Accessibility links

Қазақстандағы білім сапасын қалай жақсартуға болады?


Алматы мектептерінің біріндегі бастауыш сынып шәкірттері. 22 қыркүйек 2009 жыл.

Алматы мектептерінің біріндегі бастауыш сынып шәкірттері. 22 қыркүйек 2009 жыл.

Жастар Азаттықта бағдарламасында Қазақстандағы білім беретін орындардың олқылықтары мен жетістіктері туралы айтылады. Ал жас айтыскер Рүстем Қайыртайұлы жастарға қатысты өз ой-толғамдарын ортаға салады.


Жуырда білім сапасын саралайтын Қазақстанның тәуелсіз агенттігі елдегі үздік жоғары оқу орындарының тізімін жариялады. Қазақстандағы білім сапасын төмен деп бағалаған кейбір мамандар «бұл үздіктер бәлкім, ең нашарлар арасындағы тәуірлері болар. Бірақ бұл «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» емес» деген пікір айтады.

Әрдайым ішін емес, сыртын жылтыратуға құмарлық, рейтингке әуестік неге апарады? Білім сапасындағы олқылықтарды толтыру үшін не істеу керек? Азаттық радиосы осы сұрақтарға қатысты мамандар мен жастардың пікірлерін білген еді.

Дәстүрлі сұхбат айдарында жас айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлының шығармашылығымен таныстырамыз. Жыр додаларында бәсекелестеріне дес бермеген ақынның арманы не? Жастарды толғандыратын өзекті мәселелерге қатысты ақын қандай ой түйеді?

«Жастар Азаттықта» клубының апталық хабарын мына жерден тыңдай аласыз.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG