Accessibility links

30 тамыз – Қазақстан конституциясының күні. 1993 жылы қабылданған конституция бойынша, Қазақстан парламенттік республика болатын. Бірақ одан бері негізгі заңға бірнеше өзгеріс енгізіліп, түзетілді.



Конституцияға енген өзгерістер бойынша, президент Назарбаевтың билік құзыры кеңейтіліп, күшейтілді. Бұдан былай Назарбаев шектеусіз мерзімге президент болып сайлана беретін болды, жеке басы мен отбасы мүшелерінің қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына, дүние-мүліктерінің тәркіленбеуіне кепілдік берілді.

Көрші Қырғызстанның ата заңы да 1993 жылы мамырда қабылданды. Алайда оған да бірнеше рет түзетулер мен өзгертулер енгізілді. Биыл маусым айында жалпыхалықтық референдумда қырғыз конституциясының жаңа мәтіні қабылданып, Қырғызстан президенттік республикадан парламенттік республикаға айналды.

Азаттық радиосының дөңгелек үстелі осы тақырыпқа арналады.

Дөңгелек үстелге қатысқандар: Уәлихан Қайсар – Қазақстан Парламенті сенатының бұрынғы депутаты, Кубан Абдымен – Zpress.kz ақпарат агенттігінің директоры, Өтеген Ықсанов – тәуелсіз саясаттанушы, Қазақстан Жоғарғы сотының отставкадағы судьясы, Тоқтоғұл Какшекеев – әскери сарапшы әрі саяси шолушы.

Дөңгелек үстелді Азаттық радиосының қызметкері Сұлтан Хан Аққұлұлы жүргізді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG