Accessibility links

Монополист тұтынушылардың ақшасын қайтарады

  • Аруна БУЛАТОВА

«Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы».

«Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы».

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті монополист кәсіпорын - «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясымен» соттасып, жеңіп шықты. Енді энергетиктер тұтынушылардың 40 миллионнан астам теңгесін қайтарып беруге тиіс.

Қосымша қуат қосуға ақша жинап, араны ашылған монополистпен күресуден жалыққан кәсіпкерлер Петропавл қалалық мәслихатының депутаттары мен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаковқа шағымданған болатын. Депутаттардың сұрауы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті электр тарату компаниясын тексерген кезде, бірқатар заң бұзушылықтардың беті ашылды.

Дау туғызған мәселе – қосымша қуат қосуға мұқтаж сегіз кәсіпкерден 40 миллион теңгеден астам кепілдік жарнаның алынуы. Монополист қосылатын қуаттың 1 киловатына 24669 теңгеден сұраған. Тексеріс барысында белгілі болғанындай, олардың аспаннан алған бұл сомасы да, жалпы, кепілдік жарна жинағандары да заңсыз.

Оның үстіне, Петропавлда электр желілеріне қосылатын қуат бірлігінің төлемін анықтау үшін қажетті жоспарының жоқтығынан, монополист басқа облыстардағы осындай төлемнің орташа құнын ала
«Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясының» диспетчерлік бөлімшесі.
салыпты. Және онысын жергілікті атқарушы органмен келісіп бекітпепті де.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Бирюкованың айтуынша, бұл – «Табиғи монополиялар туралы Заңды бұзып, тұтынушыларға қызмет қолжетімділігінің шарттарын таңу болып табылады. Қосымша қуатты қоспаса, өз бизнесі белшесінен шығынға бататын болғандықтан, монополистке бір өзі 2 миллион теңге төлеген кәсіпкер Александр Кондратовтың адвокаты Павел Афанасьев:

- Петропавлда осы күнге дейін жылу және электр желілерін дамытудың жоспары жоқтығынан, жиналған кепілдік жарнаны пайдаланудың мақсаты да жоқ және ол міндетті емес. Егер жоспар болса, онда бұл ақшаның қайда жұмсалатыны нақты жазылар еді, - дейді.

Кәсіпорынның тұтынушылардан өз шығынының орнын толтыруды талап етуге еш хақысы жоқ. Жиналып алынған 40 миллион теңгеден астам кепілдік жарнаны тексерушілер дәл сондай қарымақы деп
бағалады. Монополистің «келісімшарт талаптары орындалмаса, нысан электр желілерінен ажыратылып тасталады» деген қоқан-лоққысы да ережеде қарастырылмаған болып шықты. Монополияға қарсы департамент мамандарының айтуынша, тұтынушылар көбінесе мүлдем жарықсыз қалудан қорқып, заңға қайшы келісімдерге қол қоя салады.

Тағы бір гәп – заң бойынша шағын және орта бизнес субъектілері қосымша қуат қосуға төлемақыдан босатылған. Өйткені ондай шығындар тарифке енгізіледі екен.

«Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясының» цехы.
Монополияға қарсы департамент осындай кемшіліктерді анықтап, кәсіпорынға оларды жоюды, келісім-шартқа өзгертулер енгізуді және тұтынушыларға ақшасын қайтарып беруді бұйырған еді. Бірақ монополист кәсіпорын сотқа шағымданды.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің жуырда тағайындалған директоры Марат Мұстафин:

- Мемлекеттік органның айтқанын орындамай, қит етсе сотқа шағымдану – Солтүстік Қазақстан
облысындағы монополистердің ерекшелігі. Қазақстанның басқа өңірлерінде кәсіпорындар шешімдерді сөзге келместен орындайды, - деді.

Сот кәсіпорынның департамент ұйғарымын заңсыз деп тану туралы талап-арызын қанағаттандырмай тастады. Бірақ «СевКазЭнерго Петропавл» кәсіпорынының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Вячеслав Савенковтың айтуынша, талапкердің бұл шешімді бұзу үшін апелляциялық шағым беруіне әлі уақыт бар. Бірақ, оның сөзінен ұққанымыз – кәсіпорын бұл құқығын пайдаланбайтын сияқты. Өйткені, Вячеслав Савенковтың айтуынша, қазір тұтынушыларға ақшасын қайтарып берудің тетігі жасалып жатыр.
XS
SM
MD
LG