Accessibility links

Шетелдіктер Қазақстанда туризм саласының кенже қалып отырғанын айтады


Бүркітші қазақ қызы Мақпал Әбдіразақова. Алматы облысы, ақпан, 2009 жыл.

Бүркітші қазақ қызы Мақпал Әбдіразақова. Алматы облысы, ақпан, 2009 жыл.

Тәуелсіздік алғалы бері 20 жыл уақыт өтсе де, Қазақстан жағымды сыртқы имиджімен дербес мемлекет ретінде әлемге таныла алмай отыр дейді мамандар. Олардың пікірінше, имидж мәселесін қозғамас бұрын, Қазақстанның әлем картасында қай жерде екенін таныту қажет.



Ұлыбритания елінің азаматы Роджер Хани Қазақстан туралы еш нәрсе білмейтінін айтты. Ол жағдайды өзгерту үшін елдің туристік саласын дамыту қажет деп санайды.

Мамандар Қазақстанның негізгі брендтері ретінде ЕҚЫҰ-на төрағалық, Астана, Азиада, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі, Еуразиялық медиафорум, 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету және тағы басқаларды атады.

Алайда PR жөніндегі маман Әсел Қараулова мұндай жиын және форумдар көмегімен қарапайым шетелдік азаматтар арасында танымал болу қиын деп есептейді. Ол осы салаға жұмсалып жатқан қаражаттың үлкен екенін айтып, оны саралау қажеттігіне назар аударды.

Бизнес кеңесші Ерлан Сейтімов ұтымды мемлекеттік имидж қалыптастыру үшін арнайы мекеме құру керек деп есептейді. Маманның айтуынша, мұндай мекемелер көп елдерде жұмыс істеп жатыр.

Кезінде Еуропаның ең кедей елі болған Ирландия осындай ұйымның 12 жылдық жұмысы ішінде шетелдік инвестиция көлемін 25 млрд.долларға дейін көтерді дейді бизнес өкілі. Сондай-ақ оның айтуына қарағанда, Ресей сыртқы PR үшін түрлі құрылымдар арқылы 300 миллион доллар жұмсаса, Чехия жылына 12-13 миллион доллар, ал Ұлыбритания 700 миллион долларды жаратып отыр.
XS
SM
MD
LG