Accessibility links

Украинада журналистің жоғалуы елді дүрліктірсе, Қазақстанда – үнсіздік басады


Жоғалып кеткен украин журналисі Василий Клементьев.

Жоғалып кеткен украин журналисі Василий Клементьев.

«Шекарасыз репортерлер» ұйымы украин журналисі Василий Клементьевтің жоғалғаны туралы іс Георгий Гонгадзенің өлімін тергеу ісі тәрізді көп кабинеттің ішінде тығырыққа тіреле ме деп қауіптенеді. Жоғалған қазақ журналисі Оралғайша Омаршановадан әлі күнге дейін еш хабар жоқ.


ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ ҚАУПІ

Парижде орналасқан «Шекарасыз репортерлер» халықаралық баспасөз қорғау ұйымы украин билігін Харьковтегі «Новый стиль» газетінің бас редакторы Василий Клементьевтің жоғалғаны туралы істі бас прокуратураға беруге шақырды.

Мәлімдемеде Василий Клементьевтің жоғалуына байланысты тергеу жұмыстары Георгий Гонгадзе ісінің кебін кимеуі тиістігі, сондықтан істі «жергілікті полициядан тәуелсіз бас прокуратураға беру» қажеттігі айтылған.

«Бұл іс ішкі істер министрлігінің қолында тұрғанда милиция мен Климентьевтің жоғалуы арасында қандай да бір байланыс барлығы
Бұл іс ішкі істер министрлігінің қолында тұрғанда милиция мен Климентьевтің жоғалуы арасында қандай да бір байланыс барлығы айтылмай қала ма деп қауіптенеміз.
айтылмай қала ма деп қауіптенеміз», – делінген «Шекарасыз репортерлер» баспасөз қорғау ұйымының мәлімдемесінде.

Мәлімдеме ауторлары Василий Климентьевтің жоғалуына байланысты істе пайда болған жаңа деректер, ол кісі қолынан қаза болды деген күдікті күшейте түсетінін де атап өткен.

«Шекарасыз репортерлер» ұйымы 30 тамызда Германияға жасаған сапары барысында Украина президенті Виктор Янукович Украинаны одан әрі демократияландыруға баса назар аударатындығы туралы мәлімдегенін еске салған. Халықаралық ұйым Василий Климентьевтің жоғалуы мен Георгий Гонгадзенің өлтірілуін тексеруге билік бар күшін салар деп үміттенеді.

«Новый стиль» газетінің құрылтайшысы әрі бас редакторы Василий Климентьев із-түзсіз жоғалып кетті. Құқық органдарының айтуынша, тамыздың 11-і күні 47 жастағы журналист үйінен шығып, белгісіз бір ер адаммен бірге шетелдік көлікке мініп кеткен. Тамыздың 15-і күні «Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Василий Климентьевтің әріптестері бұл әңгіменің сыңайы адамды кәсіби қызметіне бола ұрлау жайында болып отыр деп санайды.

«Новый стиль» газеті жергілікті соттарда, милиция, прокуратура мен салық органдарындағы жемқорлықтар жөніндегі зерттеулерімен танымал. «Бас редактордың өзі Харьков қаласындағы заң құрылымдарының жемқорлығы жөнінде талай рет мақала жазған болатын» деп хабарлайды «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының Орыс қызметі.


ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Тамыздың 18-і күні Печенег су қоймасында жүзіп жүрген қайықтан Василий Климентьевтің ұялы телефоны табылған соң оны өлтіріп кетуі мүмкін деген күдік күшейе түсті.

– Телефонды су жағасында демалып жүрген азаматтар тауып алған, – деп хабарлады Украина ішкі істер министрлігінің өкілдері. Ит жетектеген кинологтар мен сүңгуірлер судың асты-үстін түгел сүзгенімен еш нәтиже болмады.

Украина президенті Виктор Янукович бас прокурор Александр Медведько мен ішкі істер министрі Анатолий Могилевке журналисті «жерден қазса да» табуды бұйырды. Президент Янукович бұл істі өз бақылауына алды.


ГОНГАДЗЕНІ ЖОЮҒА ТАПСЫРЫС БЕРГЕН

Украинаның жаңа тарихында журналистің жоғалып кетуі бір бұл емес. Осыдан тура он жыл бұрын, 2000 жылы қыркүйектің 16-ы күні оппозициялық журналист Георгий Гонгадзе де ұшты-күйлі жоғалған еді.

Арада бірер апта өткен соң оның басы кесілген денесі Киев төңірегіндегі орманнан табылды. Гонгадзенің өлімі украин қоғамын дүр
Қастандық құрбаны болған украин журналисі Георгий Гонгадзе.
сілкіндіріп, сол кездегі президент Леонид Кучмаға қарсы жаппай қарсылық акциясы басталды.

Сонан бері он жыл өтсе де Георгий Гонгадзе ісіне нүкте қойылған жоқ. Қыркүйектің 14-і күні Бас прокуратураның баспасөз қызметі, журналист Георгий Гонгадзені өлтірген деген айып тағылып отырған бұрынғы милиция генералы Алексей Пукачтың қылмыстық ісін сотқа дейін тергеу ісі аяқталуға жақын қалғанын хабарлады.

Тергеушілердің айтуынша, ІІМ-нің бұрынғы генералы Алексей Пукач сол кездегі ішкі істер министрі Юрий Кравченконың ауызша берген бұйрығына бағынып, билікке жақпаған журналистің көзін қалай құрту туралы Николай Протасов, Валерий Костенко және Александр Поповичпен алдын ала сөз байласып, бұл операцияға басшылық жасағанын мойындаған.

Аты-жөндері аталып отырған ІІМ-нің бұрынғы үш қызметкеріне қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі 2008 жылы көктемде аяқталған болатын. Валерий Костенко мен Александр Поповичтің әрқайсысы он екі жылға, ал Николай Протасов он үш жылға
Солдан оңға: Николай Протасов пен Валерий Костенко сот алдында. Киев, 9 қаңтар 2006 жыл.
бас бостандығына айрылды.

Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Кравченконың басына екі жерден оқ тиген өлі денесі 2005 жылы наурыздың 4-і күні Киев маңындағы саяжайынан табылған-ды. Ол сол күні өзін шақыртқан Украина Бас прокуратурасына барып, «қызғылт-сары революциядан» соң қайта жанданған «Гонгадзе ісі» бойынша тергеу сауалдарына жауап бермекші еді.

«Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосы Орыс қызметі қыркүйектің 15-інен жәбірленушілер іс материалдарымен танысуды бастағанын хабарлады, ал олардан кейін құжаттармен генерал Пукачтың өзі оқып шықпақ. Тергеушілер бұл істі биылғы қазанның 8-іне дейін сотқа тапсырмақ ниетте.

Георгий Гонгадзенің анасы Леси Гонгадзе «баласын өлтіруге тапсырыс беруші ретінде бұрынғы ІІМ Юрий Кравченконы нұсқауы – Бас
Украиналық бұрынғы милиция генералы Алексей Пукачтың қолға түскен сәті. Житомир облысы, Украина, 23 шілде 2009 жыл.
прокуратураның әрекетсіздігі үшін ақталу» деп санайды.

«Олар (бас прокуратура) барлық бәле-жаланы өлген адамға аудара салуды жөн көреді – бұл әдеттегі шаруа. Оларға құдай төреші. Олардың мына істеп жатқаны – өз қарекетсіздігінің ізін жасырып-жабу әрекеті», – деген Леся Гонгадзенің сөзін келтіреді «Украинская правда» газеті.

Журналист Георгий Гонгадзені өлтіруге тапсырысты Юрий Кравченко берді дегенге Жоғарғы Рада депутаты Геннадий Москаль да сенбейді. Ол бұл жайында «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосы Украин қызметіне берген сұқбатында мәлімдеді.

«Кравченко – бұл процессуалдық емес, саяси шешім.Мен Кравченконың орынбасары болып екі мәрте жұмыс істегенмін. Ол екеуміздің арамызда құпия мәселелер жайында әңгімелер болатын, бірақ ондайды ешқашан кабинетінде айтпайтын. Ал кабинетінде тұрып кісі өлтіруге тапсырыс берген дегенге – бұған енді, әлгі Станиславский айтпақшы, «сенбеймін!» – деп мәлімдеді Геннадий Москаль.

ОМАРШАНОВА ІСІ

Қазақстанда 2007 жылдың наурыз айында ұшты-күйлі жоғалған журналист Оралғайша Омаршанова туралы істің жайы ерекше. Астаналық «Закон и правосудие» газетінде жұмыс істейтін ол сыбайлас жемқорлық тақырыбын көтерген.

Әлдекімдердің «жоқ қылып жіберетіндігі» туралы көптеген қоқан-лоқыларынан кейін Оралғайша Омаршанованың қару сатып алғаны және 28 наурызда Алматыға кеткені жайлы білетіндер айтып отыр. Оны соңғы рет Алматыда 30 наурыз күні, күндіз, белгісіз қара
2007 жылдың наурыз айында жоғалған қазақ журналисі Оралғайша Омаршанова.
машинаған отырғанын көргендер бар.

Оралғайша Омаршанова жоғалғаннан кейін жарты жылдан соң оны ұрлаған деген күдікті адамдар пайда болды. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, тергеушілер бұл іс бойынша тек бір ғана күдіктінің ізіне түскен. Ол бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған қылмыстық әлемдегі «беделдердің» бірі болып шықты.

Осыдан соң тергеушілер Оралғайша Омаршанованың жоғалуына күдіктімен жеке қарым-қатынасы себеп болған, яғни оның өліміне кәсіби қызметінің қатысы жоқ деген ұйғарымды алға тартты.

Осынау қылмыстық істің соңы қалай аяқталғаны белгісіз. Заң орындары ол туралы ләм-мим демейді.

Оралғайша Омарова ұшты-күйлі жоғалғаннан кейін аталған газеттің бас редакторы Тоқберген Әбиевке қарсы бір емес бірнеше қылмыстық іс қозғалды, ал «Закон и правосудие» газетінің талқаны шықты.

2008 жылы мамырда «сот органдары қызметкерлерінің үстінен астыртын айғақ жинап беру үшін қаржы полициясының жауапты қызметкеріне барлығы 1600 доллар және 50 мың теңге пара бермек болды» деген айыппен Тоқберген Әбиевті қаржы полициясының қызметкерлері тұтқынға алды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG