Accessibility links

Пентагон Пәкістанның шекара күшіне қолдау жасамақшы


АҚШ әскерилері Пәкістанның шекарадағы күшінің оқу жаттығулары мен жабдықтарын қаржыландыруын екі есеге арттырмақшы. Ол Ауғаныстанмен шекарадағы жартылай әскери күштерге арналып отыр.

Пәкістанның шекара корпусы елдің батыс аймағындағы Ауғаныстанмен шекаралас 1,500 шақырымнан аса жерді қорғауға жауапкершілік алған. Хабарларға қарағанда, 60 мың жартылай әскери күштің 14 бөлімшесі шекараның Солтүстік батыс провинциясында болса, Белуджистанда 13 бөлімше құралған. Ол жасақтар Пәкістан Армиясы басшылығының, мемлекеттік және шакара аймағы министрлігінің нұсқауымен әрекет етеді.

Пентагонның пәкістандық шекара корпусына көбірек қаржылай қолдау көрсету ұсынысы Пәкістанның солтүстік батысында оқу жаттығу орталықтарын құруға үндеп отыр.

Сонымен қатар, ол қолдау содырлардың әрекетін бақылау үшін Пәкістанның Ауғаныстанмен шекаралас бөлігіне бақылау орталықтарын құруға шақырып отыр. Дәл осындай бекет шекараның Ауған жағында орналасқан. Пентагонның айтуынша, ол сонымен қатар, Пәкістанның шекара корпусына жабдықтар алу үшін қосымша қаражат қажет етеді. Ол керекті деген заттардың ішінде, каскалар, броножилеттер мен түнгі қорғау көз әйнектер бар. Ол қаржылай қолдау жоспары Пәкістанға қару-жарақ немесе әскери жабдықтар жеткізбейді. Жалпы айтқанда, АҚШ-тың Қорғаныс департаментінен Пәкістанның жартылай әскери күштерін 2008 жылы қолдауға 97 млн доллар сұралды.

Пентагон өкілі Джефф Морреллдың айтуынша, Құрама Штаттар әскерилері Пәкістан Армиясынан гөрі, пәкістанның тайпалық аймағы ішіндегі Шекара күштері сынды жартылай күштермен жұмыс істеу көбірек тиімді деп біледі.

Моррелдің сөзіне қарағанда, Пәкістан Армиясынан да жартылай әскерилер басшылығы көбірек шекара аймағындағы тайпа жетекшілерінің құрметіне ие. Өйткені, шекара корпусының әскерилері аймақты жақсы білетін жергілікті адамдардан құралады. Олар тайпалық аймақтағы тұрғындардың сеніміне кірген, олардың тілімен сөйлейді.

Пәкістанның қаржылай ұсынысы Пәкістан президенті Первез Мушаррафтың қол астында ядролық қаруланған елдегі саяси тұрақсыздық тұсында әрі тайпалық аймақта исламшыл жауынгерлер кең орныққанына Құрама Штаттар алаңдаушылығы артып отырғанда жасалып отыр. Пәкістан президенті Первез Мушаррафтың елде төтенше жағдай тәртібін енгізгеніне қарамастан, ауған-пәкістан шекара аймағындағы қақтығыстар ушығып барады.

Бұл арада АҚШ заңшығарушылары арасында пәкістандық жасақтардың шекарадағы тауларда тығылып жүр делінген әл Қаида және талибан жауынгерлерімен соғысы қанша уақытқа жалғасады деген алаңдаушылық та бар. өткен аптада Уашингтонда АҚШ-тың Штаб басшылары біріккен комитетінің басшысы, адмирал Майкл Муллен Пәкістанның саяси дағдарысы елдің ядролық қарулар қауіпсіздігіне қатер туғызып отырғаны жайлы еш белгілер жоқ деген. Оның айтуынша, мушаррафтың елде төтенше жағдай тәртібі пәкістандық күштер мен АҚШ әскерилерінің арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізіп жатқан жоқ.

“Операциялар алаңдаушылық тудырып отырғандықтан, біздің қарулы күштерден-қарулы күштерге байланысымыз, әскери жетекшілер арасындағы диалогымыз жалғасып отыр. Және мен орын алған төтенше жағдай шараларының нәтижесінен ешқандай бұзылған жайтты көрмей тұрмын. Мен сондай-ақ, бұл тұрғыда Пәкістан бойынша қандайда бір қисынды істе үзіліс болғанын көрмей тұрмын. Әлбетте, біз бұл аймақтағы әрбір саланы бақылау үшін уақыт кетіріп отырмыз. Сол себепті біздің Пәкістанмен әскери байланысымызда үлкен өзгеріс жоқ. Біз оны өте ыждахатты түрде бақылап отырмыз. Біз әлбетте, төтенше жағдай тәртібі мүмкіндігінше тезірек тоқтатылғанын көргіміз келеді. Бірақ, мен әскери тұрғыдағы жағдай тұрақты деп білемін”.

Муллен айтып өткендей, Пентагон бұл Пәкістандық шекара күштеріне қолдау таныту жоспарын, Уашингтонда белгілі бір сенім деңгейіне қол жетпейінше, жүзеге асыруға тырыспайды.
XS
SM
MD
LG