Accessibility links

Австрия соты Рахат Әлиевтің ісін тергеуге қайта кіріспекші

  • Есен СМАҒҰЛОВ

Австрияның "Штандарт" газетінің веб-сайтынан көрініс. 23 қаңтар, 2009 жыл..

Австрияның "Штандарт" газетінің веб-сайтынан көрініс. 23 қаңтар, 2009 жыл..

Қазақстанның бұрынғы елшісі Рахат Әлиев Австрия үшін «ыңғайсыз мейман» бола бастағандай. Ал осы екі арада Вена прокуратурасы Армангүл Қапашеваны, Әбілмәжін Ғилымов пен Адонис Дербастарды тыңдауға ниет танытты.

Венаның құқық қорғау органдары Рахат Әлиевтің ісі бойынша тергеуді қайтадан қолға алмақшы. Бұл туралы ақпаратты Австрияның ықпалды басылымы der Standard жариялады.

«Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары, Қазақстанның Астриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің ісі аяқталған соң бір жарым жыл өткеннен кейін Венаның округтік соты Орталық Азияның саяси детективін тергеуге қайта оралды, — деп жазады басылым. — Келесі аптаның басында прокурор Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Әлиевке қарсы маңызды айыптаулар жасап отырған үшеудің жауабын тыңдамақ. 2007 жылдың тамыз айында аталған жер соты белгілі дипломат және олигарх Әлиевті еліне беруден бас тартқан еді. Мұндай шешім Қазақстанда құқықтық мемлекет критерийлеріне жауап бертін процесс жоқ деген негізде жасалған еді».

Қалай болғанда да, Рахат Әлиев Австрия үшін «ыңғайсыз қонақ» болуда. Прокуратура қайтадан алдын- ала тергеуге кірісуге мәжбүр еткен жағдайды жария етпегенімен, der Standard өзінің болжамдарын айтады. Жарияланымда айтылғандай, «билікке өткен жылдың желтоқсанында келген Австрияның жаңа үкіметі Әлиевтен құтылғысы келгенімен, Nabucco OMV газ құбыры сияқты Қазақстанмен арадағы өте маңызды экономикалық байланыстарды Әлиевтің күмәнді тұлғасы үшін құрбан қылғысы келмейді».

Әлиевке қатысты әрі қарайғы әрекеттердің Австрия басшылығы үшін күрделі болғаны сондай, бұл мәселе 12 желтоқсан күні елдің алдыңғы қатарлы ведомстволары өкілдерінің кеңесінде қаралды. Сонымен ел үкіметі сот тергеуін қайта жандандырудан ауытқымауға шешім шығарды.

Басылым 46 жастағы Рахат Әлиевтің өткен жылдың қазан айында Австриядан кететінін жариялағанын еске салады. Ол кезде Әлиев «Қазақстанның құдіреті күшті президенті оған қарсы соғысқа бар күшін салып отырған» жағдайда «Австрия үшін ауыртпалық болғысы келмейтінін» мәлімдеген еді. Содан бір ай бұрын, 2008 жылдың қыркүйегінде, Вена университетінің маңында Қазақстанның арнаулы қызметінің бұрынғы бастығы, Әлиевтің нөкерлерінің бірі Әлнұр Мұсаевқа шабуыл жасалды. Қаруланған төрт адам оны көлікке тығып кіргізбек болған. Әлиев 2007 жылы қазақстандық арнаулы қызмет агенттерінің оның өзін де ұрлап кетпекші болғанын айтады.

«Әлиев шынымен Венаның 19-округіндегі жеке үйін тастап кетті ме, әлде өзінің жария мәлімдемесімен алдап қойды ма, ол жағы белгісіз, — деп жазады басылым. — Қалай болған жағдайда да оның қарсыластары қайтадан белсенділік танытуда».

der Standard-тың мәліметі бойынша, Австрия сотына бұрынғы дипломат Әлиевті айыптап, оның жауабының бұрмаланғанына қатысты жауап беруге жоғалып кеткен банк менеджерінің бірінің әйелі Армангүл Қапашева, Әлиевтен жапа шеккен қаржыгер Әбілмәжін Ғилымов пен канадалық бизнесмен Адонис Дербас ниет танытып отыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG