Accessibility links

Қазақстан келешекте қанша уран өндіреді?


Мұхтар Жәкішев, "Қазатомөнеркәсібі" компаниясының президенті кезінде

Мұхтар Жәкішев, "Қазатомөнеркәсібі" компаниясының президенті кезінде

Қазақстан 2009 жылы әлемде уран өндіруден бірінші орынға шығуы ықтимал. Бұл туралы 22 шілдеде Алматыда «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басшысы Мұхтар Жәкішев мәлімдеме жасады.

Алайда Жәкішев сәрсенбі күні «Азаттық» радиосына осы мәселеге байланысты берген сұхбатында, егер әлемдік нарықта оған сұраныс болмаса, Қазақстанның көп мөлшерде уран өндірмейтіндігін хабарлады. Дегенмен келешекте олар шикізат шығарумен қатар, уран өндірісін жақсартуды да қолға алмақшы екен.
«Қазатомпромның» басшысы Мұхтар Жәкішевтің айтуына қарағанда биыл компания 5 жаңа кенішті іске қосудың арқасында 9 мың тонна уран өндіруді жоспарлап қойыпты. Келесі жылы олар бұл көрсеткішті 12 мың 800 тоннаға жеткізуді көздеп отыр.
- Егерде нарықта рұқсат етілсе, 2009 жылы Қазақстан Австралиямен Канаданы басып озып, уран өндіруден бірінші орынға шығады. АҚШ – тағы ядролық отын мәселелері жөніндегі апталық мәліметі бойынша, әлемде уран шығаратын елдердің арасында бірінші орында Канада, ал, екінші орында Австралия тұр. «Қазатомпром» компаниясында уран өндіру көлемінен тек бір шектеу бар, біз базардағы сұраныстан асып түсетін уран өндірмейміз.
Сондай-ақ Жәкішев «Қазатомпром» ұлттық компаниясының 9 мың тоннадан астам уран өндіре алатындығын айтып отыр.
- Қазақстан Австралиямен Канаданы басып озады. Жоспар бойынша біз 2050-інші жылы бірінші орынға шықпақ болғанбыз, бірақ көлемі көбірек 15 мың тонна болатын. Егерде базар мұндай көлемді қабылдамаса онда біз мұндай көлемедегі уранды өндірмейміз. Қалай болғанда да биыл 9 мың тонна, келесі жылы 12 мың тонна өндіруді жоспарлап отырмыз. Ал Австралиямен Канада 11 мың тонна шамасында уран өндіреді –дейді, ол.
«Қазатомпром» компаниясы Қазақстандағы уран сатуға рұқсаты бар жалғыз кәсіпорын. Оның Үлбі және Степногорск сияқты мекендерде 3 зауыты бар. Бастапқы кезде кәсіпорын неміс банкілерінің біреуінен 25 миллион доллар несие алған болатын. Бертін келе компания өз құнды қағаздарын шығара бастады. Қазір құнды қағаздардың 100 пайызы мемлекет меншігінде. Бірақ, қазақстандық уран толығымен дерлік шет елге шығарылады. Өйткені, Қазақстанда Маңғыстау облысында тек бір атом стансасы бар. Сондықтан, елдегі ішкі тұтыну мөлшері аз, дейді мамандар.
Оның үстіне, бұл атом стансасы қазір тоқтап тұр. Бірақ, болашақта атом стансасын Ақтауда салу жоспары бар көрінеді. Негізінен қазақстандық уран Ресейдің сыртында АҚШ атом электр стансаларына ядролық отын ретінде сатылады. Және Кореяға жыл сайын мың тонна уран сату жөнінде келісім жасалған. Жапония және Қытаймен келісімдер бар. Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрлігінің хабарлауынша, әлемдегі уран қорының 20 пайызы шоғырланған Қазақстан елдегі уранды байытып, оны Еуроодақ елдеріне сатпақшы.
- Біз уранды өндіріп, конверсия жасап, таблетка жасап, жылу шығаратын жиналым жасап базарға дайын өнім шығарамыз. Канадалықтармен конверсия бойынша, ресейліктермен уранды байыту бойынша және француздармен жылу шығаратын жиналым жасау зауыты бойынша жасалған келісімдер Қазақстанға болашақта соңғы өңдеу сатысынан өткен өнім экспортымен айналысуға мүмкіншілік береді. Яғни, «Қазатомпром» компаниясының барлық экспорты шикізаттан тыс болады», дейді «Қазатомпром» президенті.
Мамандардың есебіне қарағанда қазір Қазақстандағы уран қоры әлемдегі қордың 20 пайызын құрайды. Тек барлаудан өткен қордың арқасында Қазақстан 1 миллион тонна уран шығара алады. Ал, әлемде жыл сайын уранның 5 мың тоннасы іске жаратылады. Демек, Қазақстандағы уран қоры арқылы әлі көптеген жылдар бойы табыс табуға болады, дейді мамандар. Бастысы Қазақстандық уранды табу жолы басқа елдермен салыстырғанда оңай, сондықтан, оның өзіндік құны да айтарлықтай жоғары емес деген де пікір бар.
XS
SM
MD
LG