Accessibility links

«Ар-ождан жазасына» көбінесе әйелдер ілігіп, құрбан болуда


Бет-жүздерін тұмшалаған пәкістандық әйелдер. Исламабад, 9 шілде 2008 жыл.

Бет-жүздерін тұмшалаған пәкістандық әйелдер. Исламабад, 9 шілде 2008 жыл.

Әлемнің кейбір елдерінде отбасының немесе тайпаның ғұрып-салтына кір келтірді деген желеумен адамдарды өлім жазасына кесу дәстүрі әлі кездеседі. Басқа діндегі жігітпен кездескен бойжеткен, зинақорлық жасаған деп айыпталған ерлі-зайыпты адамды өз туыстары немесе қауым болып осылайша жазалайды.


«ҚАРАБЕТТІ» ЖАЗАЛАУ

Наурыздың 9-ы күні Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясының соты бес әйелді тірідей жерлеген пәкістандық 4 ер адамды өмір бойы түрме жазасына кесу туралы үкім шығарды. Осы қылмыстық іске қатысты тағы бір айыпталушы алты айға түрмеге жабылып, қалған 16 адам ақталып шықты.

Жыл сайын бұл аймақтағы тайпада «ар-ожданға тию жазасына» ұшыраған жүздеген әйел өлтіріліп келеді деп дабыл қаққан адам құқын қорғаушы ұйымдар осы жолы әйелдерді жерге тірідей көміп өлтіру - асқан қатыгездікпен жасалған қылмыс болды деп отыр.

2008 жылдың тамызында Пәкістанның Жафарабад ауданында Умрани тайпасының ер-азаматтары атастырылып қойылған 16-18 жас шамасындағы үш бойжеткеннің өз еркілерімен болашақ күйеулерін таңдау жолындағы әрекеттерін ар-намысқа тиетін әдепсіздік деп
Пәкістандық жеке меншік телеарнаның хабарында жазаға ұшыраған әйелге дүре соғу сәті көрсетілген.
бағалап, оларды ауылдық аймаққа апарып, «ар-ождан жазасы» бойынша өлтірген.

Адам құқын қорғайтын «Хюман Райтс Уотч» ұйымының деректеріне қарағанда, тайпа адамдары ол қыздарды әуелі оқпен атып жаралап, кейін оларға тас және топырақ лақтырып, жерге тірідей көмген.

«Гардиан» басылымының жазуынша, тайпа азаматтары үш бойжеткенді құтқаруға барған екі қызды да оларды қолдағаны үшін өлтіріп тастаған. Өздерінің ежелгі дәстүрі бойынша «ар-ожданды қорғау жазасына» кесілген жас қыздарды тірідей жерлеп, әрі кінәсі жоқ екі әйелді де өлтірген тайпа адамдарының қылмысы халықаралық қауымдастықтың назарын аударған оқиға болды.

Пәкістандық және халықаралық адам құқын қорғаушы топтар құрбан болғандар үшін істің әділ өтуін талап еткен бірнеше шеру өткізді. Бірақ осы өлімнің артында тұр деп күдіктелген тайпаның ықпалды көсемі Умрани Балуч ұсталмаған.

ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ БАР, ТОЗЫҒЫ БАР...

«Ар-ожданды қорғау жазасы» Пәкістандағы тайпалардың талай ғасырлардан келе жатқан діни емес дәстүрі. Пәкістанның ұлттық парламентіндегі Белуджистан аймағының депутаты Исрарулла Зери бес әйелді тірідей жерге көміп өлтіру оқиғасын «тайпаның дәстүрі бойынша жасалды, мен ғасырлардан бері келе жатқан ол дәстүрді қолдаймын» дей келе, бұл мәселені парламентте көтерген сенатор әйел Нилофар Бахтиярға қарсылық танытқанда, оны бірнеше ер депутат қолдап шыққан.

Пәкістанда «ар-ождан қорғау жазасына» заң жүзінде тыйым салынған. Алайда, соған қарамастан, ел ішінде бұл жаза еш кедергісіз қолданылып келеді. Көп жағдайда пәкістан полициясы мұндай оқиғаларға мән бермеуге, оны қылмыстық іс ретінде тіркемеуге тырысады.

100 миллионнан аса халқы бар Пәкістанда «ар-ождан жазасымен» жылына 2 мыңдай адам өлтіріледі дейді Пәкістандағы әйелдер құқын
Көпшілікке Айман Удас есімімен танымал пәкістандық әнші әйел «дәстүрге ерсі қылығы үшін» туған бауырларының қолынан 2009 жылы көктемде қаза тапты. Жеке мұрағаттағы сурет.
қорғаушы Саима Мунир Азаттыққа берген сұхбатында. Оның айтуынша, тайпа адамдарының немесе осы топқа жататын отбасы иелерінің ар-ожданды қорғау мақсатында делінетін жазасы әртүрлі қатыгез жолдармен жасалып келеді.

Мәселен, отбасы қарсы болған басқа діннің өкілімен кездескен қызды итше тепкілеп өлтірген жағдайлар болған. Тағы бірде туған ағасы жігітпен кездескен қарындасының бетін күйдіріп өлтірген. Тіпті Британияда тұратын пәкістандықтар да бұл жазаны қолданып, анасы мен ағасы отбасына кір келтірді деген қызды тұншықтырып өлтіргені үшін өмірлік түрме жазасын алған.

«Ар-ождан жазасы» көптеген елдерде, әсіресе Таяу Шығыс елдерінде отбасына немесе тайпа дәстүріне кір келтірді деген желеумен әлі де қолданылып келеді. Ондай жазаға бойжеткен қыздың ернін қызартып бояғанынан бастап, өзге діндегі адаммен кездескені немесе отбасы атастырғаннан басқа жігітпен жүруі сияқты оқиғалар негіз бола алады. «Ар-ождан жазасы» көбінесе жас қыздарға қарсы қолданылып келе жатқан жаза. Сондай-ақ, отбасы бола тұра басқа адаммен махаббат құрған ерлі-зайыптылар да осы жазамен өлтіріледі.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ

Бұл мәселені БҰҰ-ның қайырымдылық істер жөніндегі кеңсесінің аясында ашылған Азия, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі төтенше жағдайлар туралы хабар беретін арнайы жобаның IRIN сайты да көтеріп отыр. Онда келтірілген мәліметтерге қарағанда, Пәкістанның Пенджаб провинциясында ар-ождан жазасынан әрең дегенде құтылып шыққан Жәмила Хан (аты өзгертіліп жазылып отыр) есімді әйел өзінің бастан кешкен азапты күндерін баяндап берген.

25 жастағы ол қыз өз анасының қыз баланы соншалықты жеккөргенін айтады. Жәмила анасы өзін мектепке жібермей, арқанмен байлап
Жеке куәлік алу үшін Пәкістан өкіметі ұйымдастырған тіркеу орнына жиналған ауған босқын әйелдері. Пешавар, 22 қаңтар 2007 жыл.
ұстағанын, қолының бірнеше рет сынғанын айтқан. Анасына қоса бірге туған бауыры Жәмиланы «жігітпен кездестің» деп айыптап, бір күні үйге қамап, электр тоғымен өлтірмекші болған. Сол жолы амалын тауып Жәмила үйінен біржола қашып шыққан.

Сөйтіп ол 2002 жылы «ар-ождан жазасымен» ажал құшу қаупінен құтылып, аман қалған қыз болды, бірақ Оңтүстік Азия елінде жүздеген, бәлкім мыңдаған бойжеткен ар-ождан жазасының құрбаны болып отыр дейді Пәкістанның адам құқын қорғаушы комиссиясы.

Пәкістанда ар-ождан өлімінің, жалпы әйелдерге қарсы жаза түрінің көбеюіне бірден бір себеп - мұндай істердің 20 пайызы ғана сотқа беріледі дейді адам құқын қорғаушы топтың директоры Камила Хиат. Ол әйелдерді қорғайтын, тұрмыстық жазалардан құтқаратын күшті заңдар керектігін айтады.

Пәкістанның тайпалы аймақтарында «ар-ождан жазасы» түрлі жағдайда орындалады. Оның бірі қауымдастықтың қатысуымен әйелді өлгенше ұрып-соғатын «каро-кари» деп аталса, тағы бір әдіс - құрбанды тепкілеп, өртеп немесе атып өлтіретін «тур» деген атаумен белгілі.

Бұл сөздердің екеуі де жергілікті тілмен «қарабет» дегенді білдіреді. Мұндай жазаға тап болған қыз-келіншектерді әкелері, бауырлары немесе күйеулері болмаса тайпа адамдары өлтіреді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG