Accessibility links

ЕҚЫҰ Тәжікстандағы сайлаулар демократиялық талаптарға сай емес деп бағалады


Тәжік сайлаушысы дауыс беріп жатыр. Душанбе, 28 ақпан 2010 жыл.

Тәжік сайлаушысы дауыс беріп жатыр. Душанбе, 28 ақпан 2010 жыл.

ЕҚЫҰ бақылаушылары Тәжікстанда жексенбі күні өткен парламенттік және жергілікті кеңестерге сайлауларда дауыс беру кезінде заң бұзу оқиғалары тіркелгенін айтады. Оппозиция сайлау процесі ашық өтпеді деп мәлімдеді. Сарапшылар ел президенті Эмомали Рахмонның партиясы бұл жолы да жеңіске жетеді деп отыр.


ЕҚЫҰ ӨКІЛІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Дүйсенбі күні ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Пиа Кристмас-Моллер 28-ақпанда өткен Тәжікстандағы сайлау көптеген демократиялық талаптарға сай келмеді деген мәлімдеме таратты.
Сайлау учаскесіндегі сайлау бюллетендерін санау, Душанбе, 28 ақпан 2010 жыл.


Оның айтуынша, бұл сайлауда дауыс берулер бұрмаланып, басқа адам арқылы дауыс беру оқиғалары байқалған. Сайлауды ЕҚЫҰ-ның 200-ге жуық өкілдері де бақылады. Батыс сарапшылары Тәжікстанда бұған дейінгі өткізілген сайлаулардың ешқайсысын еркін әрі әділ деп таныған жоқ.

Тәжікстан орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, жексенбі күні өткізілген парламент сайлауына дауыс берушілердің 85 пайызы қатысты. Комиссия қызметкерлері сайлау бірқалыпты өтті деп отыр.

Тәжікстандағы парламент сайлауының бастапқы нәтижелері дүйсенбі күні шығады деп хабарланған болатын.

БИЛІК ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮСТЕМДІГІ

Хабарларға қарағанда, Тәжікстан парламенті мәжілісіндегі басым орынды иеленіп келген президент Эмомали Рахмонның Халықтық-демократиялық партиясы бұл жолғы сайлауда да жеңіске жетеді деген болжамдар айтылып отыр.

Бақылаушылар биліктің Халықтық-демократиялық партиясы мәжілістегі үстемдігін жалғастыра береді деп біледі. Тәжікстанды 17 жыл бойы басқарып отырған президент Эмомали Рахмонның партиясы осыған дейін парламенттің төменгі палатасындағы 63 орынның 50-ін иеленіп келген-ді.

Сондай-ақ, жексенбі күнгі сайлаулар президенттің болашақ мұрагері болуы мүмкін делінген 23 жастағы ұлы Рустам Рахмонның саясатқа араласуымен ерекшеленіп отыр. Ол бұл сайлауда Душанбе қалалық кеңесіне сайлауға түсті.

ОППОЗИЦИЯНЫҢ ПІКІРІ

Елдегі кейбір дауыс берушілер мен оппозициялық саясаткерлер бұл жолғы сайлау процесі ашық өтпеді деп мәлімдеді.

Жексенбі күні Душанбеде оппозициялық социал-демократиялық партияның жетекшісі Рахматилло Зоиров бірқатар дауыс беру учаскесіндегі өздерінің бірнеше бақылаушысы дауыс беру барысын толық бақылау мүмкіндігінен айрылды деді.

Азаттықтың тәжік қызметіне берген сұқбатында Зоиров партияның бақылаушыларын алыстау бұрышқа отырғызылып, олар процесті қырағы бақылай алмады деп айтты:

«Бірқатар сайлау учаскесінде көп дауыс беру сияқты заңсыз әрекеттер анықталды. Билік дауыс беру орындарында суретке түсіру немесе видеоға жазуға рұқсат бермеді. Соныман қоса, олар дауыс беру кезінде бақылаушылардың функциясын шектеді».

Тәжікстан президентінің Халықтық демократиялық партиясының басты қарсыластары Коммунистік партия мен Ислами жаңғыру
Оппозициялық Ислами жаңғыру партиясының жетекшісі Мухиддин Кабири сайлауда дауыс беру кезінде заң бұзу оқиғалары болғанын айтып тұр. Душанбе, 1 наурыз 2010 жыл.
партиясы бұрынғы парламентте аз ғана орынды иеленген болатын. Орталық Азиядағы жалғыз исламшыл партия осы жолғы сайлауда парламенттегі орнын көбейтуді мақсат еткен еді.

Сайлау алдында Ислами жаңғыру партиясының имиджін көтеруге көбірек күш салған оның жас жетекшісі Мухиддин Кабири дауыс беру күнінде көргенін былай жеткізді:

«Біз бұл сайлаулар 2005 жылғы сайлаудан жақсырақ өтеді деп үміттенген едік. Бірақ, өкінішке қарай, бізге дауыс беру учаскелерінен түскен хабарларға қарағанда, аудандардағы билік өкілдері әлі де ашық әрі демократиялық сайлауларға дайын емес».

Душанбедегі көптеген дауыс берушілер оның айтқанымен келіседі. Азаттықтың тәжік қызметіне сұқбат берген Жавхаршох Химматшоев өзінің отбасындағы дауыс беру құқы бар бес адам сайлау бюллетенін алмағанын айта келе, «олар бес бірдей адамның атын таппай қалатын соқыр ма еді. Бір-екі адамның аттарын ұмытуға болады, бірақ бес кісі деген көп қой» деді.

САЙЛАУДЫ БАҚЫЛАУ

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жүздеген бақылаушысы елдің бірқатар аймақтарындағы сайлау барысын бақылады. Дауыс берулер алдында ЕҚЫҰ Тәжікстандағы сайлау алды науқан кезіндегі заңбұзушылықтарға байланысты сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне алаңдаушылық танытқан-ды.

Жексенбі күні Душанбедегі журналистерге ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқы жөніндегі кеңсесінің басшысы Янеш Ленарчич:

«Бүгін біз ЕҚЫҰ-ның 200-ден аса бақылаушысын бүкіл елге орналастырдық. Олар сайлау учаскелері ашылған таңертеңнен бері жүр. Олар бірнеше дауыс беру орындарына барып, жағдайды бақылап, әлбетте оның жабылуына қатысып, дауыстарды санайды», - деді.

ПРЕЗИДЕНТ СҰРАҚТАРҒА КЕЙІН ЖАУАП БЕРМЕК

Сайлаудағы бәсекелестерінің сындарына қарамастан, президент Эмомали Рахмон сайлауды елдің экономикалық әрі әлеуметтік өмірін
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон сайлау учаскесінде дауыс беруде. Душанбе, 28 ақпан 2010 жыл.
танытатын маңызды саяси оқиға деп атады.

Душанбедегі резиденциясына жақын Сомони сайлау учаскесінде дауыс берген Эмомали Рахмон журналистерге сайлау күні ештеңе айтпағанды жөн көретінін айтып, сұрақтарға кейін жауап беретінін жеткізді.

«Елдің халықаралық беделін көтеру тұрғысынан алғанда ашық, көбірек еркін әрі демократиялық парламенттік сайлаулар халық пен мемлекет үшін маңызды», - деді ел президенті.

Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың алдын ала нәтижелерін дүйсенбі күні жарияламақ. Ал сайлаудың ресми қорытындылары екі аптадан кейін жарияланады деп хабарланды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG