Accessibility links

Жаңаөзендегі ереуіл тоқтап, мұнайшылар жұмысқа шықты


«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшылары автобекет маңында ереуілдеп тұр. Жаңаөзен, Маңғыстау облысы, 25 қазан 2010 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.
«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшылары автобекет маңында ереуілдеп тұр. Жаңаөзен, Маңғыстау облысы, 25 қазан 2010 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.

Жаңаөзенде төрт күнге созылған «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларының ереуілі тоқтады. Филиал бастығының авдокат жалдау туралы уәдесіне сенген мұнайшылар әліптің артын бағып жұмысқа шықты.


«ЗАҢСЫЗ ҚЫСЫМ ЖАСАЛСА, ЕРЕУІЛГЕ ҚАЙТА ШЫҒАМЫЗ»

Азаттық тілшісіне хабарласқан мұнайшылардың айтуынша, қазанның 25-і күні кешке Жаңаөзен қаласындағы автобекетке жиналғандар тарқап, жұмыстарына шықты.

– Жиналған жұмысшылардың арасына келген «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы директоры Киікбай Ешманов сөз сөйлеп, Таған Қощановтың құқығын қорғайтын адвокат жалдауға уәде берді. Жұмысшылар Тағанның үйіне барып, тексеру қортындысы ақтамаса,
Полиция «есірткімен ұсталды» деген айып таққан Таған Қощановқа қолдау білдіріп, автобекет маңында наразылық акциясына шыққан жұмысшылар. Жаңаөзен, Маңғыстау облысы, 25 қазан 2010 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.
жаппай ереуілге қайта шығатындарын айтып келді, – деп мәлімдеді автобекетте тұрғандардың бірі Азаттық тілшісіне телефон арқылы.

Оператор Естай Қарашаевтың айтуынша, жұмысшылар белсенділердің бірі Жак Аминов сөз сөйлеп, «ескірті тұтынды және сақтады» деген күдікпен үйқамақта отырған Таған Қощановқа көрсеткен қолдаулары арқылы ауыз бірліктерін көрсеткендерін айтқан.

– Бұған дейін наразылық акцияларына шығып әлеуметтік жағдайды талап етіп жүрген белсенділерді қудаламауды талап еттік. Егер жұмысшыларға құқық қорғау немесе жұмыс беруші тарапынан қандай да бір заңсыз қысымшылық жасалатын болса, барлығымыз қайтадан ереуілге шығатынымызды да ескерттік, – деді «Жөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіподағының төрағасы Ыхылас Шаңгереев.

«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» компаниясы құрамындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшылары қазанның 21-інен бері қаладағы автобекетке жиналған еді. Жұмысшылар наразылығына сол күні «Өзенмұнайгаз» өндірістік филалына қарасты УОС-5 мекемесінің жүргізушісі Таған Қощановтың «қаны мен киімінің қалтасынан есірткі табылды» деген күдікпен қамауға алынуы себеп болған-ды.

Таған Қощановқа «жазықсыз жала жауып отыр» деп санайтын жұмысшылар, мұның барлығы өткен наурыз айында жұмыс жағдайын жақсартып, аудандық және салалық коэффициенттерді жалақыдан тыс төлеуді талап етіп, екі жетіден астам уақыт ереуілдеткендерді жазалау мақсатында жасалып отырған әрекет деп бағалайтындарын мәлімдеген болатын.

Жұмысшылар Таған Қощановқа тағылған айып бұларға «жасалып жатқан қысым мен қудалаудың шарықтау шегі болғандықтан» ереуілге шығуға мәжбүр болғандарын айтқан еді. Әріптестерін ақтауды талап Жаңаөзендегі жұмысшылар ереуілі бұл жолы төрт тәулікке созылды.

РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ

Қазанның 25-і күні осы мәселеге орай «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының баспасөз орталығы «Өзенмұнайгаз»
«Өзенмұнайгаз» компаниясының жұмысшысы. Маңғыстау облысы, мамыр, 2008 жыл.
өндірістік филиалының аумағында жағдайдың біртіндеп реттеліп жатқаны туралы хабар таратты.

Онда «соңғы төрт күн ішінде ҚМГ БӨ және «Өзенмұнайгаз» ӨФ басшылығы жүргізген түсіндіру жұмыстарының арқасында негізінен «Ұңғымаларға қызмет көрсету» және «Технологиялық көлік» басқармаларында істейтін автокөлік және арнаулы техника жүргізушілерін есептемегенде, наразылық акциясына қатысушылардың басым көпшілігі жұмысқа оралды. Өндірістік процесс қалыпты режимге келе бастағаны» жазылған.

Бұдан өзге осы ресми ақпарат арқылы компания «саналылық танытып, жұмысты жалғастырған «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмыскерлеріне алғыс білдіріп, олардың еңбегі оң бағаланатындығын» ескерткен.

Компания таратқан ақпаратта, алдын ала есептер бойынша, ереуіл болған төрт күн ішінде кәсіпорында жоспарланған мөлшерден 1098 тонна мұнай кем өндірілгені айтылған.
XS
SM
MD
LG