Accessibility links

Тележұлдызға айналған жас имам


Мұхаммед Асираф, малайзиялық "Жас имам" телебайқауының жеңімпазы

Мұхаммед Асираф, малайзиялық "Жас имам" телебайқауының жеңімпазы

Малайзияда жаңа тележұлдыз пайда болды. Жергілікті «Астро Оазис» телеарнасы ұйымдастырған «Жас имам» телебайқауы күтпеген жерден ел тарихындағы ең танымал телехабар атанып отыр. X-Factor сияқты белгілі жобаға ұқсас жарыста 26 жасар бойдақ имам Мұхаммед Асираф шілденің 30-ы жеңімпаз атанып, «ел мақтаған, қыз жақтаған» жігітке айналды.


Жас мөлшері 18 бен 27 арасындағы он жігіт он апта бойы қырағатпен Құран оқу, мәйіт жуу, қой сою, ажырасып жатқан ерлі-зайыптыны
Жанкүйерлер Мұхаммед Асирафты құттықтап жатыр. Куала-Лумпур, 30 шілде 2010 жыл
қайта қосу сияқты шариғат пен фиқһ мәселелері бойынша түрлі тапсырмалар орындап шыққан. Апта сайын бір қатысушы жарыстан шығып қалып отырған. Куала-Лумпурда өткен байқауды бүкіл Малайзия халқы көз алмай тамашалады.

Шілденің 30-ы күні кешкісін финалға жеткен екі қатысушының бірі ретінде 26 жасар Мұхаммед Асираф жеңімпаз атанды. Оған федералдық аймақтардың бірінде имам қызметі ұсынылды. Оның үстінде Асираф Меккеге қажылыққа бару жолдамасына ие болды, және Сауд Арабиясындағы Халықаралық Мәдина университетінде тегін дәріс алатын болды. Асираф Малайзияның Пулау Пинанг провинциясынан шыққан. Телекөрермендермен бірге қатысушыларға бас қазы ретінде Малайзияның бұрынғы мүфтиі Хасан Махмуд төрелік жасап отырды.
"Жас имам" байқауының жеңімпазына жүлде тапсыру сәті. Куала-Лумпур, 30 шілде 2010

Ақтық сайыста білімі мен шешендік өнерін сынаған екі имам Мұхаммед Асираф пен Хизбур Рахманның бәсекесі Куала Лумпурдағы бас мешітте өтті. Мешіттің ішіне сыймай қалған көрермендер үшін сыртқа алып мониторлар орнатылды. Финалға елге белгілі діни қайраткерлер мен дін істері жөніндегі министр көрермен ретінде қатысты.

Малай тілінде «Имам муда» деп аталатын имамдар телешоуының Facebook әлеуметтік желісінде 50 мыңнан астам жанкүйері бар. Олардың көпшілігі – бойжеткен қыздары үшін болашақ күйеу бала қарап жүрген әйел адамдарға ұқсайды.

Шоудың ұйымдастырушысы Изелан Басар тележоба
Мұхаммед Асираф телестудияда хабарға дайындалып тұр. Куала-Лумпур
осындай деңгейде танымал хабарға айналады деп ойламағанын айтады. Бұл имамдарды жарыстыру ғана емес, Исламды көрермендерге жаңа жолмен насихаттау деп санайды Басар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG