Accessibility links

Сағи Бейсембеков: «Мен туралы айтылып жатқанның барлығы өтірік»


Сағи Бейсембеков, Тараз қаласының жедел-жәрдем ауруханасының бас дәрігері, 28 шілде, 2008 жыл
Сағи Бейсембеков, Тараз қаласының жедел-жәрдем ауруханасының бас дәрігері, 28 шілде, 2008 жыл

Бүгін дәрігер Сағи Бейсембеков осыған дейін «Литер» газетінің тілшісі Зарина Нокракбекованың «мені зорламақ болды» деп айтқан сөзінің шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді.

"Сіздер білесіздер, кейбір басылым беттерінде мен туралы журналистің жарияланған бір мақаласы үшін "оны зорламақ болыпты" деген сыңайдағы ақпараттар жарық көрді. Өзімнің жауапкершілігіммен мәлімдеймін -мұның барлығы өтірік. Және, қисынға сәйкеспейді.

Өз еркіңмен қызметтен кетпесең, басқаша жолдармен солай істеуге мәжбүр етеміз
Өздеріңіз ойланып көріңіздерші, қызметке тағайындалғаннан кейін екі апта өткен соң, «Литер» газетінде жарыққа шыққан әлгі мақала менің қызметтегі абыройыма қалайша нұқсан келтіреді? Өйткені, ол уақытта газет бетінде айтылған кемшіліктерге менің жауап беруім мүмкін емес еді.
Жергілікті журналистердің жасаған үндеуінен соң, жұмыс телефоным арқылы маған белгісіз біреулер хабарласып, аты-жөндерін айтпастан «Өз еркіңмен қызметтен кетпесең, басқаша жолдармен солай істеуге мәжбүр етеміз» деп ескертті. Менің пікірімше, бұл журналист белгісіз адамдардың қаруына айналып отыр. Осы қызметте отыруымды қаламаған олар сол қызды пайдаланып жатқан тәрізді.
Ия, мен «Литер» газетінің тілшісімен соның өтініші бойынша кездескенімді жасырмаймын. Ол өзінің облыстағы белгілі журналист екенін және көп адамдардың оны танитынын айтып, оңаша жерде кездескісі келетінін жеткізді. Қызмет бабымда маған қажет болатын ақпараттар білетіндігін айтқан соң, көп ойланбай оның ұсынысымен келістім. Кездесу барысында екеуара жүргізген әңгімеміздің мәні жоқ екенін түсінгеннен кейін қонақ үйді тастап шығып кеттім»,- деп айтты Сағи Бейсембеков.
Баспасөз мәслихатының соңында Сағи Бейсембеков журналистерге "сіздердің тараптарыңыздан қойылатын сұрақтың аз емес екенін біліп отырмын, бірақ мені де түсініңіздер, осында айтылатын әрбір сөзім «Литер» газеті тілшісінің тағдырына кері әсер ету мүмкін",- деді.
23 шілде күні Тараз қаласының бір топ журналистері бас дәрігердің Зарина Нокракбековаға зорлық жасамақ болғандығын айтып, Қазақстан Журналистер одағына, «Әділ сөз» қоғамдық қорына және тағы басқа мекемелерге үндеу жариялады. Әуел баста Нокракбекованың өзі Сағи Бейсембековтың бұл әрекетін 13 ақпан күні «Литер» газетіндегі «Бізге емделуге келмеңдер» деп аталатын сыни мақалаға қайтарған кегі деп түсіндірді.

Әсіресе, журналистің бұл сөзі жергілікті басылымдарды айтпағанда, республикалық деңгейдегі газеттерді де бей-жай қалдырмай, олардың басым бөлігі осы оқиғаның желісі бойынша көлемді мақалаларды жарыққа шығарды. Газет беттеріндегі Нокракбекованың сөзіне сүйеніп жазылған мақалалардың көбісінде бір жақтылық аңғарылып тұрды.
Сағи Бейсембеков, Алматы қаласы 28 шілде, 2008 жыл
Бұл оқиғадағы түсініксіз бір жағдай – Нокракбекованың «Литер» газетіндегі мақаласынан соң, ол қалалық «Знамя труда» басылымына Сағи Бейсембековты сипаттап, тағы бір мақаланы жарыққа шығарыпты. Онда былай делінген: «Жылдың басы аурухана қызметкерлеріне жағымды оқиғалармен басталды. Жаңа басшы ретінде Сағи Бейсембеков тағайындалды. Энергиясы мол жас маман бірден өз қызметіне кірісті. Жақын күндері аурухананың бірнеше бөлімшесінде жөндеу жұмыстары басталмақ. Тағамның әжептеуір жақсарғанын емделушілер де айтып жатыр. Ал жағымды өзгерістер кез келген адамға қуаныш сыйлайды».
Мен Сағи Бейсембековты мақтаған жоқпын

Назира Нокракбекова "Азаттық" тілшісіне берген сұхбатында бұл жөнінде былайша баяндап берді:
-Өткенде осы мәселеге байланысты «Азаттық» радиосының сайтында шыққан мақаланы оқып шықтым. Бейсембековтың радиоға берген сұхбаты мен бүгінгі баспасөз мәслихатында айтқан сөздері мүлдем ұштаспайтынын байқаған шығарсыздар деп ойлаймын. Одан соң өз-өзін ақтап алу үшін мұндай шаралар ұйымдастыруы - оның құқығы. Қазіргі кезде сөз таластырып жатудың керегі шамалы деп ойлаймын. Барлығын уақыт көрсетеді.
Ал «Знамя труда» басылымына шыққан мақалаға келетін болсақ, соның алдында мен өте ауыр халде ауруханаға түсіп қалған болатынмын. Өмір мен өлімнің ортасында болдым. Дәрігерлердің арқасында ауруханадан аман-есен емделіп шыққан соң, Сағи Бейсембеков маған хабарласып, «алда медицина күні келе жатыр, осы мерекеге орай, біз туралы жақсы бір мақала шығарып берсең қайтеді» деген ұсыныс айтты.

Мұны сол жерде қызмет істейтін кез келген дәрігерден сұрасаңыз болады. Және, ол газетте мен Бейсембековты мақтағаным жоқ. Бар болғаны ауруханадағы бүгінгі жағдайды айтып бердім. Одан соң, «Литер» мен «Знамя труданы» салыстыруға болмайды. Бұл екеуі екі түрлі газет. Облыстық бұл газетте сыни мақалалар еш уақытта жарық көрмейді. Мен сол газетте қосымша қызметкер ретінде істейтіндіктен әлгі мақаланы бас редакторыммен келісіп, жазып бере салдым.
Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев «Азаттық» тілшісіне берген сұхбатында бұл мәселені былайша баяндап берді:
XS
SM
MD
LG