Accessibility links

Интернеттегі «.com» доменінің қолданысқа енгеніне 25 жыл толды


Домендік атауларды және сандық адрестерді басқару жөніндегі халықаралық интернет-корпорацияның (ICANN) таңбасы.

Домендік атауларды және сандық адрестерді басқару жөніндегі халықаралық интернет-корпорацияның (ICANN) таңбасы.

Бүгінде адамзат күнделікті пайдаланатын интернет желісінде бұдан ширек ғасыр бұрын алғаш рет «.com» домені пайда болған еді. Содан бергі өткен уақыт ішінде бұл атау кең қолданысқа еніп, қазіргі кезде 1,6 миллиард интернет пайдаланушылардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды.


ШИРЕК ҒАСЫР БҰРЫНҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

1985 жылы 15 наурызда Symbolics деп аталатын АҚШ-тың компьютерлік компаниясы «symbolics.com» атты парақшасын ашты. Бұл ресми тіркелген алғашқы сайт болатын. Әу баста «.com» домені басында онша дамыған жоқ.

1990 жылдардың ортасына дейін компьютер пайдаланатын адамдардың қатары аз ғана болғандықтан, көпшілік жұрт «.com» дегеннің не екенін біле бермейтін. Apple сияқты кейбір ірі компаниялар Symbolics-тен кейін бірнеше жыл өткен соң ғана өздерінің парақшасын тіркей
Бүгінде «.com» доменіндегі танымал әлеуметтік желілердің бірі - twitter.com сайтының көрінісі.
бастады.

Бірақ қазіргі таңда интернеттегі «.com» домені 1,6 миллиард интернет пайдаланушыларының күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып отыр. Адамдар интернеттегі «.com» вебсайттары арқылы тауарларды сатып алады, басқалармен байланысады, білім алады, әртүрлі ақпараттармен танысады және өз пікірлерімен бөліседі.

Күн сайын жүздеген мың «.com» сайттары тіркеледі. Интернеттегі 86 миллионға жуық парақша белсенді түрде жұмыс істейді, соңғы 25 жылда «.com» доменінде миллиондаған жаңа сайттар ашылып, жұмысты жалғастырып келеді.

Ал ең алғашқы «.com» доменінде сайт ашқан Symbolics компаниясы банкротқа ұшырап, қазір енді symbolics.com парақшасы «.com» домендерін сатып күн көретін фирма иесінің блогына айналған.

Бұрынғы Советтер одағына тиесілі болған «.su» доменіндегі сайттарды ғаламторда әлі күнге дейін кезіктіруге болады.
«.com» доменін алғашында АҚШ қорғаныс министрі басқарған, кейінірек ол VeriSign сатып алған Network Solutions компаниясының бақылауына өтті.

Калифорнияда орналасқан бұл компания алғашқы «.com» доменінің тіркелгендігін сейсенбі күні Вашингтонда тойлайтынын айтып отыр. Бұл шараның ашылуында бұрынғы президент Билл Клинтон сөз сөйлейтін болады. Ал Сан-Францискодағы тойлау шарасында интернетке ерекше әсер еткен жетекші 25 адам мен компаниялар атап өтіледі.

ҒАЛАМТОРДАҒЫ ӨЗГЕ ДОМЕНДЕР

Бүгінде «.com» интернеттегі адрестердің бірегей болуына кепілдік беретін жоғары деңгейлі домендер аттарының бірі.

1985 жылдың басында «.com» доменімен бірге «.edu», «.gov», «.org», «.mil» және «.net» домендері
Қазақстандық http://kiwi.kz веб-сайтының көрінісі. Алматы, 14 қараша 2009 жыл.
құрылды.

Содан бері интернет кеңістігінде бизнестерге арналған «.biz» және Еуропа Одағына мүше елдердегі ұйымдар мен азаматтарға арналған «.eu» сияқты көптеген домендер дамыды.

Сонымен қатар жоғары деңгейлі домендер аттарында мемлекеттерге арналған домендер бар, мәселен, Қазақстан үшін «.kz», Ресей үшін «.ru», Иран үшін «.ir» немесе Ауғанстан үшін «.af» домендеріндегі сайттар тұтынушыларға мәлім.

2009 жылы «.com», «.cn», «.de» және «.net» жоғары деңгейлі ең танымал домендер болды.

Сонымен қатар өткен жылы интернеттегі ізденістер нәтижесінде кирилл, араб немесе қытай әріптерімен жазылған халықаралық домендердің пайда болуына рұқсат берілді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG