Accessibility links

Талдықорғанда өртеніп кеткен ауруханада болған кейбір адамдар өлгендердің де, құтқарылғандардың да тізімінде жоқ


Астанадан келген шенеунік өртенген аурухананың ауласында. Талдықорған, 13 қыркүйек 2009 жыл.
Астанадан келген шенеунік өртенген аурухананың ауласында. Талдықорған, 13 қыркүйек 2009 жыл.

Талдықорғанда наркологиялық диспансердің емдеу-сауықтыру ғимараты өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, мекемеде жатқан науқастардың көпшілігі өрттен жан сауғалап, терезелерді шағып, оның сыртын құрсаған темір торды сындырған. Алайда тірі қалды делініп отырған кейбір адамдар әлі табылмай жатыр.

Ғимарат қыркүйектің 13-і күні таңсәріде жалынға оралған. Өрт туралы хабарды естіген жұрт ғимараттың маңына жинала бастаған. Осы мекемеде емделіп жатқандардың тағдырын білу үшін бұл жерге олардың туыстары да келді.

Өртенген аурухананы қоршауға алған полиция оның ауласына ешкімді кіргізбеді. Өрт кезінде ауруханада болғандардың туған-туыстары қақпаның сырт жағында тұрған мекеменің қызметкерлеріне барып, өрттен қаза тапқандардың тізімінде өз жақын-жуықтарының
Өртенген аурухананы қоршауға алған полиция оның ауласына ешкімді кіргізбеді. Талдықорған, 13 қыркүйек 2009 жыл.
бар-жоғын анықтап жатты.

Аурухана қызметкерлері қаза болғандар тізімінде 35 науқас пен мекеменің 2 қызметкері бар деп хабарлады. Екі адам жан сақтау бөліміне жатқызылған. Денелерін күйік шалған 7 адам облыстық ауруханаға жеткізілген.

Мәлім болғанындай, өрт шыққан уақытта емдеу мекемесінде 72 адам болған екен. Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың ішіндегі науқастар терезенің әйнегін шағып, сыртын құрсаған темір торды сындырып шығып, тірі қалған.

Бірақта кейбір науқастарды туыстары әлі таба алмай отыр. Олардың аты-жөндері өрттен құтқарылғандардың да, қаза тапқандардың да тізімінде болмай шықты. Сонда ол адамдар қайда деген
Шенеунік наркодиспансерде емдеуде болған ұлын тауып беруді талап еткен әйелді жұбатуға тырысты. Талдықорған, 13 қыркүйек 2009 жыл.
сауалға аурухана қызметкерлері: «Сірә, олар ертерек қашып үлгерген болуы керек» деген екіұшты жауап қайтарды.

Бұндай жауапқа қанағаттанбаған туыстары өлі-тірісі белгісіз науқастарды дереу іздестіруді талап етті. Кейбір әйелдер жылап-сықтай бастады. Жылап тұрғандарды фото және бейнекамераға түсірмек болған журналистерге билік өкілдері тыйым салмақ болды. «Адамдар қайғы шегіп жатса, сіздер суретке түсірмексіздер» деді облыстық әкімшіліктің бір шенеунігі тілшілерге.

Сол күні оқиға болған жерге Астанадан үкімет делегациясы да келіп жетті. Бірақ, оның құрамындағы шенеуніктердің ешқайсысы болған жағдайға қатысты журналистерге түсінік бергісі келмеді. Тек Алматы
Өртенген наркологиялық диспансердің бір қабатты ғимараты. Талдықорған, 13 қыркүйек 2009 жыл.
облысы әкімінің орынбасары Болат Тәкенов қана кейбір сұрақтарға жүре жауап берді.

«Өрт таңғы сағат 05.30-да басталған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Сарапшылар жұмыс істеуде. Өрттің себебін анықтауда. Қаза болғандар неге көп дейсіз бе? Өйткені онда мәжбүрлі түрде ем алып жатқан науқастар болатын. Есік-терезелердің барлығы тормен құрсауланған», – деді ол Азаттық радиосының тілшісіне.

Талдықорғандағы 150 орынға арналған бір қабатты наркологиялық диспансердің ғимараты өткен ғасырдың бас кезінде салынған.
XS
SM
MD
LG