Accessibility links

Жәмила Жәкішева: Жоғалып кетсем - тұтқындалғаным


«Казатомпром» компаниясының тұтқынға алынған бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің зайыбы Жәмила Жәкішева ҰҚК-нің тергеу абақтысы алдында журналистерге сұхбат беріп тұр. Астана, 4 маусым 2009 ж.

«Казатомпром» компаниясының тұтқынға алынған бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің зайыбы Жәмила Жәкішева ҰҚК-нің тергеу абақтысы алдында журналистерге сұхбат беріп тұр. Астана, 4 маусым 2009 ж.

ҰҚК баспасөз-хатшысы Мұхтар Жәкішевтің жұбайынан басқа әйелдердің барлығы күйеулерімен кездесті дейді. «Қазатомпромның» тұтқынға алынған бұрынғы топ-менеджерлері бірінің зайыбы Наталья Парфенова күйеуімен кездесуіне ҰҚК заңсыз шектеу қойды деп отыр. Жәмила Жәкішева өзін ҰҚК қызметкерлерінің қорқытқанын айтады.

ТҰТҚЫНДАРДЫ ЖАСЫРЫН ПӘТЕРДЕН АЛЫП КЕЛГЕН

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының вице-президенттерінің бірі Дмитрий Парфеновтың жұбайы Наталья, Азаттық радиосына берген сұхбатында, ерімен кездескен кезде Ұлттық қауіпсіздік қызметі тергеу органдарының тарапынан олардың құқықтарының бұзылғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, ерімен кездесу кезінде тергеуші үнемі жандарында болған. «Ол бір минутқа да кеткен жоқ», - деді Наталья.

Екіншіден, дейді Наталья Парфенова, оның күйеуі күдікті емес және «Қазатомпромның» бұрынғы президентіне тағылған қылмыстарға қатысушы емес. Ол - тағылған айып бойынша куәгер. Яғни, қазір ҰҚК айтып отырғандай, Дмитрий Парфенов барынша еркін адам.

Сондықтан да кездесу санына олар шектеу қоймауы керек деп мәлімдеді Наталья. Өйткені, бұл – заңға қайшы.

«Жалпы алғанда біз кез-келген жерде тергеушінің қатысуынсыз кездесе алуымыз керек», - деді Парфеновтың жұбайы.

Алайда, бұның орнына ерлі-зайыпты Дмитрий және Наталья Парфеновтар Астанадағы ҰҚК-нің тергеу комитетінде кездескен. Оларды мұнда «жасырын пәтерден» алып келген. Тұтқындалғандарды терезелері қараңғыланған қара джиппен қалай алып келгенін Натальяның өзі көрген. «Терезелерінің бәрі қап-қара» деді Наталья.

Автокөлік тергеу департаментінің ауласына үлкен жылдамдықпен кіріп-шығатындықтан, Наталья қара джиптің нөмірін де, маркасын да байқай алмаған. Күйеуінің жағдайын ол «басыңқы, бірақ жалпы алғанда қанағаттанарлық» деп бағалады.

«Мен оның қолы мен бетіне қарадым. Бірақ, олар (ҰҚК тергеушілері) мұндай ақымақтыққа бара қоймаған. Оның арқасын қарап көру керек еді», - дейді Н.Парфенова.

Тергеушінің көзінше Дмитрий Парфенов ештеңеге шағымданғанбаған. Ол тек әйеліне ҰҚК-нің жасырын пәтерінде ұсталып отырғанын айтты. Бірақ, маңызды бір хабар айтқан, яғни «тергеуде өзіне нені айт десе, соны ғана айтқан».

Наталья Парфенова, сонымен бірге, оған және қызына әлгі жасырын пәтерде күйеуімен бірге тұруға рұқсат сұрап, ҰҚК-ға өтініш жазғандығын хабарлады.

«Егер күйеуі Дмитрий Парфеновке қауіп төніп тұрған болса, онда бұндай қауіп оның әйелі мен отбасы мүшелеріне де төніп тұр» деп есептейді Н.Парфенова. Дүйсенбі күні ол өзінің өтініші бойынша ҰҚК қандай шешім қабылдағанын білмек.

«Егер өтінішім қанағаттандырылмаған болса, онда мен заң шеңберінде белгіленген тәртіппен қайта шағымданамын. Егер бұған да келіспесе, онда қызым екеуімізге қарулы күзет берулерін сұраймын. Бұл менің және менің отбасымның қауіпсіздігіне байланысты манипуляция жасамас үшін қажет.

Мұндай өтінішті әзірге мен ғана бердім. Оның нәтижесіне қарап көреміз. Мен бірге тұру жайында өтініш бергендіктен, маған ешнәрсе айтқан жоқ. Ал, басқаларына (тұтқындалғандардың әйелдеріне) кездесу аптасына бір рет болады деп айтқан. Бұл заңға қайшы. Кездесу санын шектеуге олардың құқылары жоқ», - деді Наталья Парфенова.

Осының қарсаңында «Қазатомпром» компаниясының тұтқындалған топ-менеджерлерінің әйелдері Астананың шетіндегі ҰҚК түрмесінің маңында пикет ұйымдастырғандай болған. Ресми түрде олар ҰҚК-нің әлдебір құпия пәтерлерінде ұсталуда. ҰҚК-нің бұрынғы басшысы, диссидент Рахат Әлиев заңсыз тұтқындауды енгізген ҰҚК-нің бұл әрекетін заңсыздық деп есептейді.

Наталья Парфеноваға, Марийка Цоцорияға және Тамара Пирматоваға 4 маусымда күйеулерімен кездесуге мүмкіндік берілген. Ал Жәмила Жәкішеваға кездесуге рұқсат етілмеген.

«ШЫНДАП КЕЛГЕНДЕ ОЛАР МЕНІ ҚОРҚЫТА БАСТАДЫ»

«Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының экс-президентінің жұбайы Жәмила Жәкішева Азаттық радиосына берген сұхбатында былай деп мәлімдеді:

«Мүмкін ертең келіп мені де алып кететін шығар. Егер мен жоқ болып кетсем, демек мені алып кеткені».

Мұндай көңіл құлазытарлық қорытындыға Жәмила Жәкішева Астанадағы тергеу комитетінде ҰҚК қызметкерімен болған әңгімеден соң келген. Оның айтуынша ҰҚК қызметкері оны қорқытқан.

«Бірақ, ол өзінің кім екенін де айтпаған, қызмет куәлігін де көрсетпеген». Сондықтан да Жәкішева оның аты-жөнін де, қызметін де білмейді. Азаттық радиосына берген сұхбатында Жәкішева бұл жағдайды жан-жақты айтып берді:

«Барлықтарына кездесуге рұқсат беріп жатқан кезде маған да кездесуге мүмкіндік беретін шығар деп үміттенгенмін. Барлығы шыққан соң, маған кездесуге неге рұқсат бермедіңіздер деп сұрай бастадым. Маған кездесу беруін талап еттім. Бірақ, осы кезда ана жақтан (тергеу комитетінен) бір қызметкер шықты. Мен одан: маған неге кездесу бермейсіздер, мен арызымды қалдырып едім ғой дедім?

Ол: сізбен біздің жеке әңгімеміз бар деді. Сізге қоятын сұрақтарымыз көп. Ал, жалпы алғанда біз сізді тергеуге шақырмақпыз деді. Мен: жақсы, олай болса адвокатыммен келемін дегенімде ол: бұның (адвокаттың болуы) міндетті емес деді. Ол адвокатты кіргізбеуі мүмкін деді. Ақырында олар мені қорқыта бастады.

Оның атын білмеймін. Өйткені, ол куәлігін көрсеткен жоқ. Бірақ, шамамен осындай әңгіме болды. Мен, шынымды айтсам, өзім де білмеймін. Мүмкін, ертең келіп мені де алып кететін шығар».

БЕКНАЗАРОВ ЖОҚҚА ШЫҒАРАДЫ

Жәмила Жәкішевамен болған әңгімеден соң Азаттық радиосына ҰҚК-нің баспасөз-хатшысы Кенжеболат Бекназаровпен кездесіп, оған бірқатар сұрақтар қоюға мүмкіндік туды. Алайда, Бекназаров мырза бірінші кезекте Азаттық радиосын «үнемі обьективсіз ақпараттар таратады» деп айыптады. «Мен бұны ресми түрде мәлімдеймін», - деді ҰҚК өкілі.

Бекназаров, сонымен қатар, Жәмила Жәкішеваға кездесуге ешкім тыйым салмағандығын мәлімдеді.

«Ол кеше ғана (4 маусымда) өтініш берді. Маған айтылғанындай, өтініш қаралып жатыр. Онда өтінішті қараудың мерзімі бар. Меніңше, шамамен он күннің бедерінде болар», - деді Бекназаров.

Бірақ, ол кездесу жайында Жәкішевамен бір мезгілде өтініш берген басқа әйелдер неге сол күні күйеулерімен кездескенін, ал Мұхтар Жәкішевтің жұбайының өтініші не себепті он күннің шамасында қаралатындығының түсіндірген жоқ.

Кенжеболат Бекназаров, сонымен бірге, Астанадағы ҰҚК қызметкері өзін таныстырмастан, қызмет куәлігін көрсетпестен, Мұхтар Жәкішевтің жұбайын қорқытты деген фактіге байланысты ешнәрсе білмейтінін айтты.

Қорқыту жағдайына байланысты ҰҚК баспасөз-хатшысы былай деді: «Мен білмеймін, мүмкін ол өсіріп айтып тұрған болар».

Солай бола тұра, Астанадағы ҰҚК тергеу комитетінің қызметкерімен болған әңгімеден соң, Жәмила Жәкішева қорқа бастаған. Ол бізге былай деді:

«Мен бұған дейін де қорқып жүргенмін. Меніңше, қорықпау мүмкін емес. Кез-келген қалыпты адам сияқты мен де өзім үшін, балаларым, күйеуім үшін қорқамын».

Оның күйеуі Мұхтар Жәкішев мамыр айының соңында «Қазатомпром» ұлттық компаниясының президенті қызметінен босатылып, бірден тұтқынға алынған. Оған сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша айып тағылған.

Жәкішевтің жақтастарының айтуынша, Жәкішевті қашып кеткен топ-менеджер Мұхтар Әблязовты Ақордамен келісімге келуге үгіттей алмағандықтан қыса бастаған. Одан соң тұтқынға алынған Мұхтар Жәкішевтің орынбасарлары ресми түрде куәгерлер ретінде тіркелген. Бірақ, оларға туыстары мен баспасөзбен байланысуға тыйым салынған. Олар «куәгерлерді қорғау» бағдарламасы бойынша жасырын пәтерлерде ұсталуда деп хабарланып отыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG