Accessibility links

Мұнай өндіруші компаниялар өз табысын толық көрсетпей отыр


«Қазақстанда мұнай өндіретін компаниялар өндірілетін мұнай көлемін бір жарым екі есеге азайтып көрсетеді, соның кесірінен ел қазынасына едәуір көлемедегі салық түспей қалады». Қазақстанның экономистер қауымдастығының құрылтайшылар одағының төрағасы Арыстан Есентүгелов Астанада ақпанның 29 күні «Өндіру саласының ашықтығы бастамасының» жиынында осындай мәлімдеме жасады. Ресми мәлімет бойынша Өндіру саласының ашықтығы бастамасына Қазақстанда әлі 55 компания қосылмай отыр.

Қазақстанның экономистер қауымдастығының құрылтайшылар одағының төрағасы Арыстан Есентүгеловтың айтуынша Қазақстанда шикізат саласындағы компаниялар көлеңкеде отыр. «Ал, дамыған мемлекеттерде салықтан жалтарған компаниялар заңмен қуғындалады», дейді ол. «Сондықтан Қазақстанда заң шығарып, шикізат саласындағы компанияларға аудитор жіберіп, тексеру керек», дейді экономист Есентүгелов.

«Өндіру саласының ашықтығы бастамасын» енгізуді 2002 жылы сол кездегі Британия премьері Тони Блэр ұсынды. 3 жылдан соң Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастамаға қосылатындығын жеткізді. Бірақ, ол тізімге қосылу жергілікті заңдар бойынша міндет емес. Қазір бұл тізімде Қазақстанда 98 компания бар. Бірақ, әлі 55 компания тізімге қосылмай отыр деп хабарланды. Осы компаниялардан ақпарат алу жұмыстары жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келеді. 2005 жылығы есепті «Делойт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дайындады, деп хабарланды. «Мұнай табысын қоғам қадағалауына» деп аталатын Үкіметтік емес ұйымдар коалициясының өкілі Серік Қуаныштың айтуынша шикізат саласындағы компания есептерімен үкімет мәліметін салыстырса миллиардаған теңге кем болып қалады.

Қазақстан парламенті депутаты Ерлан Нығматуллиннің айтуынша жер қойнауы конституцияға сәйкес, елдің меншігі. «Ал ашықтық болмаса ол жемқорлыққа әкеп соғады. Осы уақытқа дейін ашықтық тізіміне салықты ең көп төлейтін «ТШО», «Аджип» және «Маңғыстаумұнайгаз» компаниялары қосылмай отыр», деді депутат. Үкіметтік емес ұйымдар өкілі Серік Қуаныштың айтуынша тізімде бар кәсіпорындардың есебі толық емес.

Қазақстанның энергетика министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша «ТШО» алдағы күндері тізімге қосылуға тиіс. Ал «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясын «Қазмұнайгаз» сатып алмақшы. Ал экономист Есентүгеловтің айтуынша Қазақстанда мұнай өндіретін компаниялар өндірілетін мұнай көлемін бір жарым екі есеге азайтып көрсетеді.

«Қазмұнайгаз» компаниясының президенті Ұзақбай Қарабалиннің айтуынша 2006 жылы кәсіпорын 307 миллиард теңгеден астам салық төлеген. 2007 жыл мәліметі әлі дайын емес. «Бірақ, ашықтық тізіміне мәлімет беру үшін қосымша шығын шығады. Бюрократия көбееді. Және бірнеше мәліметтердегі тізімдегі сандарда айырмашылық болады», дейді ол.

«Эксон Мобил Қазақстан» компаниясының өкілі Петти Грэхэмның айтуынша ақпарат барлығына бірдейі жеткізілмейді. «Себебі контрактілер бойынша ақпарат конфедицианалды түрде үкіметке беріледі», дейді ол.

«Мұнай табысын қоғам қадағалауына» деп аталатын Үкіметтік емес ұйымдар коалициясының төрағасы мәлік Исабековтың бұл шара декларативті түрде емес шынайы түрде жүргізілу керек. «Шикізат компанияларындағы мәлімет тек үкіметке емес қоғамға жеткізілу керек әтпесе оны жемқорлар пайдаланып инвестициялық климатты жақсартудың орнына бұзып жібереді» дейді, ол. Штаб пәтері Ослода орналасқан «Өндіру саласының ашықтығы бастамасы» деп аталатын траст қорының өкілі Рэндал Фишердің айтуынша ашықтық Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартады. «Себебі Қазақстан болашақта мұнайды ең көп өндіретін 5 компанияға қосылуы мүмкін», деді ол.
XS
SM
MD
LG