Accessibility links

Зейнетақы қорындағы қаржыңыздан хабарыңыз бар ма?


Украинада зейнетақы туралы сұрақ көшедегі билбоардқа ілінген.

Украинада зейнетақы туралы сұрақ көшедегі билбоардқа ілінген.

Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты пікірталастар әрқилы. Оған сенім артатындармен қатар салған ақшасы қайтарынан үміттенбейтіндер де бар. Зейнетақы қорындағы қаржы көлемі қазір 2 триллион 89 миллиард теңге жеткені мәлім болды.



Қазақстанда 90-шы жылдардың ортасында зейнетақымен қамтамасыз ету - өткір мәселеге айналды дейді экономистер. Бұл кезде елде инфляцияның өсімі шарықтау шегіне жетіп, бюджет тапшылығы қатты сезіле бастаған.

Деректер бойынша, зейнетақы жүйесін жекешелендіру арқылы қиындықтан шығудың жолын 1989 жылы Чилидің еңбек министрі Хосе Пиньер ойлап тапқан. Ол ұсынған жүйеде әрбір қызметкерге өзінің болашағы жөнінде өз бетімен қам жеуге құқық пен міндеткерлік берілді.

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ақпараттары бойынша, 2010 жылы қыркүйеектің 1-індегі ақпарат бойынша, елде 13 жинақтаушы зейнетақы қорларындағы сома 2 триллион 89 миллиард теңгені құраған. Бір ай ішінде ол 1, 7 пайызға өсіпті.

Зейнетақы қорлары қауымдастығының төрағасы Айдар Әлібаевтың пікірінше, қорлардағы қаражат салымшыға пайда әкелуімен қатар, олардың мемлекеттік секторларға да көмегі тиюі қажет. Ал зейнеткерлік қорлар мамандары басты міндет ақшаны көбейту емес, сеніп тапсырылған қаражатты сақтау дейді ол.

Алматылық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Виктор Ямбаев қазіргі зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнан зейнеткерлік немесе болашақ зейнеткерлер ешқандай пайда көрмейтінін айтып, бұл жүйе ақыр соңында ешқандай нәтижеге әкелмейді деп есептейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG