Accessibility links

Саяси тұтқындар туыстары құқық қорғаушыларды кінәлайды


Адам құқын қорғаушы Павел Кочетков наразылық акциясы кезінде. Орал, 12 қазан 2009 жыл.
Адам құқын қорғаушы Павел Кочетков наразылық акциясы кезінде. Орал, 12 қазан 2009 жыл.

Азаттық радиосы саяси тұтқындардың туыстары шағымданып жатқан қазақстандық адам құқын қорғаушы ұйымдардың жұмыс мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Пікірталас бұл мәселенің тереңдеп кеткендігін көрсетті.


ӨТІНІШТЕРДІ ЕЛЕМЕУ

Біздің редакциямызға мұңын шаққан кейбір азаматтардың пікірінше, соңғы уақыттарда Қазақстанның адам құқын қорғаушы ұйымдары азаматтық құқығы мен еркіндігі дөрекі түрде бұзылып сотталған адамдарды құқықтық және өзге жағынан қорғаудан жиі бас тартатын болған. Мұндай айыптаулар Қазақстанның халықаралық беделді ұйым – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етер қарсаңында айтылуда.

Пікірталасқа қатысатындар: Роза Ақылбекова – Адам құқы жөніндегі Қазақстандық бюро директорының міндетін уақытша атқарушы; Барета Ерғалиева – «Демократия және құқық» атты қазақстандық тарихи-құқықтық орталықтың төрайымы; Раушан Есіргепова – үш жылға сотталған тәуелсіз журналист, «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповтың зайыбы; Жайнагүл Айдархан – 18 жылға сотталған белгілі ақын және қоғам қайраткері Арон Атабектің (оны кейде саяси тұтқын деп те атайды) зайыбы.

Дөңгелек үстелге, сонымен бірге, «Адам құқы жөніндегі Хартия» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова шақырылған еді. Бірақ, ол дөңгелек үстелге қатысудан бас тартты. Ал, Мәскеудегі «Мемориал» құқыққорғау ұйымы орталықазиялық бағдарламасының директоры Виталий Пономарев Алматыдағы конференцияға қатысу үшін сапарға шыққандықтан, бұл дөңгелек үстелге қатыса алмады.

Дөңгелек үстелді Азаттық радиосының қызметкері Сұлтан-Хан Аққұлыұлы жүргізеді.

Жүргізуші:

– Адам құқының бұзылуымен байланысты шулы оқиғаларды байқамағаны немесе елемегені үшін адам құқын қорғаушы ұйымдарға кінә таққан бірнеше мысалды келтіруге болады.

Бұл – 2006 жылы Арон Атабек бастаған төрт адам ұзақ мерзімге сотталған Шаңырақ ықшамауданы тұрғындарының проблемасы; бұл – журналист Рамазан Есіргепов; бұл – Қазақстаннан кетуге мәжбүр болып, Чехияда ілдебайлап күндерін өткізіп жатқан мұсылман босқындары; бұл – діни көзқарасы үшін топ-топ болып сотталып жатқан көптеген қазақ азаматтары; бұл – Ақмола облысындағы баптистік ұйымның жетекшісі, бұрынғы Қазақстан, қазіргі Алмания азаматы Виктор Левеннің тағдыры. Левенге кішкентайы дүниеге келісімен Алманияға депортациялау қаупі төніп тұр.

Бұл – бұрынғы жоғары дәрежелі полиция қызметкерлері, белгілі «қызыл зектерге» байланысты жағдай. Оларды өздері үшін өте қауіпті кәдімгі колонияға жібермек болған. Егер олардың туыстары қазақстандық адам құқын қорғаушылармен байланысуға бірнеше мәрте әрекет жасап, нәтиже болмаған соң Мәскеудегі Виталий Пономаревке хабарласпағанда, бұл қауіп шындыққа айналар еді.

Ендігі сөзді Раушан Есіргеповаға берелік.

ЕКІ КӨЗҚАРАС

Раушан Есіргепова:

– Мен бірден айта кетейін, Рамазан Есіргеповтің ісі – бұл Қазақстандағы адам құқының теңдессіз, шімірікпестен бұзылуының көрінісі. ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа бір жыл қалғанда биліктегілер бұл беделді ұйымның принциптеріне сай келудің орнына, оны келемеждегендей әсер қалдырады.

Мен сол кезде Рамазанды адам құқын қорғаушылар болмағанда өзге кім белсенді түрде қорғауы керек деп ойладым. Бірақ, өкінішке қарай,
Раушан Есіргепова адам құқын қорғаушы Евгений Жовтистің апелляциялық шағымы қаралып жатқан Алматы облыстық сотының алдында. Талдықорған, 20 қазан 2009 жыл.
әсіресе алғашқы кездері, бұлай болған жоқ. Рамазанды Кардиология институтында жатқан жерінен озбырлықпен ұрлап әкетуі тек мені ғана емес, адам құқын қорғаушылардың өздерін қосқанда, барлық адамдарды да есеңгіретіп тастады-ау деп ойлаймын.

Алғашқы кездері ауруханада жатқан Рамазанға тек Барета Ерғалиева ғана барды. Ол өз қызметтеріне сәйкес Рамазанға көмектесе алатын адамдармен сөйлесуге тырысты.

Содан соң іске журналистер араласты. Турасын айтқанда, олар өздеріне адам құққын қорғаушының міндетін алды. Олардың барлығын бірдей тізіп айтқанға уақыт жетпейді. Бірақ, «Время», «Свобода слова», «Стан.ТВ», «Жас Алаш», «Общественная позиция» газеттерінің, Азаттық радиосының журналистеріне алғысым шексіз.

Біздің негізгі қорғаушымыз Розлана Таукина бұл іске белсенді түрде араласты. Осы бір батыр адам бір жылдан бері ақысыз жұмыс істеуде. Ол адамдарға жоқ деп айта алмайды. Тіпті қазір ол күрделі операциядан шыққан соң да телефон арқылы болса да маған қолдау көрсеткісі, көмектескісі келеді. Науқасынан толық айықпаса да түрлі шараларға шығуға тырысады.

Әрине, мен Евгений Жовтистің де бізге үлкен көмек көрсеткендігін айтпай кете алмаймын. «Алма-Ата инфо» газетінде жарияланған құжаттарда ешқандай мемлекеттік құпия жоқтығын дәлелдеген құқықтық сарабының өзі үлкен жұмыс.

Ол өзінің шаруасы шаш-етектен болса да осы сараптаманы растап, Рамазанды қорғап сөйлеу үшін Тараздағы сот отырысына барды. Мен оған қанша өтініш айтсам да, оның жүзінен наразылықты, шаршағандық пен кейігендікті көрген емеспін. Ол кез-келген минутта көмекке келуге даяр болатын.

Өкінішке қарай, қазіргі уақытта Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро Евгений Жовтистің өзін қорғауда қатты жұмыс істеуде. Бірақ, Рамазанды қорғау жөніндегі Евгений Жовтистің жүргізген жұмысы аяқсыз қалды.

Рамазан осындай жағдайға тап болғанда мен «Әділ сөз» ұйымы тарапынан көмек болатын шығар деп ойлағанмын. Бірақ, өкінішке қарай, бұл ұйым Рамазанды белсенді түрде қорғады деп айта алмас едім. Мен әр кездері Тамара Калеевамен сөйлесіп тұрамын. Содан соң мұндай пессимистік көңіл-күймен адам құқын қорғауға болмайды деген байламға келдім. Оған бір мәселемен бара қалсаң, ол әрқашан: «Енді біз не істей аламыз, айтып жатырмыз ғой», – дейді. Бірақ, жағдай бұдан жақсармайды.

Жүргізуші:

– Раушан ханым, рақмет. Роза ханым, сөз кезегі сізге беріледі.

Роза Ақылбекова:

– Мен Раушан Есіргепова ханымның айтқанымен толық келісемін. Соңғы кездері бюро заңсыз сотталған өзінің директорына көп көңіл бөлуде және бұны қалыпты жағдай деп ойлаймын.

Ал енді сіздің еріңізге байланысты айтар болсақ, есіңізде болса, тіпті Жовтистің соты болып жатқан кезде де біз сіздерге міндетті түрде
Роза Ақылбекова, адам құқы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директорының міндетін уақытша атқарушы. 22 желтоқсан 2009 жыл.
Андрей Сивиридовты жіберіп отырғанбыз. Бірақ, бұл соншалықты маңызды нәрсе емес.

Мен Қазақстандағы жалпы ахуал туралы айтсам деп едім. Алматы облысында Жовтистің сотында болғандар 20 қазаннан соң Қазақстанның азаматтық қоғамы неге әлсіреп қалғандығын жақсы түсінеді. Билік аз да болса қарсылық көрсететін немесе әлдене жасай алатын азаматтық қоғам мен аз ғана адам құқын қорғаушы ұйымдардың аузын жабу үшін бәрін жасап бақты.

Тіпті біз сотқа шақырған кезде, менің өзім және біздің ақпараттық-білім беру орталығының жігіттері әртүрлі арналар арқылы шақырулар жіберіп, бюро автомобильдер мен автобустарды даярлаған күннің өзінде, азаматтық қоғамның қорқып қалғандығы байқалды.

Егер Жовтис сияқты адамның өзін заңсыз отырғызса... Тергеудің әділетті, обьективті жүрмегенін жұрттың барлығы көрді. Заң белден басылып, бірінші сатыдағы сот ешнәрсені қаперге алмаған соң, сотқа адамдардың бармағандығы түсінікті. Мен жай азаматтар туралы емес, азаматтық, белсенді қоғам, адам құқын қорғаушы ұйымдардың өкілдері жайында айтып отырмын.

Фокина, Тұрмағамбетова, Калеевалар ғана барды. Қырғызстаннан және өзге елдерден адам құқын қорғаушылар келді. Бірақ, өкінішке қарай, бәрінен де жақын тұрған алматылықтар, азаматтық қоғам, оларға бюро есебінен автобус, жеке машиналарымызды берсек те бармады. Бұл дегеніңіз олардың үрейлі екендігін байқатады. Және бюроның барлық мәселені қамти алмайтындығы да түсінікті. Бізде жұмыс істейтіндер саны, филиалдағыларды қоса есептегенде, қырықтан сәл ғана асады.

ФЕМИДАНЫҢ ҚОЛЫНДА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН

Жүргізуші:

– Рақмет, Роза ханым. Ендігі сөз Жайнагүл Айдарханға беріледі.

Жайнагүл Айдархан:

– Менікі мүлдем бөлек, пессимистік тәжірибе. Сол себепті мен қазір бұл ұйымның және Жовтис мырзаның атына ешқандай мақтау сөз айта алмаймын. Әрине, мен оның да қиын жағдайға тап болғанына өкініш білдіремін. Бұл бір тағдырдың тәлкегі болар.

Бірақ, оның ұйымы да, өзі де Шаңырақ ісін әуел бастан елемегендігін айта аламын. Олар бір де бір рет сотқа қатысып, бір де бір рет бұл іс жайында сөйлеген емес. Олар осы төрт тұтқынды бір де бір рет қорғаған емес, оның үстіне ана үш жігіт ол жаққа топтың арасынан кездейсоқ түсіп қалды.

Жоғарғы сотқа бұл істің басты куәгерлері, айыптаудың куәгерлері келген кезде және өздерінің сөздерінен, куәліктерінен бас тартқанда,
Жайнагүл Айдархан, Арон Атабектің жары.
бұған тек Жоғарғы сот қана емес, адам құқы жөніндегі осы ұйым да көз жұма қарады, қорғау үшін еш нәрсе айтқан жоқ.

Мен енді ежелгі грек Фемидасының Қазақстандағы бейнесі мүлдем басқа екенін былай елестетемін. Оның көзі ашық, бірақ қалың көзілдірік киіп алған. Және ол осы көзілдірік арқылы қалаған жағына ғана қарайды. Оның қолындағы таразы емес, бухгалтерлік шоттар мен ұялы телефон. Адам құқын қорғау комитетінің бейнесі... Мен үшін ол қолымды былғап аламын ба деп шікірейіп тұрған кірпияз балаға ұқсайды.

Егер Шаңырақта полицей емес, қарапайым азамат опат болса, онда ешкімді соттамаған болар еді. Әрине, құдай бетін ары қылсын, Жовтис мырзаны Қазақстанның жай бір азаматы өлтірсе де ешқандай шу болмас еді.

Сол себепті мен арада үш жыл өткен соң ол жаққа Қазақстандағы салмақты адамдар ғана қайрыла алады деп есептей бастадым. Азаптаулар жөніндегі коалицияға қайрылған едім. Олардың әрекеті жылдам бола қойған жоқ, әлі күнге дейін созылып келеді.

Жақында олар менің Арон Атабек пен оның жанындағыларға сол лагерьдегілердің жасаған бассыздығын айтып жасаған сауалыма осы ұйымның, яғни, адам құқықтары жөніндегі комитеттің өкілдері «тек Рождество демалыстарынан соң ғана барамыз» деп жауап берді. Олар қаңтар келген соң ғана орындарынан қозғалмақ, фактілер мен дәлелдер аз дейді. Менің түсінуімше, олардың баруы үшін әлдебір төтенше оқиға болуы керек екен.

Соңғы үш жылда талай нәрсе жиналып қалды, мен тіпті Арон Атабектің денсаулығы жайында айтпаймын да. Мен олардың басында не болып жатқанын да айтпаймын, өйткені, айтуға құқым жоқ. Өйткені, мен шын мәнінде болып жатқан оқиғаларды айтар болсам, лагермен мені байланыстырып тұрған соңғы жіп үзіледі. Мен онда ештеңе де білмей қаламын.

Мен бір ғана нәрсені айта аламын: ол қазір жалғыз адамдық айып камерасында отыр. Және Азаптаулар жөніндегі коалициядағылар оған қатысты жасырын түрде кез-келген жағдайдың болуы мүмкіндігін айтты. Олар да ешнәрсе істей алмай отыр, өйткені, бюрократтық кедергілер жетіп артылады. Олардың да қолынан ештеңе келмей отыр.

Жүргізуші:

– Рақмет, Жайнагүл ханым. Барета ханым, сөз сізде.

Барета Ерғалиева:

– Мен қазір айтылғандардың барлығын мұқият тыңдадым. Біздің дәл қазір осындай қорғансыз күйде қалғанымызға біздің барлығымыз, Қазақстанның барлық халқы кінәліміз. Мен бұл сөзді Қазақстан Республикасындағы адам құқын қорғаушы қозғалыстың ардагері ретінде үлкен жауапкершілікпен айта аламын.

1989 жылдан бері адам құқын қорғау қызметімен айналысып келемін және мына бір мәселені айта кеткім келеді. Сонау алыста қалған
Барета Ерғалиева, «Демократия және құқық» атты қазақстандық тарихи-құқықтық орталықтың төрайымы. Алматы, 11 қыркүйек 2009 жыл.
жылдарда аз ғана адамның тобы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын қорғауға шықтық. Біз сол кездері аса ауыр жағдайда болсақ та, тіпті адамдар бізге жақын келуге қорқатын, заңсыз сотталған «желтоқсаншыларды» босату үшін күн санап, сағат санап қолымыздан келгеннің барлығын жасадық.

Иә, біз жеңіске жеттік, бірақ біз осы уақытқа дейін бұл оқиғаға саяси баға берілуіне қол жеткізе алмай келеміз. Жылдар өте келе жаңадан адам құқын қорғаушылар пайда болды. Бірақ, өкінішке қарай, адам құқын қорғаушылардың алғашқы легі, осы істің ардагерлері мен кейінгі жылдары пайда болғандар арасындағы байланыс үзіліп қалды. Мен бұл жайында Жовтистің әйеліне талай мәрте айтқанмын.

Міне, осы мәселе Қазақстанның адам құқын қорғау қозғалысының түбіне жетті деп ойлаймын. Ал, біз ол кезде жұмысымызды өте мықты бастағанбыз. Егер біз бір-бірімізге қол ұшымызды беріп, бір-бірімізге қолдау жасап, әуел бастан-ақ бір отбасының балаларындай бірге жүрсек, онда елімізде қазір болып жатқан оқиғалардың көпшілігі болмас еді деп ойлаймын. Онда бұрынғысынша біздің пікірімізбен санасар еді. Бізден қорықпаған күннің өзінде, біздің үнімізге құлақ асар еді.

Бүгінгі жағдай қандай? Біздің барлығымыздың құқымыз жоқ, бизнесмендердің құқы жоқ, министрлердің құқы жоқ, тіпті дәл сол депутаттардың да құқы жоқ. Бірақ, ең қорқыныштысы, бәрінен де күштік құрылымдардың, қорғаныс министрлігі мен олардың отбасы мүшелерінің құқы жоқ. Олар еш қорғансыз, олардың ешқандай құқы жоқ.

Мен былай деп есептеймін: ардагерлер мен кейінгі толқын арасында өзара қолдау, өзара байланыс болмағандықтан, бұған біз кінәліміз.

Мынаны естеріңізге салғым келеді. Сонау алыста қалған советтік дәуірде халықтық бақылау деген құрылым бар болатын. Халық мемлекеттік аппарат пен бизнесті өздері бақылаулары керек.

МЫҢДАҒАН ШАҒЫМДАР

Жүргізуші:

– Келесі мәселеге көшейік. Қазақстандағы адам құқын қорғаушы ұйымдар арасында сыбайлас жемқорлық проблемасы бар ма? Роза ханым, сіздің бастауыңызды өтінемін.

Роза Ақылбекова:

– Мен бұлай деп айта алмаймын. Бұл басқа органдарға арналған сұрақ шығар. Мен бұл жайында естіген емеспін. Егер, бюроға келер болсақ, бюроны прокуратура, қаржы полициясы тексерген. Менің түсінуімше, бұл дөңгелек үстел адам құқы жөніндегі бюроны жаншып, жоюға арналғандай.

Жүргізуші:

– Жақсы, Роза ханым. Онда мен тағы бір рет сұрақты нақтылай кетейін. Қазақстанның адам құқын қорғау ұйымдары нақты бір адамды немесе адамдар тобын қорғауға алғанда олар қандай өлшемдерді басшылыққа алады?

Роза Ақылбекова:

– Мен сұрақты түсіне аламадым. Яғни, кім кіммен және не үшін күреседі ме?

Жүргізуші:

– Жоқ, адам құқын қорғаушы ұйымдар нақты бір адамның адамдық құқын қорғауға алғанда олар үшін басты өлшем не болады?

Роза Ақылбекова:

– Біріншіден, нақты адамдарға байланысты мен сізбен толық келіспеймін. Ал, енді бүгінгі сотталған адамдарға келсек, олар көп. Және бюро, оның бас кеңсесі жылына алты-жеті мың адамның шағымын қабылдайды. Барлық филиалдарда мыңнан аса адам қабылданады. Және бұлардың барлығы ешкімге белгісіз, қарапайым адамдар.

Жовтис сотталмай тұрғанда тек белгілі адамдардың ісін ғана емес, әртүрлі істерді қолға алатын. Ал, енді Рамазан Есіргепов пен Арон Атабекке келсек, мәселе басқа. Онда, әрине, саяси астар бар.

Ал, Жовтистің бұл істерге араласуы, өйткені, азаматтық еркіндіктер мен саяси құқықтар бюроның дәргейіне кіреді. Түсінесіз бе? Сондықтан да белгілі және белгісіз тұлғалар болады. Егер істің саяси астары болса, онда бюро бұл істі қолға алады. Бірақ, әлгінде айтқанымдай, бюро көптеген қазақстандық азаматтарды да қабылдайды. Және бұл көп жағдайда осылай.

Ал, енді коалицияға келер болсақ, коалицияның жабық мекемелерге баруға құқы жоқ екенін білген дұрыс. Тек қоғамдық-бақылау комиссиясына кіретін коалицияның кейбір мүшелерінің ғана мұндай құқы бар. Мен осы қоғамдық комиссияның мүшесі болып табыламын.

Алдын ала түскен хабар бойынша, сенбі-жексенбіде әйелдер колониясында болдық. Қарапайым әйелдер біздің заңгерлерге хабарласқан. Содан соң біз оқыс жағдай болып қалмас үшін ол жаққа бардық. Ол жерде бұған әрекет жасалған. Әйелдер өздеріне есірткі берілмеуіне наразы болған. Бұлар негізінен үкім бойынша алғашқы жарты жылда емделуге тиіс әйелдер болатын.

Жүргізуші:

– Рақмет, сөз Раушан Есіргеповаға беріледі.

Раушан Есіргепова:

– Мен мұндай мәселе, мұндай әңгіме жайдан-жай қозғалып отырған жоқ деп ойлаймын. Мәселе мынада, кейде адам құқын қорғаушылар өздері қорғауға алайын деп отырған адамдарға таңдап қана қатынас жасайды. Мысалы, мен «Время» газетінен Жеміс Тұрмағамбетованың Ұлттық қауіпсіздік комитетін айқасқа шақырғаны туралы мақаланы оқыдым.

Сол жолы ол түрмеде жатқан Жәкішевке кірмекші болды, бұл оның жұмысы. Бірақ, біз осыған дейін Рамазанды қорғауы, оны көруі жөнінде редакция атынан оған қайрылған едік. Өйткені, дәл сол кезде Рамазан 12 адаммен бірге бір камерада отырған. Олардың
Үш жылға бас еркіндігінен айрылған «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов сот үкімі шыққаннан кейін. Тараз, 8 тамыз, 2009 жыл.
жартысынан көбі, тіпті негізгі бөлігі, темекі шегетіндер еді. Ал, Рамазанның гипертониясы бар, оның жүрегі ауру, қант диабеті бар.

Біз көмек сұрап дәл соның өзіне өтініш білдірдік. Білесіз бе, бұл оқиғаға біраз уақыт болып қалса да ол телефон арқылы бұл мәселеден хабарсыздығын айтып, бас тартты. Егер ол бұл іс жайында білмейтін болса, онда ол қандай адам құқын қорғаушы?

Бұл оқиға менің көңілімде дық қалдырып кетті. Бұдан соң мен оны танысам да амандасқым келмейді, тіпті оған қарағым да келмейді. Айтпақшы, Рамазан «мен оны білемін, оған өтінішпен барсаң болады» деген. Мен өтініш білдіріп, осындай жауап алдым.

Жүргізуші:

– Барета ханым, кезек сізде.

Барета Ерғалиева:

– Адам құқын қорғаушылар таңдап қана жұмыс істей ме, жоқ олай емес пе, ол өткен нәрсе. Мысалы, менің 20 жылдық құқыққорғаушылық қызметімде мен біреуді таңдап қорғауыма алған емеспін.

Біз Жовтистің ұйымы және өзге де ұйымдар сияқты мықты қаржыландырылмасақ та, қандай да бір адам өтінішпен келсе, қолымыздан келгенінше көмектесеміз. Ең болмағанда кеңес береміз. Бұл да өте маңызды жағдай.

Мен Раушан Есіргепованың айтқанын толықтыра кеткім келеді. Рамазан ауруханаға түсіп, журналистердің бірі маған оның жағдайының ауыр екендігін, оның қасында ешкімнің жоқтығын, көмекке мұқтаждығын айтқанда, мен көмектесуге ұмтылдым. Мен келген кезде оның қандай жағдайда жатқанын көрдім.

Бірақ, ең қызығы, мен оны қорғауға материалдық көмек бере алатындардың барлығына өтініш білдіре бастадым. Әртүрлі адвокаттармен кездестім, олар өз шарттарын қойды. Дәл сол бюроға да, Жовтиске де хабарластым, Тұяқбайға бардым, Әбіловпен де сөйлестім, бірақ олардың барлығы бас тартты. Бізде неге бұлай екендігін мен әлі күнге дейін түсіне алар емеспін.

Жүргізуші:

– Жайнагүл ханым, бізде бір минут уақыт қалды, қысқаша ғана айтыңыз.

Жайнагүл Айдархан:

– Мен бір ғана нәрсені айта аламын, Қазақстандағы адам құқы дегеніңіз – нағыз фарс пен перфоманс. Мен бұны жалаң сөзбен айтып
Шаңырақ ісі бойынша жауапқа тартылған Арон Атабек сот залында. Алматы, 5 қазан 2007 жыл.
тұрған жоқпын.

Мен үшін Қазақстан – бұл жай ғана КЗ немесе архипелаг. Архипелаг КЗ. Бірақ, бір ғана нәрсені айтамын, Аронға қиындық болған кезде, оны тергеу абақтысында дәрігерлер улаған кезде мен Жовтиске өтінішпен барғанымда, ол ешқандай жауап бермеді.

Сондықтан, менің бұл іске жеке көзқарасым бар. Тұрмағамбетоваға да хабарласу мүмкін болмады. Ол Шаңырақтағы оқиғаларда болды, содан соң ол бұл істен ұшты-күйлі жоғалып кетті. Сондықтан, маған берілген бір минутта мен тек осыны ғана айта аламын.

ФАРС ЖӘНЕ СПЕКТАКЛЬ

Жүргізуші:

– Рақмет, енді соңғы сұрақ. Ақорданың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы қарсаңында сіз Қазақстандағы адам құқын қорғауға қатысты жағдайды қалай бағалар едіңіз? Баретте ханым, сіздің бастауыңызды сұраймын.

Барета Ерғалиева:

– Біз өте қиын жағдайда тұрмыз. Біз Қазақстанда адам құқын қорғауға қол жеткізе алмадық, сөйте тұра өзге мемлекеттерде тәртіп орнатқымыз келеді. Шынымды айтайын, мен бұны еш түсіне алмаймын, менің басыма сыймайды. Меніңше, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасау үшін алдымен өз елінде тәртіп орнатуы керек сияқты.

Жүргізуші:

– Раушан ханым, сөз сізде.

Раушан Есіргепова:

– Маған бұл тақырыпқа сөйлеу өте қиын. Білесіздер ме, мен Рамазанды қорғауларын сұраудан, шақырудан шаршадым. Басқасын айтпағанда, оның қорғаушысы да жоқ. Оған үкімнің көшірмесі берілген жоқ. Бұл, мүмкін, әлемдегі ең алғашқы құпия үкім болар. Мен бұл жайында үнемі айғайлап айтудамын. Ең болмаса біреу хабарласып, мынаны-мынаны дайындаңыз, Рамазанды қорғауға аламыз десе екен.

Жүргізуші:

– Жайнагүл ханым, сіздің пікіріңіз?

Жайнагүл Айдархан:

– Мен тағы не айта аламын? Мен бұны фарс деп атадым және ЕҚЫҰ да дәл осындай фарс. Онда ену үшін дәл сол адам құқына еңбек сіңіру керек.

Ал, енді мына доктринаға байланысты тағы да шу шығып жатқанда оған қалай еңбек сіңіреді? Бұның барлығы Қазақстанда демократия, оппозиция, билікке қарсы шыға алатын адамдар бар дегенді көрсететін кезекті спектакль деп ойлаймын.

Жүргізуші:

– Құрметті қонақтар, Азаттық радиосы осымен дөңгелек үстел талқылауын аяқтайды. Оған қатысқан барлықтарыңызға рақмет.
XS
SM
MD
LG