Accessibility links

Қазақстандықтар заңнамалардағы жаңа өзгертулерді өз құқықтарына жасалған қысым деп есептейді.


Талдықорғандағы тұрғындарға қызмет ету орталығы, 11 қыркүйек, 2008 жыл.

Талдықорғандағы тұрғындарға қызмет ету орталығы, 11 қыркүйек, 2008 жыл.

Қазақстандықтар заңнамалардағы жаңа өзгертулерге сәйкес, әрбір азамат тіркеу орнын ауыстыруына және көшенің аты өзгертілуіне байланысты жеке тұлғасын куәландыратын құжатын ( удостоверение ) міндетті түрде ауыстыруы тиіс деген талаптарды азаматтық құқықтарына қысым жасау деп біледі.

Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті директорының орынбасары Ерлан Есмамбетов ҚР заңнамаларындағы өзгерістерге сәйкес әрбір азамат тіркеу орнын ауыстыруына және көшенің аты қайта өзгертілуіне байланысты жеке тұлғасын куәландыратын құжаттарын міндетті түрде ауыстыруы тиіс екенін халыққа БАҚ арқылы хабарлады.

Оның сөзі бойынша, егер ҚР азаматы тіркеу орнын өзгертсе, жеке тұлғасын куәландыратын құжатын да міндетті түрде ауыстыруы тиіс. Ол азаматтық кодекске сілтеме жасады.
- Себебі сіздерге мемлекеттік органдарда, банктерде қызмет көрсетілгенде, ең алдымен өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынасыз. Онда азаматтың қайда тіркелгені бірден көрінеді. Яғни қосымша мекен-жай туралы анықтамалар қажет болмайды және т.б., бұл бір жағынан – ыңғайлы, - деп есептейді Әділет министрлігінің шенеунігі.
Астаналықтар мұндай заңдық өзгерістерді өздеріне «ыңғайлы» деп есептемейді, керісінше, көп адамдардың пікірінше, бюрократтық қағазбастылықтың салдарынан қиындық туындайын деп отыр.

Әсия Нұрмағанбетова заңгер, адвокаттық кеңседе жұмыс істейді, солай бола тұра, өзінің әріптестерінің пікірін қолдамайды:

- Өткен жылы мен жеке куәлігімді жоғалтып алдым. Қазан айында ХҚО-ға (ЦОН) барып едім, екі аптадан соң келу керек деді. Мен осылай екі апта сайын жеке куәлігімнің жағдайын білу үшін ХҚО-ға барып жүрдім. Нәтижесінде мен куәлігімді 26 наурызда ғана алдым. Мұндай кешігуді олар, менің о баста куәлігімді Алматыдан алғандығымнан, Алматыдан растау жауапбын ұзақ күткенімен түсіндірді. Егер мен әр өзгеріс сайын жеке куәлігімді ауыстыра берсем, онда мені қандай «ыңғайлылықтар» күтіп тұрғанын сезіп тұрған боларсыздар.

Жетпіс үш жасар зейнеткер Ксения Габченко Азаттық радиосы тілшісінің заңнамалардағы көшенің аты өзгертілуіне байланысты жеке тұлғасын куәландыратын құжатты ауыстыруы қажет екені туралы өзгерісті қалай қабылдадыңыз деген сұрағына былай жауап берді:

- Мен Пушкин көшесіндегі осы үйде отыз жылға жуық уақыт тұрып келемін. Осы үйде менің немере қызым туған, жақында ол маған шөбере сыйлады. Енді ол да осы үйде өсіп келеді. Жазда біздің көшемізді Республика даңғылы деп қайта өзгертті. Бірнеше айдан кейін үйдің номерін де ауыстырды. Мен осы жылдар аралығында бұл пәтерден шығып кетпесем де, енді осында, бірақ басқа қала, басқа көше атауымен, тіпті номері де өзгертілген үйде тұрып жатырмын. Бұрынғыдан сақталып қалғаны пәтердің номері ғана. Енді Ресейдегі немерелерімнің жіберген жаңа жылдық құттықтаулары маған жете қояр ма екен? Целиноградты Ақмолаға ауыстырды – мен куәлігімді бір ауыстырдым делік, Ақмоланы Астанаға ауыстырды – куәлікті екінші рет, одан көшенің атын – үш, үйдің номерін – төрт. Нәтижесінде мен соңғы жарты жылда екі рет өзгертуім керек болған. ХҚО-ға барып ұзын сонар кезекте тұруға менің ауру аяғым жарамайды, мерзімін жылдамдатуды зейнетақым көтермейді. Ал менің құжатымды екі айдан соң берсе, мен зейнетақысыз отыруым керек пе? Әр өзгерткен сайын мен неге өз қалтамнан 230 теңге төлеуім керек, әкімдік өзгертті ме, міне, енді менің куәлігім үшін сол әкімдік төлесін. Мен өзім ешқашан құжатымды жоғалтып көргенім жоқ, соңғы рет оны 1995 жылы Қазақстан Республикасының жаңа үлгідегі төлқұжаты беріле бастағанда ауыстырғанмын.

Тахир Абуллаев, таксопарк жүргізушісі:
- Бұл не деген сандырақ, кешіресіз, мұны ойлап тапқан кім? Менің алты балам бар, оның үшеуі кәмелет жасына жеткен студенттер. Егер көшенің атауын қайта өзгертсе, мен отбасымдағы бес куәлікті өзгертуім қажет бола ма, яғни мен мың жарым теңге төлеуім керек болады. Ел егер жылдамдатсам, жиырма мың теңгедей төлеуім керек пе? Бұл нағыз сыбайлас жемқорлық қой, Әділет министрлігі тағы да басшыларын байытудың амалын ойлап тауып отыр. Себебі құжаттарды тездетіп рәсімдеу үшін 700- ден 3500 теңгеге дейін алады.
Бибігүл есімді жас мемлекеттік қызметші Азаттық радиосының тілшісіне тегін көрсетпеуін сұрады да, әр азаматтың тіркеу орнын ауыстыруына және көшенің аты қайта өзгертілуіне байланысты жеке тұлғасын куәландыратын құжаттарын міндетті түрде ауыстыруы туралы пікірін жылдамдата айтып кетті:

- Мен өз тегімді күйеуімнің тегіне ауыстырдым да, осы жылдың мамыр айында жаңа куәлік алдым, онда менің мекен-жайым көрсетілген. Қыркүйекте біз жиһаз сатып алмақ болып қысқа мерзімді несие рәсімдедік, банкте маған міндетті түрде үй кітабын әкеліп көшірмесін басқа құжаттырмен бірге тапсыруымды талап етті. Сондықтан мен бұл халық үшін ыңғайлы болады деп ойламаймын. Жеке басымды куәландыратын құжатта менің тіркелген мекен-жайым көрсетілген болса да, банкте де, АХАЖ –да және басқа да мемлекеттік мекемелерде міндетті түрде үй кітабын талап етеді. Мен қазір анамның үйінде тіркеудемін, күйеуім өз ата-анасында, егер біз өз пәтерімізді алсақ, тағы да куәліктерімізді ауыстыруымыз қажет бола ма? Қызық, егер мен куәлігімді ауыстырмасам, маған бұл үшін жаза қолданыла ма? Жазалаушы кім болуы мүмкін.

Азаттық радиосының тілшісі осы мәселе бойынша Астана қаласының әділет департаментіне хабарласқан еді. Сонымен бірге біз бөлім бастығынан ХҚО-лар күніне неше жеке куәлік беріп жатыр, егер адамдар қаптап кетсе, қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ережеде көрсетілген мерзімге яғни, бір айда үлгере ала ма дегенді де сұрап білдік.
- Біз қазір бұл сұраққа жауап беруге дайын емеспіз, егер шынында куәлік ауыстыратын адамдар қаптап кетсе, ХҚО-лардың бір ай мерзімде үлгеруі шындыққа жанаспайды. Адамдар екі ай немесе одан да көп уақыт күтуі мүмкін. Бірақ азаматтардың тіркеу орнын ауыстыруына және көшенің аты қайта өзгертілуіне байланысты жеке тұлғасын куәландыратын құжаттарын ауыстырмағаны үшін ешқандай әкімшілік жауапкершілік шара қарастырылмаған деп нақты айта аламыз. Яғни бұл үшін ешкімді жауапкершілікке тартпайды.

ҚР президенті жанындағы адам құқықтары бойынша құрылған комиссияның сараптамашысы Марат Башимов заңнамаға мұндай жаңалықтардың енгізілуі азаматтардың қозғалыс бостандығына деген конституциялық құқықтарын шектеу болып табылады деп есептейді:

- Тіркеу орны ауысқан сайын жеке куәлікті ауыстыру бұл конституциялық құқықты шектеу болып табылады. Мекен- жайды ауыстыру, көшенің қайта аталуына жеке куәлікті ауыстыруға себеп болмауы керек. Бұл біздің Конституциямызға қайшы келеді. Жеке куәлік – бұл жеке тұлғаны куәландыратын құжат. Онда бірнеше мәліметтер ғана болуы қажет, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және қай мемлекетке тиістілігі., яғни құжат бұл тұлғаның Қазақстан азаматы екенін білдіреді. Тіпті көшенің атауының ауысуы тұрмақ, қалаға тиістілігінің де қажеті жоқ. Бізде тіркеу тәртібі ескертіледі. Ал мұнда үкіметтің қаулылары мен нормативтік актілерге сілтеме жасалады. Қашаннан бері қаулылар Конституциядан жоғары болып еді. Бұл заңмен азаматтардың қозғалыс құқығы шектеліп отыр және міндетті тіркелу белгілі бір қатаң жағдайларда: ұлттық қауіпсіздік мақсатында, қоғамдық тәртіпті сақтауда және басқа тұлғалардың қозғалыс бостандығына қауіп төнгенде ғана жүргізіледі. Бізде қазір әскери жағдай емес және қауіпсіздігімізге де ешнәрсе төніп тұрған жоқ. Ешқандай шетелдік тәжірибеде адамдардың көшенің қайта аталуына байланысты жеке куәлікті ауыстыру мәселесі болып көрген жоқ. Ал егер бұл депутаттардың ұсынысы болса, онда Конституциялық кеңеске, сотқа және прокуратураға депутаттардың Конституцияға қайшы келетін нормаларды енгізгені туралы хабарлау қажет.


































Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG