Accessibility links

Украинада орыс тілі бар-жоғы 15 жылда ығыстырып шығарылды, кері жол жоқ


Бұрынғылар – Украина премьер-министрі Виктор Янукович (оң жақта), Украина президенті Виктор Ющенко (ортада), Ресей президенті Владимир Путин. Киевте келісімге қол қойғаннан кейін. 22 желтоқсан 2006 жыл.

Бұрынғылар – Украина премьер-министрі Виктор Янукович (оң жақта), Украина президенті Виктор Ющенко (ортада), Ресей президенті Владимир Путин. Киевте келісімге қол қойғаннан кейін. 22 желтоқсан 2006 жыл.

Украина президенті болып Виктор Януковичтің сайлануы Мәскеудің бұл елді өзінің ықпал ету аймағына қайта енгізу үмітін тұтатты. Бұл шаруа, әрине, орыс тілінің мәртебесін көтеру арқылы жүзеге асырылмақ. Алайда, Украина елі бүгінде өзгерген – президент барлық өзгерістерді бірдей бақылауға ала алмайды.


ҮЙІРДЕН БӨЛІНГЕН ТҮЛІК

Мәскеу 2004 жылы Виктор Ющенконың емес, Виктор Януковичтің жеңіске жетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Мәскеудегілердің аптыққаны сондай, жұрт алдында ұятқа қалған жағдайға душар болды, яғни сол кездегі президент Владимир Путин Виктор Януковичті президент болып сайлануымен бір емес, екі мәрте құттықтап жіберді, бірақ бәрі де оның ойлағанына тұп-тура керісінше болып шықты. Қорқынышты түсі өңіне айналды. Құдірет-күші бар солтүстік аңшысының көзін жегідей жеген түлік үйірден бөлініп, уыстан сытылып кете барды.

Бұдан соң Мәскеу үшін жан төзгісіз тітіркенушілікке толы болған бес жылдан кейін Виктор Ющенко сайлауда жеңіліп, өкімет басына келген Киевтегі жаңа билік Ресейге басқаша көзбен қараған кездегі пәс боп қалғандарда қайтадан шат-шадыман көңіл-күйдің пайда болғаны жайында айтудың қажеті де жоқ. Көкейін қуаныш кернеген Виктор Янукович барлық күрделі саяси түйіндерді кеңінен Ресей жақтың пайдасына бұра бастады.

Жеңіске жетуімен бірге өзіндік екінші тынысы ашылған Виктор Янукович елдің тағы бір өте жанды жеріне қатысты шешім қабылдауда да көп ойланып жатпады. Ол – тіл мәселесі еді. Нақтырақ айтқанда, украин тілімен қатар орыс тіліне де мемлекеттік мәртебе беру мәселесі.

Бұл жолы Виктор Януковичті елдің Ата заңын өзгертпейінше тіл мәселесін шешу мүмкін емес деген қарапайым қағида тоқтата алмауда. Бұрын ол бұл қағиданы, өзі берген уәдесін орындай алмай, орыс тілінің мәртебесін өзгерте алмағанына жұрт алдында ақталған кезде басты себеп ретінде алға тартатын.

Президенттік сайлауда жеңіске жеткен Виктор Януковичтің тобы басқару мерзімінің ең басынан бастап барлық күрделі орыс-украиндік мәселелерді қуатты үгіт-насихаттық блокадамен ұрғылауға бел шешкен секілді.

Жергілікті бақылаушылардың айтуынша, Янукович пен оның жақын насихатшылары бұл үдерістердің барлығы ерікті-еріксіз болатын
Қырымдағы ресейшіл «Русское единство» қозғалысының белсенділері 56 жыл бұрын Қырымның Украинаға берілгеніне қарсылығын айтып, шеру жасауда. Симферополь, 19 ақпан 2010 жыл.
өзгерістер, сондықтан ел бұған көндігуге тиіс деген әсер тудырғысы келеді. Мәскеу Украинаның жаңа билігі бастаған сол жаппай науқанға белсенді түрде септесуге кірісті.

Бақылаушылар Виктор Януковичтің украин қоғамына өзінің ресейлік жобаларын өктемдікпен енгізуінің себебін Мәскеуден іздеу керек дейді.

Және де Виктор Януковичті аяқ-асты өзінің саяси бағдарын өзгертті деп ойлауға болмайды. Ол баяғыдан ресейлік саясаткер болып саналатын. Мұны насихаттық шабуыл деп ұғу керек. Және оның арындылығы мен ашықтығын да атай кеткен жөн. Янукович өзінің алдағы іс-әрекеттеріне деген Мәскеудің барлық күмәнін сейілтуге тырысып бағуда.

Егер украин тілін осы елдегі жалғыз мемлекеттік тіл ретінде қарастыратын конституциялық баптарды өзгертудің сәті түспесе, Виктор Януковичтің тобы орыс тіліне мемлекеттік мәртебе әперу үшін арнайы референдум өткізуге барады.

МӘСКЕУДІҢ ҚАҺАРЫ

Егер Украинадағы орыс тіліне қазір күшті қолдау көрсетпесе көп ұзамай ол сөйлесу деңгейінде де анық қолданыстан қалатынын Мәскеудегілер де, Киевтегілер де түсінеді.

Енді ше, бар-жоғы 15 жылдың ішінде дәстүрлі орыс тілді Киев украин тіліне қарай елеулі түрде бет түзеді. Украин телеарналарында қазір
Украин тіліндегі кітаптар. Киев, 23 маусым 2009 жыл.
ана тілі толығымен үстем жағдайда. Мерзімді баспасөзде де көп нәрсе украин тілінің пайдасына қарай өзгерді.

Тіпті, Жоғарғы Рада депутаттарының басым бөлігі де украин тілінде сөйлеуді жөн санайды. Оның үстіне, Украинадағы орыс тілінің тірегі болып отырған елдің Шығысы мен Оңтүстігі де орысжанды топтардың өшпенді қарсыласуына қарамастан тұғырдан тайып барады.

Украин тілінің осы бір айқын жеңісі бәрінен бұрын Мәскеудің шымбайына батып, ашуын тудыруда. Ол жақтағылар ана тілі толығымен және біржола Украинаны алыстататынын және де Ресейдің ықпалын жүргізуге бағытталған кез-келген әрекеттің пайдасыз болатынын анық түсінеді.

Украина халқының тек өз билеушілерінің алдында ғана емес, сонымен қатар Ресейдің алдында да еш қорқынышы қалмады. Ана тілі отансүйгіштік сезімінің анық күшейткішіне айналды. Міне, сол себепті де Украинадағы орыс тілін сақтап қалу науқаны ресейлік доктринаның сыртқы саяси векторы үшін өмірлік маңызды дүние болып тұр.

НАЗАРБАЕВ ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК ФАКТОР

Әрине, бұл науқанның барлық постсоветтік кеңістікте жүргені маңызды. Бірақ, ондай науқан орыс тілді халық көбірек тұратын елдерде, әсіресе маңызды. Украина, Беларусь, Қазақстан – сол әлемнің басты елдері. Бұларсыз ресейлік саяси аймақтың өмірі тоқтайды.

Осы тұрғыдан алғанда, орыс тілі ядролық құрсау күші деңгейінде тұр. Міне, ресейлік билік өкілдерінің Украинаны өз ауқымына алуға көп күш жұмсауының себебі осында жатыр.

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен күндерінде Қазақстан президентін Виктор Януковичті қош алушылардың қатарына
Солдан оңға: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей премьер-министрі Владимир Путин ресми резиденциядағы кездесу кезінде. Ново-Огарево, 15 ақпан 2010 жыл.
қосып қойды. Екеуі үшін де саяқ кеткен түліктің үйірге қайта қосылуы маңызды. Сөйте тұра, Нұрсұлтан Назарбаев үшін қазақ тілінің туған елінде іс жүзіндегі және жалғыз мемлекеттік тіл ретінде біржола бекігені қалаулы екені сөзсіз.

Қалайша Ұлы Даланың ең басты адамы қазақ тіліне Қазақстанның барлық орыс тілді азаматтарының құрмет көрсеткенін, үйренгенін және ол тілде еркін сөйлегенін қаламасын? Мәселен, Франциядағы алжирліктер және Құрама Штаттардағы испан тілді азаматтар ол елдердің тіліне осындай сыйластық білдіреді.

Бірақ, әлбетте, саясат өз дегенін істейді, және ел ішінде де, сыртында да ресейлік фактормен есептесуге мәжбүр болып отырған жалғыз Нұрсұлтан Назарбаев қана емес.

ҚАЙ СЦЕНАРИЙ БОЙЫНША?

Бұл фактор әртүрлі жолмен көрініс береді. Владимир Жириновскийдің мысқылдарында қорқынышты фильмдерден алынған көптеген қызықты-сұмдықты пассаждар бар. Ол, әрине, құттықтауын өзінің ащы әжуаларымен тұздықтап, Виктор Януковичті жеңісімен алғашқылардың бірі болып құттықтап тастады.

«Эхо Москвы» радиобекетіне берген сұхбатында, енді бес жылдан кейін Украинаның шығыс бөлігі Ресейге қосылады деп мәлімдеген Жириновский, Виктор Януковичтің жеңіске жету себептерінің бірі – ол украин тілін білгенімен, шын тіні мен ділінде орыс адамы дегенді айтты.

Ресей Мемлекеттік Думасының спикері Борис Грызлов Виктор Януковичтің Украинасы біртұтас экономикалық кеңістіктің бір бөлшегі ретінде Қазақстан-Белорусь-Ресей Кеден одағына белсенді түрде кірігеді деп үміттенеді.

Украин шолушылары атап көрсеткендей, қандай сыртқы жетістіктерге бай болса да Ресей тарабы Украинада қалыптасқан осы бір ахуалды Виктор Янукович қалай өзгертеді екен деген алаңдаушылығын жасыра алмауда.

Мемлекеттік жүйе тұрғысынан алғанда Украина қазір бұрынғыдан басқа елге айналған. Президенттің ел ішіндегі нақты билігі шексіз емес. Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь елдеріндегі әріптестері секілді елдегі барлық өзгерістерді толық бақылауға ала алмайды.

Тағы бір үлкен мәселе, кімнің ықпалы кімге жүреді дегенге тіреледі: ТМД құрамындағы көп елдердің ауторитаризмі Украинадағы өзгерістерге ме, әлде жаңа тәуелсіз Украина постсоветтік кеңістіктің одан кейіндеп отырған елдеріне өз ықпалын жүргізе ме?

Саяқ шыққан түлік үйірге орала ма, әлде үйір оның соңынан еріп кете бара ма?

(Тәуелсіз журналист Александр Народецкий бұрын «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы Украин редакциясының директоры болып жұмыс істеген. Бұл мақаладағы аутордың жеке ой-тұжырымы Азаттық радиосының ұстанымына сәйкес келмеуі мүмкін.)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG