Accessibility links

Бердімұхаммедовтің бүйрегі Бейжіңге бұрып тұр


Түркіменстан – Қытай газ құбыры құрылысының символикалық көрінісі. 30 тамыз 2007 жыл.

Түркіменстан – Қытай газ құбыры құрылысының символикалық көрінісі. 30 тамыз 2007 жыл.

Түркіменстан сыртқа газ тасымалдау жолын көбейтуге уәде бергенімен, таяу уақытқа дейін ол жайлы нақты жаңалық болмаған. Жақында ғана президент Гурбангулы Бердімұхаммедов барлық бағыттағы энергетикалық экспорт жолдарын атап айтып, Ресей арқылы өтетін солтүстіктегі дәстүрлі бағытты айналып өтті.


БАЛАМА ЖОЛ ІЗДЕУ

Осыған дейін Түркіменстан энергетикалық жоспарларына сәйкес өзінің мұнай мен газ экспортына қатысты Ресейдің ықпалын азайтуға дайын екенін байқатып келген. Сонымен қатар Ашхабад оны баламалы жол ретінде қарастыратынын да білдірген болатын.

Осы жолы, атап айтқанда, тамыздың 12-сі күні Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов энергетикалық сала өкілдерінің
Түркіменстанның мұнай және газ тасымалдау бағыттарының картасы.
басын қосып, елдің энергия қуатын экспорттау жолдарын диверсификациялау саясатын талқылағанда, өз стратегияларында батыстық компаниялармен ынтымақтастықты күшейту, Қытаймен келісімдерге басымдық беру жағы айтылды. Әдеттегі энергетикалық әріптесі Ресей мен еуропалық Nabucco («Набукко») жобасы аталмады.

Түркиялық энергетикалық сарапшы Мехмет Сейфетдиннің айтуынша, Түркіменстан энергетикалық әріптестерін Мәскеуді ашуландырмай-ақ көбейтіп отыр.

«Түркіменстан өзінің сыртқы байланыстарында тепе-теңдік саясатын көрсеткісі келеді. Әрі Түркіменстанның оған қатысты Ресейдің қысымына жол бергісі келмейтінін көріп отырмыз. Егер Ресейді теңгеріп ұстағысы келсе, батыс елдерін, әсіресе АҚШ-ты да теңдестіру керек болады. Бірақ қандай да бір түсінбестіктерге жол бермеу үшін Түркменстан АҚШ компанияларымен жақын байланыстағы Парсы шығанағындағы елдермен де біраз келісімдерге қол қойды».

ИШАРАНЫҢ ҮЛКЕНІ

Бұл жерде ең сенсациялық жаңалық - Бердімұхаммедовтың Түркіменстанның батысындағы Небит-Даг мұнай-газ кенішін дамытуда шетелдік компанияның жұмыс жасауына жол беретін келісімдер жасауға нұсқау беруі болды.

Бұл келісім жасалса, Италияның Eni («Ени») компаниясы Түркменстанда келісім-шартқа ие болған Қытайдың CNPC компаниясынан
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов пен Иран президенті Махмуд Ахмадинежад екі елдің арасын жалғайтын екінші газ құбырының ашылу салтанатында. Түркіменстан, 6 қаңтар 2010 жыл.
кейінгі екінші шетелдік компания атанады.

Осыған дейін Ашхабад табиғи ресурстарын дамытуда шетелдіктерді сыртқа тебетін, батыстық компаниялардың осындай келісім-шарттарды иеленуі қиынға соғатын.

Түркіменстанның Каспий жағалауын дамыту мәселесін талқылай келе, Бердімұхаммедов өз ұстанымдарын жұмсартып, АҚШ компаниялары – Chevron, TX Oil, ConocoPhilips-пен қатар Біріккен Араб Әмірліктерінің «Мудабала» компаниясының да ұсыныстарын қарауға дайын екенін танытты.

Түркімен президенті сонымен бірге экспорт жолдарында оңтүстікке қарайлап отырғанын ашық білдірді. Ол үкіметтің ресми өкілдеріне жыл соңына дейін ТАРІ «Түркменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан» газ құбыры жұмысын бастау үшін қажетті шаралардың бәрін қолға алуды тапсырды.

Сонымен бірге Бердімұхаммедов жаңа газ экспорты туралы ашып айтпаса да, Иранға газ тасымалдауды күшейту мәселесін де қозғап қалды.

ҚЫТАЙДЫҢ ҮЛЕСІ

Ал түркімен газын ең көп тұтынып отырған шығыстағы Қытай туралы айтқанында президент Бердімұхаммедов, «Оңтүстік
Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан және Қытай президенттері осы төрт мемлекеттің жерімен өтетін түркімен-қытай газ құбырының ашылу салтанатында. Самантепе, Түркіменстан, 15 желтоқсан 2009 жыл.
Йолотандағы» газ кенішін игеріп жатқан Қытайдың жылына 40 миллиард текше метр газ сатып алатын келісімін атап өтті.

Болжамдарға қарағанда, Оңтүстік Йолотандағы 14 трилион текше метрге жететін табиғи ресурстар Еуропаның газ қажеттілігін 20 жылдан аса уақытқа дейін өтей алады.

Түркіменстан үкіметі газ кеніштерін дамытуға кімдер қатысатынын немесе көгілдір отынның нақты қай бағытқа тасымалданатынын айтпады. Бірақ ол тізімде болуы мүмкін Қытай «Оңтүстік Йолотан» кенішін дамыту үшін өткен жылы Түркіменстанға 3 миллиард доллар несие берген.

РЕСЕЙ МЕН NABUCCO СЫБАҒАСЫЗ ҚАЛДЫ

Бердімұхаммедовтың газ-мұнай саласындағы жоспарында совет заманынан бері Түркіменстанның экспорт жолдарын өз бақылауында ұстап келген Ресейдің аталмауы қатты байқалып отыр.

Ресей мен Түркменстанның газ байланыстары 2009 жылдың басында баға дауына қатысты салқын тартқан. Көктемде түркімен газын Ресейге жеткізетін ірі құбыр жолында жарылыс болған соң, екі жақтың қарым-қатынасы ширығып кетті. Газ тасымалы тоқтап, екі ел
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов (оң жақта) пен Ресей президенті Дмитрий Медведев. Түркіменбашы, 13 қыркүйек 2009 жыл.
бірін-бірі айыптады. Ақырында Ресей жаңа келісім жасаған.

Енді Бердімұхаммедовтың Ресей туралы сөз қозғамауы – екі жақтың байланыстары әлі жақсармағанының белгісі, әрі Түркіменстан тұтынушыларды Ресейден тыс жерден іздей бастағанын байқатады.

«Росбизнес» кеңес беру агенттігінің өкілі Александр Яковлев бұл тек бизнес қана деген пікірде:

«Өнім беруші, пайдалы қазбалардың, табиғи ресурстардың иелері әріптестікке құрлықаралық, мемлекетаралық корпорациялардан, әлемдік энергетикалық алып елдерден көптен шақырады. Тұтынушылар бәсекелестік негізде, тиімді жағдайлармен өздеріне өнім берушілер табуға тырысады».

Түркімен президентінің жоспарында Еуропа Одағы қолдап отырған Nabucco құбыржолы жобасы туралы да айтылмай қалды. 3,300 шақырымдық жоба бойынша Еуропа елдеріне жылына 31 миллиард текше метр газ жеткізеді делінген Nabucco-ға өнім беруші ретінде Түркіменстанның қатыспауы мүмкін емес дегендер де бар. Бердімұхаммедов Nabucco жобасына қатысушы бірде-бір компанияны атамады.

Түркімен жетекшісінің энергия көзін тасымалдау жолын диверсификациялауға қатысты мәлімдемесінен кейін Еуропаның энергетикалық қажеттілігін де ұмыт қалдырмайтын сыңайы байқалды.

Тамыздың 12-сінде Бакуде бірінші мәрте түркімен газы «Баку-Тбилиси-Жейхан» құбыржолына жөнелтілді. Бұдан бөлек Түркіменстанның Каспий теңізіндегі Челекен кенішінен қосылған мұнай Еуропа Одағына тасымалданбақ. Тасымал 36,500 баррель мұнаймен басталып отыр, бірақ оны айына 1 миллион баррелге дейін жеткізу жөнінде айтылған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG