаудың орнына еркін жиындар өткізуді шектейтін, ақпарат құралдары мен интернет сайттарын бақылауға алатын заңдарын күшейтіп отыр деді Human Right Watch ұйымының Орта Азия бойынша сарапшысы Андреа Берг.

Ол Қазақстанның алғашқы 100 күндік төрағалығына халықаралық ұйымның көңілі толмай отырғанын айтты.

«Human Right Watch Қазақстанның ЕҚЫҰ-на алғашқы жүз күндік төрағалығы барысындағы оқиғалардан көңілі қатты қалып отыр. Біз ұйымға жетекші болып отырған Қазақстаннан адам құқықтары көрсеткіштерінің үлгісін көрмедік. Соңғы үш айда ғана емес әсіресе соңғы уақытта адам құқы саласындағы негізгі мәселелер, еркін жиындар өткізу, ақпарат еркіндігі саласындағы қандайда бір дамуларды көре алмай отырмыз», - деді Андреа Берг.

СЫНИ ПІКІРГЕ ТҰМЫЛДЫРЫҚ КИГІЗУ

Қазақстанда заңдармен интернетке бақылаудың күшейтіліп отырғанына назар аударған Human Right Watch өкілі соңғы кезде бұл елде
«Еркін интернет үшін» қозғалысы мен сөз бостандығын қорғаушы «Әділ сөз» қоғамдық қорының белсенділері, интернет-сайттарды реттейтін заң жобасының бірінші оқылымда қабылдануына наразылық ретінде, шынжырланған компьютерді парламент мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджановқа сәлемдеме етіп жолдады. Алматы, 29 сәуір 2009 жыл.
бірқатар вебсайттар тұмшаланып, блогтарға кіру мүмкін болмай қалғанын алға тартты.

Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның қазіргі төраға елі оппозициялық «Алға» партиясын тіркеуден бас тартып отырғанын айта келе, әділетсіз сотпен түрмеге жабылған елдің белгілі құқық қорғаушы белсендісі Евгений Жовтистің ісін қайта қарау жөніндегі апелляциялық шағымы кері қайтарылды делінген Human Right Watch ұйымының таратқан мәлімдемесінде.

Адам құқын қорғау жөніндегі бұл ұйымның Орта Азия бойынша маманы Андреа Берг, Қазақстандағы адам құқы жағдайын жақсарту үшін қандайда бір көп ақша емес тек биліктің саяси ниеті ғана қажет деп отыр:

«Қазақстанда оңай реттеуге болатын адам құқының бұзылған жағдайлары көп. Оны жақсарту үшін қандай да бір ақша немесе басқа нәрсе керек емес, іс жүзінде тек үкіметтің елдегі адам құқын жақсартуға деген саяси ерік-жігері мен ниет қажет болады».

Андреа Берг Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалықты алар уақыты жақындаған тұста, нақтырақ айтқанда 2009 жылдың желтоқсанында, Азаматтардың жеке құқына қол сұқпау жөніндегі заңды қабылдағанын сынады. Бірқатар халықаралық ұйымдардың алаңдаушылығын тудырған ол заң ресмилердің ар-намысқа тіл тигізді деген желеумен журналистерді жазалайтын шарасы деген Хьюман Райтс Уотч өкілі бұл тұрғыда алаңдаушылық тудырған екі мәселені шешу жолдарын алға тартты:

«Оның бірі - мәселен, журналистер мен газеттерге қарсы азаматтық шағымдардағы жала жапты деген айыптар бойынша шығарылатын
Адам құқын қорғаушы Евгений Жовтистің жеке блогының көрінісі. http://zhovtis.blogspot.com
шешімнің жоғары жазасын бекіту, тағы бірі - қылмыстық жала-жабу шағымдарын алып тастап, жала жабуды азаматтық мәселе ету керек», - деген кеңестер берді.

ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА

Сонымен қатар Human Right Watch сарапшысы ұйымның алаңдаушылықтарына негіз болған мәселелердің бірі құқық қорғаушы Евгений Жовтистің сотын қайта қарау ісі деді:

«Онда сондай-ақ үкіметті Евгений Жовтис ісін қайта қарауға шақырған үндеулер бар, онда Жовтис тарапынан ұсынылған барлық құжаттар мен айғақтар назарға алынуы тиіс екені көтерілді».

Үш жылға түрмеге кесілген «Алма-Ата инфо» тәуелсіз газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов сот үкімі шығатын күні. Тараз, 8 тамыз 2009 жыл.
Human Right Watch-тың Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалыққа кіріскен 100 күндігіне қатысты таратқан мәлімдемесінде, Орта Азия бойынша адам құқын қорғаушы маман Андреа Берг Қазақстан пікір еркіндігіне қатысты шектеулерін алып тастаса деді:

«Сонымен қатар адамдардың пікірлерін білдіру үшін еркін жиналуына және осы сияқты жағдайларға енгізілген шектеулерді алу маңызды қадам болар еді. Оның бәрінің орындалуы мен жағдайды жақсарту үшін мен жоғарыда атап өткен саяси тілек пен ниет қажет»,- дейді Берг.

Сонымен Human Right Watch ұйымының Қазақстан билігіне айтқан ұсыныстары қатарында түрмеге жабылған журналист Рамазан Есіргепов тезарада босатылуы тиіс делінген.

Және де интернеттегі мақалаларды сүзгіден өткізуді тоқтату, вебсайттарды тұмшалап, ақпарат өкілдерінің хабар таратуын шектемеуді ұсынған.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төраға еткен алғашқы 100 күніне баға берген Human Right Watch ұйымы бұл елдегі адам құқының бұзылу оқиғаларын тізіп шыққан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG