Accessibility links

Тәуелсіз қазақ елі үшін өтіп бара жатқан 2009 жыл ауыз толтырып айтатын қандай маңызды жетістіктер және әттеген-ай дегізетін мәтқапы оқиғалармен ерекшеленді? Келер жылдан ел қандай үміт күтеді? Азаттықтың дөңгелек үстел талқылауы осы тақырыпқа арналады.


2009 жылды – тәуелсіз қазақ елінің «тепсе темір үзетін», оңы мен солын, досы мен жауын ажырата алатын 18-ге толған жылы болды деп ауыз толтырып айта аламыз. Бұл жыл – кешегі Совет Одағы республикаларының ішінен ең бірінші болып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сынды биік мәртебелі халықаралық құрылымға төраға болу құзырын қолына алған жыл болды.

Дегенмен де, өтіп бара жатқан жылды қалай қорытындылауға болады және келешегіне қашан да болса үмітпен қараған қазақ халқы келе жатқан 2010 жылға қандай үміт артады?

Осы тақырыпқа Азаттық радиосы өткізген дөңгелек үстел талдауына Қытай елінде туып, ата-баба жеріне оралған қытайтанушы профессор әрі журналист Ибраһим Қошқари, «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жетекшілерінің бірі, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, генерал-майор Әмірбек Тоғысов және саясаттанушы әрі Алтынбек Сәрсенбайұлы қоғамдық қорының президенті Айдос Сарым қатысты.

Дөңгелек үстел сұхбатына қатысқан қонақтардың барлығына да төмендегідей үш сауал қойылды.

1. 2009 жылды қалай қорытындылауға болады. Бұл жыл қандай айрықша оқиғасымен, нендей жетістігімен немесе кемшілігімен есте қалады?

2. Өтіп бара жатқан жыл ішінде болған жақсы-жаман оқиға-құбылыстардың қай-қайсы алдағы жылы қайталанбаса екен және қайсысы жалғасын тапса екен деп ойлайсыздар?

3. Табалдырықтан аттағалы тұрған жаңа жылдан не жаңалық, не жақсылық күтесіздер? 2010 жылға қандай үміт артасыздар?


Дөңгелек үстелді Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшісі Сұлтанхан Аққұлұлы жүргізді. Дөңгелек үстел сұхбатын мына арадан тыңдай аласыздар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG