Accessibility links

Украиналық чекистер КГБ-ның қуғын-сүргін тәжірибесін қайта жаңғыртты


Әйелдер ұйымының белсендісі Украина қауіпсіздік қызметі ғимаратының алдында наразылық білдіріп тұр. 23 маусым 2010 жыл.
Әйелдер ұйымының белсендісі Украина қауіпсіздік қызметі ғимаратының алдында наразылық білдіріп тұр. 23 маусым 2010 жыл.

Украина басқаша ойлаушыларды қауіпсіздік органдарының көмегімен қуғындау жөнінен постсоветтік аймақты қуып жетуге бет бұрды. Орталық Азия ондай тәжірбие жағынан алға ұзап кеткен. Ал Қазақстан КГБ әдістерінен ажырамаған да еді.


ӘУЕЖАЙДАҒЫ ТҰТҚЫНДАУ

Украинадағы оқиғалар тізбегі чекистердің іс басына қайта оралғанын дәлелдейді. Мүмкін, олар бұрыннан орнығып, тамырын да терең тартып алған шығар, кім білсін?

Бұрын Украина қауіпсіздік қызметінде (УҚҚ) жоғары лауазымды қызмет атқарған екі генерал-лейтенант Александр Скипальский мен Александр Скибинецкий Украинаға НКВД мен КГБ заманы қайта орнауда деген тұжырым жасап отыр.

УҚҚ төңірегінде болған соңғы дау оның Киев әуежайында Конрад Аденауэр атындағы неміс қорының Украинадағы өкілдігінің жетекшісі Нико Лангені тұтқындап, он сағатқа бөгегенінен шыққан болатын. Александр Скипальскийдің ойынша арнаулы қызмет Нико Лангені тұтқындап, қазіргі биліктің үдесінен бір шығып қалуды көздеген, өйткені неміс қорының өкілі Украина президенті Виктор Януковичтің
Янукович мырзаны сынап жатқанын көріп қалған да, президентке бір сыйлық жасайық деп ойлаған ғой. Бұл өткен заманға тән іс.
саясатын сынаған еді.

«Янукович мырзаны сынап жатқанын көріп қалған да, президентке бір сыйлық жасайық деп ойлаған ғой. Бұл өткен заманға тән іс», – дейді генерал Александр Скипальский.

Оның әріптесі, УҚҚ төрағасының бұрынғы орынбасары Александр Скибинецкий қалай болғанда да елдің аумағына кіруге тыйым салу – бұл УҚҚ басшылығының ісі дейді.

УҚҚ баспасөз қызметі генералдардың мәлімдемесіне орай түсіндірме жасаудан бас тартты. Скипальский мен Скибинецкий көп ұзамай оппозициялық қызметке қатысы барларды түгел қуғындау басталатынына сенімді екенін білдірді.

Украинадағы билік өзгеріп, Виктор Янукович президент бола салысымен-ақ УҚҚ совет заманындағы арнаулы қызмет тәжірбиесін қайта тірілтеді деген мазасыздық пайда болды.

Үлкен жанжалдың бірі мамыр айында Львовта болды. Украиналық католиктік университеттің ректоры Борис Гудзяк ашық мәлімдеме жасап, УҚҚ университет басшылығы мен студенттерге билікке қарсы наразылық акцияларына қатысқаны үшін қысым жасауға әрекеттенгенін айтты. Борис Гудзяктың өзінен алдын ала ескертпеге қол қоюын талап еткен, ректор одан бас тартқан.

Львовтың басқа да жоғары оқу орындарының басшылары түгел осындай ескерту алғаны және өз қолдарын қоюға мәжбүр болғаны соңыра белгілі болған.

РЕСЕЙЛІК АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ БӨЛІМШЕСІ

УҚҚ тақырыбы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында өзінше бір ерекшелікпен дамытылды. «Известия» газеті УҚҚ-ның бұрынғы басшысы, бүгіндері Юлия Тимошенкоға ниеттес депутат Андрей Кожемякиннің сұхбатын жариялады.

Ол Украинадағы ресейлік резидентураның жүгенсіздігі шегіне жеткен деп санайды. Оның айтуынша жуырдағы Ресей президентінің Киевке барған сапарынан кейін Украина басшылары елде ФҚҚ-ның (ФСБ) жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай тудырған.

Андрей Кожемякин сонымен қоса ФҚҚ бүгінде Украина қауіпсіздік қызметіне өз бөлімшелерінің бірі ретінде қарай алады деп мәлімдеді.

ӨТКЕНГЕ ОРАЛУ

Украинада жағдай бұлайша құбылады деген ой осыдан бар-жоғы 7-8 ай бұрын ешкімнің қаперінде болған жоқ. Виктор Януковичтің билікке келуімен өткенге қайта оралу болады дегендер аз болған жоқ. Алайда ондай өзгеріс дәл осы қауіпсіздік қызметінен бастау алады деп ешкім ойламаған да шығар.

Виктор Ющенконың кезінде тура осы құрылым қызметі мазмұндық жағынан түбегейлі өзгеріске ұшыраған болатын.

Ющенко тұсында украиналық КГБ толығымен дерлік елдегі саяси процестерге араласпайтын болып еді. Бүкіл советтік кезең бойына
Украина қауіпсіздік қызметі ғимаратының алдына наразылық акциясына шыққан «Сөз бостандығы үшін» жастар қозғалысының белсенділері. Киев, 25 маусым 2010 жыл.
кешегі Леонид Кучманың президенттігіне дейін жалғасқан кезіндегідей емес, биліктің жазалаушы қолшоқпары ретіндегі дәстүрлі қызметін атқаруға ешбір мүмкіндігі болмай қалған болатын.

Балтық бойы елдерін қоспағанда, постсоветтік кеңістіктегі бір де бір елде Украинаның соңғы 5 жылындағыдай қауіпсіздік органдары саясаттан бұлайша шеттеп көрмеген еді.

Сөйтіп, чекизмнің оралуы туралы сөз де болуы мүмкін емес боп көрініп еді. Керісінше УҚҚ советтік замандағы КГБ-МГБ-НКВД органдарының жазалаушы қызметін әшкерелеумен шұғылданды.

Қылмысты әрекеттерді аймаңдай ететін мұрағаттар ашылып жатты. Дүркін-дүркін 1932-1933 жылдардағы Аштық туралы құжаттардың көрмесі өткізіліп тұрды. Мұндай көрмелер Украина көтерілісшілерінің армиясы туралы, сталиндік тазалау туралы тақырыптары бойынша да өткізіліп, бұрын құпия саналған деректер көптің назарына ұсынылып әшкере болған жайы бар.

ЧЕКИСТЕР БАСҚАША ОЙЛАЙТЫНДАРҒА ҚАРСЫ

Тура сол уақытта басқа постсоветтік елдерде қауіпсіздік органдары мүлдем кереғар бағытта жүріп жатты. Олар сол советтік тәжірибе негізінде өз құрылымын барынша нығайтуда еді. ФҚҚ-інің қатардағы офицерінен бірінші бастығына дейінгі жолды жүріп өткен Владимир Путиннің президенттігі әсіресе қарқынға қарқын қосты.

Советтік үлгіде даму жөнінен бұрынғы Одақтың басқа елдері де қалыспады. Орталық Азия күш құрылымдарының қатаңдығы жағынан бүкіл ТМД-ға дес бермейді десек, қателеспеспіз. Бұл ең бірінші оппозицияны жаныштау және басқаша ойлаушыларды бақылауда ұстау секілді чекистік дәстүрлі қызметке қатысты мәселелерді қамтыды.

Қазақстан осы құпия жарыста қоғамды қаққан қазықтай ету жағынан басқа көсемдерден қалысып отырған жоқ. ҰҚК билікке қолайсыз субъектілерге қарсы күш қолдану операцияларына тікелей қатысып отырды.

Тәуелсіз журналист Рамазан Есіргеповтың үстінен сот ұйымдастырған – осы ҰҚК. Арнаулы қызмет өкілдері процеске қатыстылығын тіпті жасырған да жоқ, қайта өзінің ауторлығын жан-жақты жарнамалаумен болды. Тура президент Назарбаевтың туған күнінде, 6 шілдеде түрмедегі Есіргепов аштық жариялады. Бірақ Қазақстан билігінің беті бүлк еткен жоқ.

Елдің ұлттық қауіпсіздігін биліктің қалай түсінетінін көрсететін мысал жалғыз бұл емес. Сондықтан украиндік чекистер үшін әзірге Қазақстандағы, Өзбекстандағы және басқа да постсоветтік «қосындардағы» әріптестеріне жету қайда!

Бірақ басы басталды. ССРО тәжірбиесі бойынша белгілі – ең бастысы түрткі жасасаң, болғаны, ары қарай қуғын-сүргін механизмі режимге қажетті айналымға өзі-ақ түсіп алады. Қазақстанда бұл құбылыс ешкімге таң емес. Оны бәрі де көріп отыр.

(Тәуелсіз журналист Александр Народецкий бұрын «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының Украин және Түркімен редакциясының директоры болған. Бұл мақаладағы аутордың жеке көзқарасы мен ой тұжырымдары Азаттық радиосының ұстанымына сәйкес келмеуі мүмкін).
XS
SM
MD
LG