Accessibility links

Президентке хатында Әбдірахманов Әблязов айтқан жайтты қозғамағанды жөн көреді


Қазақ парламентіне алты мәрте депутат болған саясаткер Серік Әбдрахманов Азаттық радиосына сұхбат беріп тұр. Алматы, 18 желтоқсан 2008 жыл.
Қазақ парламентіне алты мәрте депутат болған саясаткер Серік Әбдрахманов Азаттық радиосына сұхбат беріп тұр. Алматы, 18 желтоқсан 2008 жыл.

Азаттық радиосының қонақтары, саясаткер Серік Әбдірахмановтың президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хатын талқылайды. Әбдірахманов мемлекетте төңкеріске жол бермеу үшін әділ сайлау өткізуді ұсынды. Оның оппоненттері болса, Әбдірахманов қазіргі режимнің билігі ұзағырақ болғанын қалайды дейді.

Азаттық радиосының қонақтары, саясаткер Серік Әбдірахмановтың президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хатын талқылайды. Әбдірахманов мемлекетте төңкерісті болдырмау үшін әділ сайлау өткізуді ұсынды. Оның оппоненттері болса, мұрагерлік үкімет институтын құрып үлгермегендіктен президент қазіргі режимнің жалғасуын қалайтындығын айтады.

Наурыз айының соңында президентті жақтаушы саясаткерлердің бірі Серік Әбдірахманов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа парламенттік әділ сайлау өткізу, соттар мен сот жүйесіне қатысты заң қабылдауын сұрап ашық хат жолдаған еді. Сондай-ақ ол президентті Мұхтар Жәкішев пен Әкежан Қажыгелдинге рақымшылық жасауға шақырды.

Серік Әбдірахманов президентке жазған хатында өзінің қолдауын білдіре отырып, 2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаев «президенттік сайлауда жеңіске жетуі мүмкін екендігін» атап өтті. Алайда ол үшін президент қарамағындағы енжар әрі суыққолды шенеуніктерден арылуы тиіс.

Бұдан бөлек, «Республика» басылымында БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың сұхбаты жарық көрді. Онда ол банкке қатысты 2005-2008 жылдардағы жағдай туралы баяндаған.

Азаттықтың аталған екі оқиғаға – Серік Әбдірахмановтың хаты мен Мұхтар Әблязовтың сұхбатына арналған, орыс тілінде өткізілген дөңгелек үстел талқылауында айтылған негізгі ой-пікірлерді ықшамдап аударып ұсынып отырмыз.

Оған: Тәуекелді бағалау тобының директоры, саясаттанушы – Досым Сәтпаев; саяси эмигрант, БТА банкінің бұрынғы басқарма төрағасы – Роман Солодченко; «Әділет» партиясы жетекшілерінің бірі – Серік Әбдрахманов және тәуелсіз журналист Сергей Дуванов қатысты.

Дөңгелек үстелдің толық нұсқасын сайтымыздың орыс тіліндегі бөлігінен оқуға болады.

«ПРЕЗИДЕНТ ШЕШІМДІ ӨЗІ ҚАБЫЛДАСЫН»

Аталған хаттың иесі «Әділет» партиясы жетекшілерінің бірі Серік Әбдірахманов хат жазуда ешқандай жаман ойы болмағанынан айтып отыр.

– Менің хатым – айыптау емес, біреуге арналған үкім емес. Мен ол жерде ешкімнің жауапкершілігін анықтамаймын. Бұл менің бүгінгі Қазақстанда болып жатқан жағдайға қатысты көзқарасым, ал президенттен осыған қатысты қортынды шығаруын сұрап отырмын. Әркім оны әрқалай қабылдауы мүмкін, дегенмен мен тек өзімнің көргендерімді жеткіздім, – дейді саясаткер.

НАЗАРБАЕВҚА ЖҰМЫСҚА СҰРАНУ

Тәуелсіз саясаттанушы және журналист Сергей Дуванов аталған хатта әділ сайлау туралы сөз болғандығын айтып отыр.

– Менің түсінігімше, бұл жерде президенттік емес, парламенттік сайлау туралы айтылған. Ал сайлаулардың әділдігі назардан тыс қалуда.
Тәуелсіз журналист Сергей Дуванов. Алматы, 10 қараша 2009 жыл.
Әділдік – парламенттікте, президенттікте сайлауларда болуы тиіс. Елестетіп көріңізші, егер президент аталған хатты назарға алып, президенттік сайлауды әділ өткізіп, бірақ нәтижесінде жеңіліп қалса? Меніңше, Әбдірахманов Назарбаевтың ешқашан мұндай тәуекелге бармайтындығын білмеуі мүмкін емес. Болмайтын істі ұсынудың қажеті қанша?

Журналисттің бақылауынша, соңғы кездері президентке «жаны ашып», өздерінің көмегін ұсынушылар көбейген.

– Жақында Әбдірахмановтың бір сұқбатын оқыдым. Онда ол «президенттің қазіргі командасы «қазақ Аврорасының» алғаш атылған сәтінде-ақ жан-жаққа қашып кетеді» дейді. Жақсы метафора. Егер оппозиция бірігіп Назарбаевқа қарсы шара ұйымдастырса, оны қорғайтын адам қалмайды дегені. Меніңше, бұл метафораның астарында: «Мен жан-тәніммен сізге берілгенмін, сізді ешқашан сатпаймын, сізді соңғы демім қалғанша қорғаймын» деген мағына жатыр. Осы тұста, Назарбаевты қоршаған кәсіби біліксіз, суық қолды шенеуніктердің орнына өзінің командасын ұсынған ендігі бір саясаткер Әкежан Қажыгелдиннің де сұхбатын айтуға болады. Байқап отырсаңыздар, Назарбаевқа жұмысқа сұранып, өзін ұсынушылар көбейіп кетті, – дейді Сергей Дуванов.

КОНСТИТУЦИЯҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ

– Бұл хатта жазылған орта және шағын бизнесті қолдау, кедейшілік пен жұмыссыздықтың көбеюі туралы жайттардың барлығы бұған
Саясаттанушы Досым Сәтпаев. Алматы, 27 қаңтар 2010 жыл.
дейін де бірнеше рет көтерілген. Мұнда ешқандай жаңалық жоқ. Мен тек бір ғана нәрсені – Қазақстанда қаржы-өнеркәсіптік топ, зиялы қауым өзара бәсекелестікке түсе отырып, бұл тартысқа президентті де араластырады дегенін атап өткім келеді. Меніңше, бұл түбегейлі қате айтылған. Өйткені Қазақстандағы қазіргі жүйені президенттің өзі құрған.

Екіншіден, саяси жүйені демократияландыру туралы айта отырып, Әбдірахманов мырза ең маңызды жайт – Конституцияға өзгеріс енгізу керектігі жайлы тіс жармаған. Неліктен біз президентке шексіз билік беру туралы жазылған Қазақстан Конституциясына мойынсұнуымыз қажет? – дейді Досым Сәтпаев.

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ

БТА банкінің бұрынғы басқарма төрағасы Роман Солодченко болса Серік Әбдірахмановтың хатын жақсылықтың нышанына жориды.

– Серік Әбдірахмановтың хатында көрсетілген талдауға кез келген оппозиционер қол қоя алады. Өйткені, мұнда бүгінгі таңда Қазақстанда болып жатқан жайт ешқандай боямасыз, ашық көрсетілген. Атап өту керек, бұл қадамға кез келген мемлекеттік қызметкер бара бермейді. Бізде әдетте барлық жетістіктерді президенттің ерік, данышпандығының арқасында деп есептейді. Ал қазір мемлекеттің қиын жағдайда екендігі көрініп тұр. Сондықтан, бұл хаттың жарыққа шығуының өзін мен жақсылықтың нышаны деп санаймын, – дейді Роман Солодченко.
XS
SM
MD
LG