Accessibility links

2009 жылы әлем елдерінде баспасөз бостандығының аясы тарыла түсті


Баспасөз бостандығын қорғауға арналған наразылық акциясы. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.
Баспасөз бостандығын қорғауға арналған наразылық акциясы. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

Зерттеу жүргізілген 196 елдің қатарында Қазақстан 169-шы орыннан көрінді. Freedom House баяндамасында Түркіменстан, Өзбекстан, Беларусь және Иран елдері баспасөз бостандығы ең нашар мемлекеттер деп аталды.


СЕГІЗ ЖЫЛҒЫ СҮРЕҢ

Вашингтондағы Freedom House ұйымының баяндамасына сәйкес, 2009 жылы әлемдегі баспасөз еркіндігінің жағдайы нашарлаған. Өткен жылы репрессивті үкіметтер өзгеше ойлайтындардың үнін өшіруге тырысқан, журналистерге жасалған қылмыстар жазасыз қалған,
Кісі қолынан қаза тапқан қырғызстандық журналистер: Әлішер Саипов (сол жақта) пен Геннадий Павлюк.
сондай-ақ мемлекеттердің интернетті бақылауы күшейген делінген бұл баяндамада.

Зерттеуге ілінген 196 елдің қатарында Қазақстан 169 орынды иеленген. Түркіменстан, Өзбекстан, Беларусь және Иран баспасөз бостандығы ең нашар мемлекеттер деп аталды.

Freedom House зерттеуінің директоры Кристофер Уолкердің мәлімдеуінше, 2009 жылы әлемдегі баспасөз еркіндігі жағдайы одан сайын нашарлай түскен.

«Өткен жылы біз әлемде баспасөз бостандығы көрсеткішінің тағы да төмендегенін байқадық. Бұл жағдай жалпы осымен сегізінші жыл қатарынан нашарлап отыр», – деді Уолкер.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҒДАЙ БҰРЫНҒЫДАЙ

Freedom House баяндамасы заңды, саяси және экономикалық факторларға негізделіп, әрбір елдің баспасөз еркіндігіне баға берген.

Зерттеу нәтижесі 2009 жылы 6 адамның тек біреуі ғана еркін баспасөзі бар елде тұратынын көрсеткен. Бұл оның алдындағы жылдың
Қазақстанда үш жылға түрмеге қамалған «Алма-Ата инфо» тәуелсіз газетінің редакторы Рамазан Есіргепов.
жағдайымен салыстырғанда әлемдегі баспасөз еркіндігінің нашарлағанын байқатады.

Африкадан бастап Орталық Азияға дейінгі репрессивті және жартылай репрессивті үкіметтер бұқаралық ақпарат құралдарына бақылауын күшейткен.

Баяндамада Орталық Азияның бес мемлекетіндегі, оның ішінде Қазақстандағы баспасөз жағдайы «еркін емес» деп сипатталған. Осыған байланысты Кристофер Уолкер былай деп мәлімдеді

«Қазақстан билігі үкімет саясаты мен оның бұрыс іс-қимылдарына байланысты айтарлықтай сынға ұшырап отыр», - деді Уолкер.

«Еркін емес» деген категорияға бұрынғы Совет елдерінен сондай-ақ 9 мемлекет, олардың ішінде Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь еніп отыр.

«Балтық елдерінен басқа бұрынғы Совет мемлекеттерінде журналистерге қауіп төніп тұр, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының инфрақұрылымын үкіметтер мен биліктегі күштер бақылайды. Бұл елдерде жаңалықтар мен ақпараттарға қатысты плюрализм жоқ», - дейді Уолкер.

ҚЫСЫМ КҮШЕЙІП БАРАДЫ

Freedom House баяндамасына сәйкес, журналистерге шабуылдаған қылмыскерлердің жазасыз қалуы журналистердің өздеріне-өздері цензура енгізуіне және мұндай шабуылдардың көбеюіне алып келеді.

Сонымен қатар 2009 жылы бірқатар елдер интернетке шектеулер енгізген, олардың ішінде Қазақстан, Қытай және Иран елдері бар. Қазақстанда интернетке мемлекет бақылауын күшейту туралы заңнама жасалған болатын.
Интернетке қатысты заңға қарсылық акциясы кезінде интернет-форумдардағы жарнама белгі. Алматы, 2009 жыл.


Тіпті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз бойынша өкілі Дуня Миятович ұйымға төрағалық етуші Қазақстанды интернетті шектегені үшін сынға алды.

«Бұл – цензураның сорақы түрі. Үкімет еркіндікті үрей ретінде қабылдайды», – деп атап көрсетті Дуня Миятович. Бұл туралы ол сәрсенбі күні Алматыдағы тоғызыншы Еуразиялық медиа форум барысында мәлімдеді.

2009 жылы әлемдегі баспасөз еркіндігі жағдайы нашарласа да, дегенмен кей елдерде бұл көрсеткіш жақсарған.

Freedom House баяндамасында Эстония, Литва, Латвия елдеріндегі баспасөз жағдайы «еркін» деп аталса, Украина мен Грузия «жартылай еркін» деп сипатталған.

Ал Скандинавия елдері әлемдегі баспасөз еркіндігі ең жоғары мемлекеттер деп бағаланды.
XS
SM
MD
LG