Accessibility links

Жексенбі күні Талдықорғандағы наркодиспансерде шыққан өртте кемінде 38 адам қаза тапты. Өрт шыққан кезде мекемеде жетпістен астам адам болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) сайтындағы ақпарат бойынша, Талдықорған қаласындағы облыстық наркологиялық диспансерде өрт шыққаны туралы хабар өртке қарсы қызметтің кезекшісіне таңғы сағат 5.28 кезінде түскен. Өрт жалыны наркодиспансердің аумағы 650 м2 жатын бөлігін шарпыған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өртке оранған ғимаратта сол кезде 73 адам – 68 науқас пен мекеменің 5 қызметкері болған деп хабарланып отыр. ТЖМ-нің дерегі бойынша, солардың ішінен 36 науқас пен 2 медицина қызметкері қаза тауып, 40 адам құтқарылған. Өрт жексенбі күні 9 сағат 03 минутта толығымен сөндірілген.

Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі сол күні премьер-министр Кәрім Мәсімовтің қаулысымен үкіметтің арнайы комиссиясы құрылғанын хабарлады. Премьердің орынбасары Серік Ахметов басқаратын комиссияға Талдықорғандағы өрттің шығу себептерін мұқият зерттеп анықтау және өрт салдарынан қаза болғандардың отбасыларына жәрдем көрсету жүктелген.

Талдықорған қаласындағы облыстық наркологиялық диспансері 1951 жылы салынған қамыс-қаңқалы ғимаратта орналасқан деп хабарлайды ҚазТАГ.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG