Accessibility links

Президент Назарбаевқа жақын адамдардың бірі Владимир Ни дүние салды


Владимир Ни. «Қазақмыс» компаниясы сайтындағы сурет.

Владимир Ни. «Қазақмыс» компаниясы сайтындағы сурет.

Қазақстан президентімен көп жыл қызметтес болған Владимир Ни ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Соңғы жылдары Қазақстанда оның есімі интернетте тараған атышулы «телефон тыңдауларына» қатысты жиі айтылатын.

Владимир Ни өткен бейсенбі күні Швейцария ауруханасында дүние салғанын хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Владимир Ни 1985-1988 жылдар аралығында Қазақ ССР Министрлер кеңесі төрағасының көмекшісі болды. Ал 1990 жылдан бастап ол ұзақ уақыт Қазақстан президенті мен үкіметінің іс басқарушысы болып жұмыс істеді.

2006 жылдан «Қазақмыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы ретінде жұмыс істеп, оған дейін сол компанияда басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Владимир Ни өмірінің соңына дейін «ХОЗУ корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарды.

2007 жылы интернетте жарияланған Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерінің телефонмен сөйлескен әңгімелері деп көрсетілген аудиожазбада Владимир Нидің аты жиі аталды. Қазақстан қоғамында «телефон тыңдауылары» деген атауға ие болған атышулы осы жазбада «Қазақстан президентінің сенімді адамы, дербес зейнеткер Владимир Ни» деп көрсетілген адам министрлер, әкімдер, ірі банкирлер мен бизнесмендерге нұсқау беріп, мемлекеттік маңызды істерге араласатын тұлға ретінде сипатталған.

Алайда Владимир Ни де, өзге адамдар да «телефон тыңдауларындағы» өз дауыстары екендігін мойындаған иә болмаса жоққа шығарған емес.

Владимир Нидің денесі Швейцариядан Қазақстанға сенбі күні жеткізіледі деп хабарланып отыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG