Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда тоғызқұмалақтан І Азия чемпионаты өтіп жатыр


Тоғызқұмалақ ойнайтын тақтаның қазіргі калссикалық түрлері

Тоғызқұмалақ ойнайтын тақтаның қазіргі калссикалық түрлері

Қазақстанда тоғызқұмалақтан Азияның тұңғыш чемпионаты басталды. Құрлық жарысына 9 елдің спортшылары шақырылған. Сонымен бірге, қазақтың бұл ұлттық ойынын қазірде интернет арқылы ойнауға да мүмкіндік бар.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында Қажымұқан атындағы стадионның шахмат ғимаратында тоғызқұмалақтан Азияның тұңғыш чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстанның спорт шебері, Тоғызқұмалақ федерациясы жетекшілерінің бірі Мақсат Шотаевтың Азаттыққа айтуынша, бұл жолғы жарысқа 9 елден 31 спортшы шақырылыпты.

Чемпионатқа Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Түркия және Түркіменстан елдерінің ең
Қазақстандық Диана Кенина (оң жақта) мен әзірбайжандық Нейля Әлиева тоғызқұмалақтан І Азия чемпионатында. Шымкент, 19 қазан 2009 жыл.
таңдаулы спорт шеберлері қатысуда. Ерлер мен қыздар арасында бөлек өткізілетін жарысқа Қазақстан құрамасының қатарында ерлерден Ғ.Темірбаев, А.Сейтжанов, С.Ақтаев, Х.Елеусінов, қыздар арасында Ә.Далиева, С.Сапарбекова, Д.Кенина, А.Такишевалар өнер көрсетуде.

Азия құрлығында алғаш рет өткізіліп отырған бұл жарысты Халықаралык тоғызқұмалақ қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті, Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.

ЖЕКСЕНБІДЕ АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫСЫ АНЫҚТАЛАДЫ

«Жарыс 7 кезеңнен Швейцар жүйесі бойынша ойналады, «Швейцар жүйесі» дегеніміз — ұпай саны бірдей адамдардың бір-бірімен ойнауы, яғни жарыстың алдыңғы кезеңіндегі ұтқан адам ұтқан ойыншымен, ұтылған ойыншы ұтылғанымен кездеседі», - деп түсіндірді Азаттыққа қауымдастықтың атқарушы директоры Мақсат Шотаев.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 25-қазан күні аяқталатын жарыстың осы кезге дейін 4 ойыны өтті, осы уақыт аралығындағы ұпай
Қазақстандық тoғызқұмалақ ойынының шеберлері Мақсат Шотаев (оң жақта) пен Серік Ақтаев Азаттық радиосында қонақта, қазан, 2008 жыл.
саны бойынша ерлер арасында астаналық Айдос Сейтжанов, ал қыздар арасында павлодарлық Диана Кенина алда келеді. Олардан кейінгі орындардан ерлер арасында қырғызстандық Қамчыбек Қасымов, өзбекстандық Нурмахан Ханадилов, қазақстандық Серік Ақтаевтар, ал қыздардан екі қазақстандық Әсел Далиева мен Салтанат Сапарбековалар көрінді.

Жарысқа он сегіз жастан асқандар ғана қатыстырылуда, сондай-ақ чемпионат ресми түрде болғандықтан қатысушыларға медаль, диплом және естелік сыйлықтар ғана беріледі.

Ал Азия мемлекеттері тоғызқұмалақшыларының ойындарына қазақстандық Жақсылық Тұрғанбаев пен ресейлік Әнуар Алабердов төрешілік етуде.

Жарыстың басы-қасында жүрген Мақсат Шотаев тоғызқұмалақтың бүгінгі жайы туралы былай деді: «Қазақтың төл зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалаққа халықаралық деңгейде де қызығушылық өсіп келеді. Қазір тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттері жергілікті халықтарының арасында да ойыншылардың саны артуда».

ЕНДІ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТТЕ ДЕ ОЙНАЙ АЛАСЫЗ

Бұған қоса Мақсаттың ұлттық ойынның жанашырларынан сұрайтын сүйінші хабары да бар екен. Оның айтуынша, биылғы жылдың 15-қыркүйегінен бастап, әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны тіркеліп, www.iggamecenter.com сайтында оның онлайн
Қазақстандық және еуропалық мектеп оқушылары арасындағы тоғызқұмалақ жарысы, Пардубице, Чехия, наурыз, 2008 жыл.
жүйесінде ойнайтын бағдарламасы жасалыныпты.

«Алдағы уақытта төрткүл дүниенің мықты ой шеберлерімен осы сайтқа кіру арқылы электрондық бағдарламада тоғызқұмалақ ойнауға, ойын шеберлерінің партияларын талдауға, сақтауға болады.

www.iggamecenter.com 2007 жылы 10 маусымда Arty Sandler есімді азаматтың бастамасымен дүниеге келген дүниежүзілік интеллектуалды ойындардың шоғырланған жері. Өзінің бұл бастамасы туралы Arty былай дейді: «Одан бері көптеген жылдар өтті. Интернет дәуірінің басталуымен әлемдегі көптеген интеллектуалды ойындарды әр жерлерде интернет арқылы ойнап жүрдім. Кейіннен маған одан да өзімнің тұрақты ойнайтын ойын алаңымды жасасам деген ой келді. Осылайша мен өзімнің хоббиімді жандандырдым».

Зияткерлікті қажет ететін мұндай жауапты істе ұлттық мұрамыз тоғызқұмалақтың басқа да шетелдік ойындардан артық болмаса кем емес екендігін дәлелдейтін ең алдымен сіз бен біз, қазақ азаматы. Олай болса аталмыш сайтқа тіркеліп, сіздер де осынау іске қолдау көрсетіп, бабаларымыздың аманатына жауапкершілікпен қарайды деп сенеміз.

Біз осы ақпарат арқылы тоғызқұмалақпен шұғылданушы, қызығушы барша азаматтарды осы сайтқа - www.iggamecenter.com кіру арқылы тоғызқұмалақ ойнауға, үйренуге болатынын айтқымыз келеді», — деді Мақсат Шотаев.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG