Accessibility links

Облыстық соттың қадағалау алқасы Жовтистің ісі бойынша шағымды қанағаттандырмады


Адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис Балқаш аудандық сотында. Бақанас ауылы, Алматы облысы, 2 қыркүйек 2009 жыл.
Адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис Балқаш аудандық сотында. Бақанас ауылы, Алматы облысы, 2 қыркүйек 2009 жыл.

Желтоқсанның 10-күні құқыққорғаушы Евгений Жовтистің адвокаты Виталий Вороновтың шағымын қараған Алматы облыстық сотының қадағалу алқасы шығарылған аудандық сот үкімі мен апелляциялық сот алқасының қаулысы заңды әрі негізді деп шешті. Осылайша, қорғанушы тарап Қазақстанның сот жүйесінің барлық сатысынан өтіп болды.

Халықаралық адам құқығын қорғау күні Талдықорғандағы Алматы облыстық сотында адвокат Виталий Вороновтың қадағалау алқасына берген шағымы қаралды.

– Шағымды алдын ала отырыста қараған қадағалау алқасының төрешілері қадағалау іс жүргізуін қозғауға негіз жоқ, сот үкімі мен апелляциялық алқаның қаулысы заңды әрі негізді деген ұйғарым жасады, – деп хабарлады Виталий Воронов Азаттық радиосына телефон
Евгений Жовтистің адвокаты Виталий Воронов Балқаш аудандық сотында. Бақанас ауылы, Алматы облысы, 2 қыркүйек 2009 жыл.
арқылы.

Адвокаттың айтуынша, осылайша Қазақстандық адам құқығы жөніндегі бюро жетекшісі Евгений Жовтистің ісі бойынша қорғанушы тарап Қазақстанның сот жүйесінің барлық сатысынан өтіп болды.

– Қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнама тұрғысынан барлық сатыдан өттік. Өйткені, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 458-бабынның 2-бөлігіне сәйкес, бұл ауыр емес қылмыс түрі болғандықтан біз Жоғарғы сотқа шағымдана алмаймыз, – деді Виталий Воронов.

Ол енді төрт-бес күнде Өскеменге барып, сонда түрмеде жазасын өтеп жатқан Қазақстандық адам құқығы жөніндегі бюро жетекшісі Евгений Жовтиске жолықпақшы. Адвокат онымен ендігі іс-әрекеттері туралы сөйлеспек. Виталий Вороновтың айтуынша, оларға енді БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комитетіне шағым түсіру ғана қалды.

– Ондай арызды тек Евгений Жовтистің өзі ғана жазып жолдай алады. Адвокаты ретінде оның атынан жазуға менің құқығым жоқ, – деп хабарлады Виталий Воронов Азаттық радиосына.

Белгілі адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис биылғы жылы қыркүйек айында Алматы облысы Балқаш аудандық сотының үкімімен қылмыскер деп танылып, 4 жылға бас еркіндігінен айырылған болатын. Қазан айында Алматы облыстық соты оның берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмай үкімді күшінде қалдырды.

Қазан айының соңынан бері Евгений Жовтис Өскемендегі түрмеде жазасын өтеп жатыр.
XS
SM
MD
LG