Accessibility links

Қыз абыройы Өзбекстанда жалған мақтанға және қуғындау үшін сылтауға айналды


Күн сәулесінен қорғану үшін бетіне айран жағып алған қыз. Умида Ахмедованың «Әйелдер мен ерлер: таң атқаннан күн батқанға дейін» атты фотоальбомындағы сурет.

Күн сәулесінен қорғану үшін бетіне айран жағып алған қыз. Умида Ахмедованың «Әйелдер мен ерлер: таң атқаннан күн батқанға дейін» атты фотоальбомындағы сурет.

«Қыз абыройының салмағы» фильмінің ауторы Умида Ахмедова өз халқына «жала жапқаны және ар-намысына тигені үшін» сотталды. Ол билік пен халықтың өзі көз жұма қарап отырған әйел құқын қорғау проблемасын көтеруге әрекет жасаған-ды.


ҮКІМ ЖӘНЕ РАҚЫМШЫЛЫҚ

Бұдан бұрын Азаттық радиосы өз оқырмандарын Өзбекстандағы бірінші кино және фотодокументалист әйел – Умида Ахмедоваға қатысты жағдайлармен таныстырған болатын.

Ол өзбек халқының ар-намысына тиіп, жала жапқаны үшін айыпталды. Өткен жылдың мамыр айында өзбек тергеу органдары оған қарсы қылмыстық іс қозғады.

Умида Ахмедоваға екі жылдан үш жылға дейінгі түзеу жұмыстары немесе алты айға дейін түрмеге қамалу қаупі төнді. Ташкенттің Мирабад аудандық соты биылғы жылдың 10 ақпанында Умида Ахмедоваға қатысты үкім шығарды.

Сот оны қылмыстық кодекстің «бас пайдасы үшін немесе арсыздығы себепті жала жабу» және «баспа немесе өзгеше тәсілмен көбейтілген мәтінмен, болмаса бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жала жабу» деген екі бабы бойынша айыптап отыр.

Алайда, бұл үкім шыға салысымен, Өзбекстанның тәуелсіздік күніне орай, өткен жылдың 28 тамызында жарияланған рақымшылықтан
Умида Ахмедованың «Әйелдер мен ерлер: таң атқаннан күн батқанға дейін» атты фотоальбомындағы сатушы қыздың суреті.
соң Умида Ахмедоваға кешірім жасалып, ол бостандыққа шықты.

Айта кетейік, Умида Ахмедоваға алғашқылардың бірі болып Өзбекстанның баспа және ақпарат жөніндегі мемлекеттік агенттігі қарсы шығып, ол өзбек құқық органдарының назарына осыдан кейін іліккен-ді.

Бұған, 2007 жылы «Швейцария елшілігінің гендерлік бағдарламасымен» шыққан Умида Ахмедованың «Әйелдер мен ерлер: таң атқаннан күн батқанға дейін» деп аталатын фотоальбомы мен Умида Ахмедованың Олег Карповпен бірігіп шығарған «Қыз абыройының салмағы» атты деректі фильмі себеп болды.

ҚОЛДАУШЫЛАР МЕН ҚАРСЫЛАР

Араларында психологтар, дін өкілдері және өнертанушылар бар агенттіктің сарапшылары Умида Ахмедованың фотоальбомы мен фильмінде келтірілген әдепсіз түсініктемелердің өзбек халқының ұлттық діңгегі мен салт-дәстүрінің беделін түсіруге бағытталған жасырын, астыртын мағынасы бар деген қорытындыға келді. Сонымен бірге, онда жағымсыз ақпарат бар, ол жастардың моральдық-психологиялық жағдайына теріс ықпалын тигізеді-міс.

Билікшіл сарапшылардың және өзбек шенеуніктерінің пікірінше, Умида Ахмедова өз жұмыстарында Өзбекстан халқының ұлттық
Ресейлік адам құқын қорғаушылар Умида Ахмедоваға қолдау танытып, Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі алдында тұр. Мәскеу, 11 ақпан 2010 жыл.
дәстүрлеріне өзінің кемсітушілік, сыйламаушылық қатынасымен жала жапқан.

Өзбек билігі қысымға алған соң-ақ Умида Ахмедованың ісі халықаралық жаңғырық тудырды. Батыстағы зиялы қауымның бір тобы мен «Журналистерді қорғаудың халықаралық комитеті», «Хьюман Райтс Вотч», «Амнести Интернэшнл» сияқты беделді халықаралық ұйымдардың сарапшылары Ахмедованы қорғап, ресми Ташкенттен кино- және фотодокументалисті қудалауын жедел тоқтатуын талап етті.

Алайда өзбек билігі өз шешімдерін қабылдап, бәрібір Умида Ахмедованы соттады. Тағы бір айта кетерлігі, сот басталар алдында әлі үкім шығарылмай тұрып-ақ өзбек мемлекеттік теледидары Умида Ахмедованың шығармашылығына байланысты шешімін асығыс шығарып та үлгерді. Өзбекстанда Умида Ахмедоваға қарсы тұтастай науқан жүргізілді.

ЖАБЫҚ ТАҚЫРЫП

Бұл жолы Умида Ахмедованың «Қыз абыройының салмағы» атты фильмі өзбек билігінің жіті назарына ілінді.

Бірнеше билікшіл сарапшылар бұл фильмді көріп шыққан соң оған қатысты өз үкімдерін шығарып, мемлекеттік теледидардан сөз сөйлеп,
Умида Ахмедова өзіне Тәшкент сотының қандай үкім шығаратынын күтіп тұр.
оны өзбек халқының құндылықтарына шабуыл жасады-мыс деп айыптады.

«Қыз абыройының салмағы» фильмі Шығыстың көптеген елдері үшін өте зәру болып отырған, алғашқы неке түніне дейін қыз абыройының сақталу тақырыбына арналған.

Онда, енесі келінін қыз болмай шықты деп есептегендіктен, үйлену тойынан соң күйеу жігіттің үйінен қуып шыққан жас қыздың тарихы әңгімеленеді. Бұдан соң әлгі қыз бірнеше мәрте өзіне қол салмақ болады, оның өмірі осылай тәлкекке ұшырады.

Шығыстың өзге де көптеген елдеріндегі сияқты Өзбекстанда да алғашқы неке түніне дейін қыз абыройын сақтау тақырыбын талқылауға тыйым салынған.

Бақылаушылар, Умида Ахмедова өзбек қоғамында тыйым салынған осы тақырыпты ашық талқыға салғандығы үшін қуғынға ұшырады деп есептейді.

ҚЫЗ АБЫРОЙЫНЫҢ ЖАЛҒАН КУЛЬТІ

Осыған байланысты «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының Өзбек қызметі фильм ауторына, тәуелсіз сарапшыларға «шынымен де бүгінде бұл мәселе өзбек қыздары үшін үлкен ауыртпалық салады ма және бұл тақырыпқа неге тыйым салынған?» деп сұрақ қойды.

Әңгіме барысында «Қыз абыройының салмағы» фильмінің ауторы Умида Ахмедова оның фильмінің кейіпкері өзбек қызы емес, қырым
Умида Ахмедованың «Әйелдер мен ерлер: таң атқаннан күн батқанға дейін» атты фотоальбомындағы сурет.
татары екенін айтты. Қазіргі уақытта, Ахмедованың пікірінше, некеге дейін қыз абыройын сақтауға көптеген жабық қоғамдарда талап қойылады.

– Атап айтқанда, қыз пәктігін сақтау Әзірбайжанда, Кавказда, қырым татарларында, қырғыздарда, Қазақстанның оңтүстігінде бар. Жай ғана адамға сенім керек. Ешқандай күнәсі жоқ жас қыз, бала кезіндегі проблемаларға және физиологияға байланысты қыздық пердесінен айрылғанына кінәлі емес. Әншейін, біздің адамдарымыздың санасында қыз абыройының культі қалыптасқан, – дейді Умида Ахмедова.

Умида Ахмедова оның фильмін Өзбекстанның ресми тұлғалары бұрмалап түсіндірді деп есептейді. Оның айтуынша, елдегілердің көпшілігі бұл фильмді қыздардың арасында қыз абыройының теріс жақтарын насихаттады деп есептейді.

– Олай емес. Осыдан көп жылдар бұрын мен бір мекемеде жұмыс істедім. Сол жерде өте жақсы, тәрбиелі қызды көретінмін. Бірақ, үнемі оның еңсесі түсіңкі жүретін. Мұндағылар әлгі қыз келін болып түскенінде қыздық абыройы болмағандықтан күйеу жігіттің отбасы оны үйінен қуып шыққанын сыпсыңдасып айтатын. Осыдан кейін әлгі қыздың өмірі жақсы қалыптаспады. Мен бұл қыз соншалықты қандай күнә жасап қойыпты деп ойладым. Оның жазықсыз жазғырылғаны көрініп тұрды, – дейді Умида Ахмедова.

ШЕШІМІ БАР МӘСЕЛЕ

Осының арасында, Азаттық радиосы Өзбек қызметінің тілшісімен болған әңгімеде тәуелсіз өзбек журналисі, өзбек қыздарының проблемаларына арналған блог ауторы Гульасаль Камолова фотодокументалист Умида Ахмедованың өзбек қоғамында тыйым салынған тақырыпты қозғауын дұрыс деп санайды.

Гульасаль Камолова бүгінде қыз абыройы Өзбекстан қоғамында әлдебір жалған мақтанышқа айналған деп есептейді.
Гульасаль Камолова, тәуелсіз журналист, өзбек қыздарының мәселелеріне арналған блогтың ауторы.


– Өзбек қыздары абыройларына мүлдем назар аудармайды және бұл олар үшін соншалықты маңызды емес деп айтқым келмейді. Бірақ оларды екі-үш топқа бөлетін болсақ, өзбек дәстүрінде тәрбиеленген қыздар үшін бұл маңызды. Тіпті 30 жасқа келгенде де олар тұрмысқа шықпай тұрғанында абыройын сақтайды. Сонымен бірге, абыройы соншалықты маңызды емес қыздардың тобы да бар. Мен үйлену тойына екі-үш күн қалғанда гинекологқа барып қыздық пердесін қалпына келтіріп алған соң күйеуге тиіп, бақытты өмір сүріп жатқан көптеген қыздарды білемін, – дейді тәуелсіз журналист.

Оның пікірінше, өзбек қоғамы бұл жайында жақсы біледі. Сондықтан, алғашқы неке түніне дейін қыз пәктігін сақтау тақырыбына ашық әңгімелесетін уақыт жетті.

– Тақырыптың жабық болуына байланысты көптеген адамдар бізде мұндай проблема жоқ деп ойлайды. Өзбек телеарналарына қараңызшы, онда әйелдер қыз абыройын сақтау қажет деп айтады. Бірақ оларды кім тыңдап жатыр? Тек қыздардың ата-аналары. Бұл - қыздарға әсер етпейді, өйткені күн санап біздің қоғамымыздағы қыздар еркіндеу болып келеді, – деді тәуелсіз журналист Гульасаль Камолова.

ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН ТЕҢЕУ

Өзбекстанда қыз абыройын сақтау тек бұл елде ғана емес, әлемнің бүкіл негізгі діндерінде жабық тақырып деген пікір қалыптасқан.

Некеқияр қарсаңда қыз пәктігін сақтау мәселесі жайында бұрынғы өзбек теологы, қазір діндарлардың құқын қорғаушы Мутабар Ахмедова былай деп пікір білдіреді:

– Діни тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл тек исламда ғана емес, өзге де діндерде тыйым салынған тақырып. Ол – әйелдердің физиологиясымен байланысты.

Қыз абыройы қыздың мәдениетін бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады. Егер қоғамда бұл мәселеге қатысты көбірек еркіндік берілсе, онда ол бұзылып кетеді. Қоғам толық бей-берекетсіздікке ұрынады. Қыз абыройы отбасында да, оның болашағында да үлкен рөл атқарады. Қыз абыройы ешқашан біздің әйелдеріміз үшін салмақ болған емес, бұл – табиғи құбылыс. 20 жылдан бері өзбек қоғамында үйленгенге дейінгі қыз абыройының жоғалуы жайында жиі айтады. Қыз абыройының жоғалуы жезөкшелікпен тең, – деді діндар құқыққорғаушы.

ИСЛАМ БҰНЫ ТАЛАП ЕТПЕЙДІ

Алайда, Азаттық радиосының Өзбек қызметіне берген сұқбатында қуғындағы өзбек имамы Мухаммадсалих Абутов өзгеше дәлелдер келтіреді. Оның айтуынша, қыздық пәктігін сақтау мәселесі әйелдер үшін салмақ салмауы тиіс.

– Әйел тұрмысқа шыққан ба, шықпаған ба, ең бастысы – оның жаны таза болуы тиіс. Естеріңізде болса, Мұхаммед пайғамбар Хадишаға
Мухаммадсалих Абутов, Өзбекстандағы мешіттің бұрынғы имамы.
үйленген кезінде әйелі қырық жаста болатын. Оның алғашқы некеден екі баласы бар болатын. Сондықтан да міндетті түрде абыройы ашылмаған қызға ғана үйлену керек деген шарт жоқ. Ислам заңдары бұны талап етпейді. Үйленбеген жігіт бұрын күйеуде болған әйелге үйлене алады немесе керісінше. Бұл олар үшін әлдебір қорлық деп есептелмейді. Ислам бұны талап етпейді, ол бұның барлығынан биік тұр, – деді бұрынғы имам.

Сонымен бірге имам Мухаммадсалих Абутовтың айтуынша, кейбір жабық қоғамдарда қыз абыройын үлкен проблемаға айналдыру сол қоғамды реформалау қажеттігін көрсетеді.

– Қазіргі жағдайында қоғам реформалануға мұқтаж. Абыройынан айрылған қыздар дәрігерге барып, өтірік алдау арқылы отбасын құрады. Бұл – қоғамның трагедиясы. Бұның барлығы пайда болған материалдық проблемалармен байланысты. Сонымен бірге, қоғамда мәдени, адамгершілік құндылықтар бұзылған, оның салдары осыған алып келеді. Бұны айтқаннан мәселе шешіліп қалмайды. Қоғамда реформалар жүргізу қажет, – дейді Мухаммадсалих Абутов.

«Ферғана» агенттігінің хабарлауынша, әзірге Өзбекстанда Умида Ахмедованың шығармашылығына тыйым салынған. Ал ТМД мен алыс шетелдерде қуғынға түскен фотодокументалистің фотоальбомдары мен «Қыз абыройының салмағы» фильмін көрсету жоспарланып отыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG