Accessibility links

Қазақстан өз жұмысшыларының құқығын қорғап отыр ма?


Қазақстандық жұмысшылар Атырауда құлаған көпір орнын тазалап жатыр. 12 қыркүйек. 2010 жыл.
Қазақстандық жұмысшылар Атырауда құлаған көпір орнын тазалап жатыр. 12 қыркүйек. 2010 жыл.

Қазақстандық жұмысшылар өз құқықтарының сақталмайтындығына жиі шағымданады. Бірінші кезекте, еңбеккерлер өздеріне тиісті жалақыларын бірнеше айға кешіктіріп беретіндігіне наразы. «Фридом хауз» ұйымы Қазақстанды жұмысшылар құқығын бұзушы елдер қатарына енгізген.




Халықаралық «Фридом хауз» ұйымының Вашингтонда жасаған баяндамасында жұмысшылар құқығы жиі бұзылатын, жазалаушы мемлекеттер тізіміне Қазақстанның да еніп отырғанын көрсеткен болатын. Сондай-ақ аталған ұйымның баяндамасында жұмысшылар құқығын қорғауға тиіс кәсіподақ ұйымдары билік тарапынан қысым көретіні туралы жазылған.

Қазақстанда жұмысшылар құқықтарының үнемі бұзылатынын және жалақыларын уақытында ала алмайтындықтарын алға тартады. Дәл осы себептен жұмысшылардың әркез ереуілге шығуы да жиілеп кеткені белгілі.

Қазақстанда жұмысшылар құқығы қаншалықты қорғалып отыр, кәсіподақ ұйымдары олардың құқығын қорғап отыр ма деген сауал төңірегінде дайындалған хабарды “Уақыт бедері” айдарынан тыңдай аласыздар.
XS
SM
MD
LG